Сырғып ағып,өтіп жатыр неше күн,
Тірлігімнің өңі қашып сарынды.
Бар жарықты елемей- ақ кеше түн,
Айдың аппақ сəулесіне малынды.
Көктем гүлі қарады айға айна қып,
Сол гүлден де нəп-нəзік қой жүрегім.
Кетем кейде сол гүлді кеп айналып,
Өз бейнемнің көргеннен соң сүретін.
Қалмасам деп обалына өлеңнің,
Жетпейді ме, бар ісімді шегерем.
Құны да ақ адал іске төлемнің,
Соны айтып түртті тағы пешенем.
Абайсызда қара түннің қойнына,
Тастап кеттім бір мұңымды кеше мен.
Санады ма əдейліктің ойнына,
Төнді көктен түсі суық безерген.
Түн көркіне жасырынған сан күнə,
Əне біліп жымыңдап тұр жұлдыз да.
Таттыңыз ба менің мұңым бал сірə,
Сіз ашуланбасаңыз екен түн мырза.
Тебіреніс
Бейуақыт жеткен іңірде таңда өлеңдер,
Болар ма егіз дәрменсіз соққан жүрекке.
Кетсінші көріп, қиялда жанған кемеңгер,
Үрейлі әуен,күйуге таман тұр өкпе.
Жанарда мұңдар сырғанақ тебу үшін де,
Айналып жасқа еленбей неге сырғыды.
Өкініш тұнған әр шықтың әрбір түрінде.
Тоқтамас уақыт сонда да алға жылжыды.
Міндетті қалам айғыздау керек қағазды,
Қағаз бен қағаз айналмас мүлдем сияға.
Айғыздап жатыр адамдар неге адамды?!
Адасты неге адамдық кеткен қияға!
Сіңсе де жерге млярдтық жаман атаулар,
Айналып тұрғой өз осьі әлі өзінде.
Күн келсе егер жамауға келмес жамаулар,
Өртеніп кетер қарада тұршы төзім де.
Тəуелдімін Тағдырымның Бағына
Қайтіп жаным тек тыныштық күй кешсін,
Бұл жалғанды сергелдеңмен сүргесін
Түйреп ,тырнап өңешіме тығылған.
Мен өлеңді жек көрмедім,сүйгесін.
Жек көрмедім,махаббатты,адамды,
Қабыл алдым мейрімі жоқ ғаламды.
Сонда да мен жақпаймын ба өмірге?
Білмеді ме,сезбеді ме бағамды !?
От қылатын ,жоқ қылатын əсерін,
Мен жайында біліп алды Əлде кім.
Мұнша қиын болады ма,япыр-ау!?
Билеу деген бір жүректің əлегін.
О,жүрегім енді гəрі жаңылма,
Тағы менің қайау салма жаныма.
Ғашықтығым өмірге мен соншалық ,
Тəуелдімін тағдырымның бағына.
Тəуелдімін жаратушы жолына...
***
Жүрек бар ма мұң шарабын ішпейтін.
Ақымақтау болсаңыз да сіз мейлің.
Сағындың ба? Сүйесің бе? Деп мүлдем,
Сұрамаңыз Білмеймін.
Қарайласам жүрегімнің маңайын,
Зор қайғыны көтермес ол.Алмайын.
Өмір қанша əділетсіз болса да,
Мұңаймаңыз Əрдайым.
Сізді қатты жақсы көрем күмəнсіз,
Бар ма біреу бұл сезім де кінəсіз .
Мені оңай алжастырған есінен,
Бақыттысыз сірə сіз.
Ақырына үңілмей-ақ бұл жайдың.
Сізді ешбір жамандыққа қимаймын.
Мені адал сүйгеніңіз үшін де,
Сізді қатты сыйлаймын.
Тұншықтырып сезімімнің жолдарын.
Сіз айтқандай бір сыр үзіп Жолдайын.
Білмеп едім өлімнен де тым ауыр,
Ұмытудың оңайын...
Баян Дүйсенқожа
11 сынып оқушысы