Жүректің мынау,
Соққаны баяу,
Сені іздеп жаным, тұншықтым жасқа, сағына,
Аллаһтан күнде,
Ұйықтамай түнде,
Сені іздеп көмек, сұраймын жаным, жалына.


Шер тұнып кеудем,
Елестеп бейнең,
Көл болып аққан, сағыныш жасқа, малына,
Ай жүзің жаным,
Ып-ыстық жалын,
Алаулап ағып, дем берер менің, қаныма.
Жүрегім қатты ауырсынды-ау,
Сезбеймін ішем, махаббаттың мынау,
Талғамай жұттым, уы ма әлде балыма,
Айнымай серттен,
Келсеңші еркем,
Жүрекпен сүйіп, ұнатқан менің, жаныма.
Сені шын сүйем,
Сен үшін күйем,
Алтыным, жаным, жаралғансың ғой бағыма,
Күйді ғой жүрек,
Болсаңшы тірек,
Келемін шыдап, Тағдырға жаным, бағына!

Ерлан Арыстанбай