Болған оқиға желісімен...
Ғани ƏЛИХАН
Айтқанымдай Ерланның мектептен қуылып кеткенін мен өзімнің үлкен жеңісіме баладым . Ол үшін қуанбасам өкінетіндей ойым болған жоқ . Алайда осыдан соң сынытас жігіттердің маған деген көзқарасы өзгере бастады . Тіпті бұрынғыдай сүйсіне қарамақ түгіл үрпие қарайтынды шығарды.
Мен ақымақ сонда да мұның сырын түсінбедім . Өзімше мыналар менен қорқады деп ойлаумен ғана болдым . Сол үшін де ,сол баяғы бетпақтық баяғы тәкаппарлыққа басып айқайға салып жүребердім . Бір күні мынандай бір қызық жағдай болды . Сабағым бітіп үйге кіріп келсем , мамамның жанында екі кісі отыр . Бірі сол Ерланның мамасы ,ал екіншісі жасы жетпіске таяп қалған ауылдағы кәрі кейуана кемпір . Есіктен бас сұққаным сол екен,мені құшақтап алған әлгі кейуана айналып толғана сөйлей жөнелді .
- Қызым кешірші , енді қайталанбайды . Баланың бір еркелігін кеше ғой. Ғафу етейін . Ақылды қызсың ғой . Алла бағыңды берсін . Маржанның баласына өте қиын боп тұр . Басқа мектепке оқуға тым алыс . Білесің ғой ауыл алшақта орналасқан . Басымды иіп алдыңа өзіміз кеп тұрмыз . Кешіре ғой баланы - деп жалына бастады . Оны тыңдайтын мен бе, құшағынан сытылып шықтым да өз бөлмеме барып есігімді іліп алдым .
Қанша жалынсада жақ ашып ләм - мим деместен жатып алдым . Ақыры менен жауап болмасына көздері жеткен екеуі үйден шығып кете барды . Мен сорлы болсам мұны да тағы бір жеңісім деп ойладым . Ақыры Ерлан қайта оралмастан кетті . Облыс орталығына жұмыс істеуге кетті деп естігенмін , сол кеткеннен мол кетіп, соңғы қоңырау да ғана бір ақ келді .
Ал ол кездерде менің досымнан, дұшпаным көбейіп басымнан бағым таюға аз ақ қалған еді . Осылайша тайраңдап жүріп мектебімді бітірдім . Соңғы қоңырау соғылып жылап ,сықтап мектеппен де қоштастық . Сонан соң алдымызда кім қай қалаға, қай салаға оқуға түседі деген ой тұрды . Әрине менің таңдағаным әсем қала Алматы болды . Оған бір емес бірнеше себептер де болды . Біріншіден , Алматы ол Алматы. Еліміздің бұрынғы астанасы . Алатаудың баурайында орналасқан көрікті де көркем қала . Екіншіден , Алматыда оқиды деген сөз өзіміздің Ордаға қарағанда әлдеқайда мәртебелі сөз . Үшіншіден , облыс орталығы болған Ордада мен өлердей қорқатын екінші ағам оқиды . Демек бұл қалаға келу мен үшін өз аяғыма өзім тұзақ құрғанмен бірдей . Ал Алматыдағы ағам осы жыл оқуын тәмамдайды , демек ол ауылға қайтады , орнына мен барамын . Қысқасы кедергі болар бұл ағаммен де жолымыз түйіспейді . Осының бәрін ой елегінен өткізе келе таңдау Алматыға келіп тірелді .Бұған үйдегі анам мен әкем де қарсы бола қойған жоқ . Есесіне жиған тергенінің бәрін қолыма ұстатып ақ батасын беріп шығарып салды . Қысқасы сол күні кеште Алла деп тұрып ағам екеуміз Алматыға жол тарттық . Жас күнімде бір рет барғаным болмаса бұл қала маған мүлдем бейтаныс еді ...
Әсем Алматыға келген соң ,қаланың көрікті жерлерін аралатып көрсеткен ағам ,кешке қарай бұрын өзі жалдап тұрған пәтерге әкелді . Бұл бір қатарға соғылған аласа бойлы ұзын үй времянка деп аталады екен . Өзі кішігірім бір бөлме, осының ішінде тамағыңды дайындап ,кіріңді жуып әрі жатады екенсің .Мұндайды ойламаппын алғаш көргеннен ақ шошып кеттім . Өйткені мына үйге қарағанда менің ауылдағы үйім жұмаққа тең . Сол үшін де мына жерде тұрғым келмейтінін айтып ағама жалына бастадым . Бірақ қаладағы көпқабатты үйлердің пәтер ақысы өте қымбат екенін ,және де мен оқитын оқу орныма осы жерден тым жақын екенін түсіндірген ағам айтқаныма көнбей қойды . Амалым бітіп шарасыз күйде осында қалудан басқа жол жоқ екенін түсіндім . Сонымен не керек ауылдан ала келген кітаптарымды шығарып, алдағы болатын емтихандарыма дайындала бастадым . Бірақ қаншама құнттап оқуға тырыссамда миыма түк қонбай қиялымның бәрі ,бүгінгі көрген қаламның көрікті жерлерінде болды .
Тіпті осындай қалада тұрсам деген ой миымнан шықпай қойды . Сонымен не керек кітаптың бәрін атып ұрдым да тәтті қиялға батып ұйқыға кеттім . Сол жатқаннан мол жатып таңертең көзімді ашсам ,біздің бөлмеде бейтаныс екі қыз отыр .Өзіммен жастары қарайлас осы екі қызбен әп сәтте ақ танысып әңгімелесіп кеттім . Бірінің аты Әлия екіншісінің аты Меруерт . Екеуі де Жамбыл облысының қыздары .
Сонда ғана көңілім орнына түсіп жаным жәй тапқандай болды . Содан кейін міне осы қыздармен он күндей бірге тұрып бірге дайындықты бастадық . Арадан апта өтпей алғашқы емтиханға қатысып үшеуіміз үш түрлі көңіл күймен пәтерге оралдық . Өйткені менің алатын бағам өзіме аян , билеттегі бес сұрақтың бірде біріне дұрыс жауап бере алмағаным өзіме белгілі .Меруерт болса төрт сұраққа дұрыс жауап бергендігін айтып мақтанғандай болды . Ал Әлияның жайы тіпті бөлек . Бес сұрақтың бесеуіне де дұрыс жауап беріп, бақандай бесті арқалап келді . Қысқасы ә дегеннен ақ мені қырсық шалды . Сауатымның жоқтығы өзіме сор боп жабысып алғашқы емтиханнан ақ екіні арқаладым . Тек ағамның араласқаны ғана абыройымды сақтап қалды . Таныстары арқылы деканға шығып, сол кісі көмектесетін боп шешті . Сонымен көп өтпей екінші емтихан болып, оны да үшке әрең тапсырдым . Осыдан кейін ғана көңілім жәйланып жай тапқандай болды . Алайда арадан қанша күн өткені есімде жоқ, үшінші емтиханнан тағы да ұштым . Енді менің деканның алдына өзім кіруден басқа амалым қалмады . Әрине ағамның танысы арқылы ,ол маған ешқандай қиындық тудырмады . Кіріңіз деген рұқсаттан соң ,бойымды түзеп айнаға бір қарап алдым да есікті тақылдатып кіріп бардым . Міне енді қызықтың көкесі басталды . Жас шамасы елуден кеткен ақбас сары кісі мені көргенде аузы ашылып қатты да қалды . Көзілдірігін төмен салып жіберіп шұқшия қараған деканым :
-Тпәй тпәй , көз тимесін , не деген сұлулық! Мынау актриса болуға лайықты екенсің дей келе , жігітің барма еді қозым ? - деп қойып қалды .
Әкемдей адамнан мынандай сөзді алғаш естігенде шалқамнан түстім . Не дерімді білмей сасқаным соншалық , орнымнан тұрдым да шығып қаша жөнелдім . Бірақ алысқа бара алмадым . Өйткені :
- Әй қызым , қайда барасың ?Кел бері -деп шәңкілдеп шыққан декан дауысынан кейін басым салбырап қайта кірдім . Осыдан соң ғана әңгімеміз менің оқуым жайлы өрбіді . Аты -жөнімді жазып алған ақбас сары болса ,міндетті түрде көмектесетінін айтып уәдесін үйіп төгіп шығарып салды . Алайда декансымақ крышамнан да пайда болмады . Қысқасы арманымның күл талқаны шығып мен оқуға түсе алмай қарабет болдым .
Тап осы сәтсіздік менің алдағы өмірімді түбегейлі өзгертіп жіберді . Енді маған ауылға қайтып бару өлімге теңдей көрінді . Айша оқуға түсе алмай қайтып келіпті деген сөзді сыртымнан естуді ойлап , қалай болғанда да осы Алматыда қалуды ойлай бастадым . Ол аздай өзімнен төмен санайтын сауатсыз Әлияның Ордадағы жоғары оқулардың біріне түсіпті деген хабарды естігенде ,жанымды қоярға жер таппай тағы қиналдым . Өйткені сол Әлияға сен оқуға түсу түгіл , бай да алмайды деп талай сөккенім бар . Осылайша өмірімнің астаң- кестеңі шығып, бап шаппай бақ шапқанның кебін кидім .Оның үстіне бір бөлмеде тұратын бейтаныс қыздардың екеуі де оқуға түсіп ,мен ғана жүзіқараның біріне айналдым .
Міне осыдан соң ,менің барар жеріммен басар тауым қалмады . Қалай болғанда да бар ойым ,осы Алматыда қалу болдыда тұрды. Ал ауылға қайту жайлы тіпті де ойламадым . Өйткені ауылға барардай абыройым қалмай , “мені тастап кет жұмыс істеп келесі жылы міндетті түрде оқуға түсемін” деп ағама жалына бастадым . Бұл сөзіме үзілді -кесілді қарсы шықса да жербауырлап жатып жалынып жылап та алдым .Тіпті ағамның , ауылға жүр әке- шешеммен ақылдасып алайық сонан соң қайта әкеліп жұмысқа тұрғызамын деген сөзіне де қарсы шығып бет қаратпадым . Егерде ауылға барсам асылып өлемін маған өмір сүрудің қажеті жоқ, осында қаламын деген соң, қаламын деп қоқан лоқы жасадым .Ал ағам болса жанымды түсінсе керек, менің сөзіме басын изеп келісімін бергеннен басқа амалы қалмады .Келіспей қайтеді менің шатақ мінезіме әбден қанық, дегенімнен қайтпайтынымды жақсы түсінеді . Міне осыдан соң ,өзара ақылдаса келе маған жұмыс іздеуге кірісіп кетті . Көп іздеп әуре болмадық алғашқы барған жерден ақ жұмыс табылып пәтеріме жақын маңдағы кафелердің біріне даяшы боп жұмысқа тұрдым ...
Жалғасы бар...