"Қарасы мен көзiмнiң ағысың" деп,
Айналса анам, тұратын намысым кеп.
Сандығымның түбiнде жатыр ендi,
Сағынышқа аӣналған сары сурет.
Кешегi мұң кеудемдi тесiп тұр-ау,
Келешекке бастайтын есiк мынау.
Қара шалдың қойнында өскесiн бе,
Қадiрiңдi, анашым, кеш ұқтым-ау.
Бал күнiмдi сағындым алыс кеткен,
Түнередi тiл қатпаӣ таныс көктем.
Қарашаны жек көрем, анамды алып,
Тағдырымды табытқа салып кеткен.
Жетiм өлең, жүректi тепкiлеме,
Тəңiр соққан көнесiң көп дүреге.
Маңлайымнан сипауға тиiс қолдар
Топыраққа айналып кеттi неге?!
Маңлайыма бiткен мұң мың қатпарлы-ау,
Сол күндерден жүректе жұрнақ қалды-ау.
Аялы қол баптаған алма бақ та
Аяулысы кеткесiн қурап қалды-ау.
Сары сурет, сары мұң, сағым жылдар,
Сандығымның түбiнен табылдыңдар.
Базынасын айтқысы келгендеӣ боп,
Бала күнiм алыстан қолын бұлғар.
Жұпар иiсi желдей бiр жұмақта ескен,
Шақалақ ек шымшықтаӣ тымақта өскен.
Тұмарымның қорықпаӣ киесiнен,
Тымағымның иесiн кiм ап кеткен?
Тiзгiнiне тағдырдың таласар кiм?
Айдай толдым десем де, аласұрдым.
Жұлдыздарға жыр оқып жатар ма едi,
Шапанына оранып қара шалдың.
Жазылар-ау жылдардың жарасы алда,
Əз анам да келмейдi, қара шал да.
Қара жолдың үстiне түсiп алып,
Құбылаға көз алмай қарасам ба?...
Қара шалды қоӣған жер санамда тұр,
Анау саӣдың iшiнде анам жатыр.
Тұрлауы жоқ тiршiлiк бiткен күнi
Тұрағымды сол жақтан табам да ақыр.
Бұған дейiн бұл шердiң бəрi iшiмде ед(і),
Сансыз ойға салдың-ау сары сурет.
Тұлпар-жырды жiбердiм көкке ұшырып,
Тағасынан сорлы анам танысын деп...
Жыр тумаӣды-ау жүрекке жүк түсiрмей,
Сары сурет бетiне тамған жасқа
Жауқазыным қараӣды түк түсiнбей.
Жарығым-аӣ, жанарың тұнық қандаӣ!
Толқын мұңды болдым ғоӣ ұмытқандаӣ.
Құӣтақандаӣ қолыңды неге создың,
Сары сурет iшiнен сыр ұққандаӣ.
Жасқанбаӣ-ақ ала ғоӣ - сенiң мұраң,
Санаң жетпес дəл бүгiн сенiң бұған.
Шаршап жүрмiн, алысты аңсап жүрмiн,
Шаттығыма бiр күнi шомылдырам!
Авторы: Асан ҮСІПОВ