Ситора Ахрор
Тəңірден тілеген тілегім,
жасып жүр босқа жүрегім.
Адал дос іздеп жаһаннан,
жылаумен өтті түндерім.
Жатырқап жаным арсызды,
Жүректегі сенімді жар сызды.
Сатқындық жасап сенгенім,
арсыздығына таң қылды.
Жаудан қорықпан пейілі анық,
Достан қорқамын пейілі ғəріп.
Сүріндірер түзу жолда да,
байқаусызда аяғыңнан  шалып.
Көңілге жара түскен соң,
кешірім сұрама, түстен соң.
Ерімейді жүректегі мұз,
қатпар-қатпар  қатқан тоң.
Дос деп, көңілімді бергенім,
Кінəм емес, кінəм емес -  ол менің.
Төмендігі бəлкім тарлығы,
сен сенген сендік өренің.
Көңіл тереземді босқа қақпаңдар,
Жазықсыз жаныма жала жаппаңдар.
Тəңірден медет сұраймын тек қана,
жолыма құрсаңдар қақпандар.
 
Тәжік тілінен аударған  Мейірхан Мейрамбекұлы