Болған оқиға желісімен...

Ғани Әлихан

Сол күні кешке дейін тағатсыздана күтсемде хат берген күзетшім қайтып келмей хабарсыз кетті . Неге келмеді екен , әлде қандайда бір жағдай болып қалмаса жарар еді деген ой , түніменде ұйқы бермей мазамды алды . Тап сол кезде үй күзетшілерінің өзіндік қатаң заңы бар екенін мен білмеген соң түсінбедім . Өйткені кезекті тапсырып кеткен күзетшілердің шақырусыз қайта келуге қақысы жоқ екен . 

Бұл да бір қауіпсіздік үшін қарастырылған қағиданың бірі болғаны ғой . Демек кім болса да Болаттың досынан дұшпаны көп адам екені анық . Әйтпесе осыншама күзетпен , қырағы көз камералар , тіпті үйді қоршаған төрт метрлік дуал неге керек .Өзі де бір қарағанда өте суық қасқайып тұрған қайсар Арланды елестеткенімен , өз өміріне келгенде бұқпайлап қана бүркеніп жүретін сүмелек сужүрек боп шықты ғой . Міне бүгін көктемнің алғашқы күні басталды . Осыдан сегіз күн бұрын кеткен Болаттан әлі хабар - ошар жоқ . Осы кеткенде тіпті молынан кетті . Мүмкін мені де сыртымнан сөгетіндер бар шығар. Бірақ мынау мен күткен өмір емес . Бұл жәй ғана далбаса өмір . Мұндай байдың да байлықтың да барынан жоғы жақсы . Шыдамның да шегі бар ғой , қашанғы қу жастықпен құшақтасып қу басым жата бермекпін . Мынандай даңғарадай үйде жалғыз жатып жалғыз тұру деген , ол қиынның да қиыны . Оны біреу түсінер біреу түсінбес , бәлкім мен өз жолымнан адасқан жаман қыз шығармын. Ал егер бәрі де мен ойлағандай боп шыққанда ше ? Онда менің үстімнен күліп , мені басынуға ешкімнің де аузы бармас еді .

Осының бәрін өз бақытымды іздегеннен бастадым емес пе ? Қашанғы жетер - жетпеспен жүріп өмір сүремін .Өйткені , үй көрмей , күні - түні тынымсыз еңбектеніп жүрген әкеммен - шешемді көріп отырмын ғой . Әкем қырық беске , шешем қырық үшке келседе тым болмаса осы Алматыға бірге қыдырып көріп па ? Мен есімді білгелі міне осы . Әйтеуір бір жетпейтін жоқшылықпен таршылық . Ал менің кінәм сондай өмірді түбегейлі өзгертіп құтылсам дегенім болды .Таршылықта өмір сүргім келмей қарсыласып бақтым . Сонан болар ақшалы ауқатты азамматты іздедім . Сондай еркектің жары болсам деп армандадым . Міне мен сондай адамды таптым ғой . Бірақ ...бірақ ол шынттап келгенде мен ойлағаннан мүлдем басқаша адам боп шықса қайтейін . Ең сорақысы сол мен тапқан адам құшағыма түнемегені не сұмдық ? Олда құрсыншы төсек маңызды емес дейік , ал енді сол адаммен болашағыңа қалай қарайсың ? Өйткені менің осы екі айда түсіне алмағаным осы нәрсе . Не мен оның қатыны екенімді, не ол менің байым екенін аңғара алмай басым қатты . Бай деген тым болмаса түнде  келіп қатынының қойнына кіріп жатпаушы ма еді ? Ал бізде ше ? Егер тәңірдің таңы тағы да бір ататын болса, онда мен өз байымды көрмегеніме он күн толады . Ал енді маған мұндай өмірдің де , байдың да керегі жоқ .

Өйткені міне тағы да сол , бозарып барып таң атты . Бірақ мен төменге түсіп таңғы асты ішуге асықпайын . Кешегі күзетшім әне - міне дегенше келіп қалады . Соны күтейін . Қазірше терезе ернеуіне шығып біраз отыра тұрайын . Әне - әне алыстағы жолдан бір машина келе жатыр . Бұл менің күзетшім болса керек . Не болсада жағымды жаңалық алып келсе болғаны . Тап осы сәт көз алдыма Оралханның құрыштай бейнесі орала кетті . Не деген әдемі , не деген тегіс дене . Шіркін -ай , мына менің сұлу мүсінімнің иесі осы Оралхандай жігіт қой . Кәрі шалға қалып қор болған тәнім мынандай жігітке түскенде қайта гүлдеп шыға келетіні анық . Өзі де менен кет әрі емес . Жұмсағанға жеңіл әрі тым момын жігіт . Егер бүгін де Болат келмейтін болса Оралхан арқылы кегімді қайтарамын . Егерде солай болып жатса онда Оралхан мені мына жерден құтқарады .

Жолын тауып шығарып алып кетеді . Мен оған қарсы емеспін өйткені өзіме өте сенімдімін . Тек Оралханның көңілінде аздап сенімсіздік бар сияқты . Мүмкін сенбей де жүрген шығар . Егер сәтін салып құшағыма бір рет тартсам болды ,ол маған құдайындай сенетін болады . Өйткені оның тілі онан сайын қысқарады . Менің алдымда бір кінәлі болса, Болаттың алдында тағы да кінәлі болады . Бірақ ол үшін мен , Оралханды бірінші боп сөйлеп , бірінші боп құшақтауға мәжбүрлеуім керек . Ал құшақтап жабыса салса аздап қарсылық танытып сонан соң ерік беруім керек . Міне бұл әйелдердің керемет пайдалы тактикасы . Ал ол болса еркек , еркек болғандада ессіз еркек . Содан соң еміреніп алып ,айдағаныңа жүре беретін сорлы еркекке айналады .

 Құрсын қатты ойға баттым ау ,тіпті үйдің алдына кеп тоқтаған көлікті де байқамаппын . Жалт қарағанымда бойы ұзын ,үстінде сол жылдарда әлі модадан қала қоймаған адидас спортивкасы бар Оралханмен тағы да бір күзетші түсіп жатты . Қуанышым қойныма сыймай төбем көкке жетті . Әне - әне мойнындағы сөмкесін қолына алып күзетшілер кабинкасына кіріп бара жатыр . Әрі кетсе жарты сағат . Үйдің айналасын екі күзетші бірге айналып тінтіп шығады да , бірі таңғы асқа кіреді . Меніңше бүгін Оралхан екінші боп асқа келеді . Егер жауабымды ала келген болса солай жасауы керек . Өйткені бірінші асқа келген күзетші барған соң ғана , екінші күзетші қайтады . Екінші боп келсе көбірек уақыты болады . Бірақ оған Оралханның  миы жетсе ғана . Негізі маған бәрі бір , келсе болды ғой . Әйтеуір екеуі бірге келмейтінін білемін . Оған қатаң тиым салынған . Ал таңғы асты кеше кеште дайындап кеткен Ханымша апай кеш келеді . Оған күмәнім де жоқ . Өйткені өткендегі айқайдан соң менен сұранатын болып жүр . Баласы ауырып мазасызданып жүрген соң” мақұл “дей салғанмын .

Демек кедергі болар бір күзетшімен камералардан басқа ештеңе жоқ . Міне көп күттірмей кезекті ауысым болды . Сөмкелерін арқалаған екі күзетші көлікке отырып тайып тұрды . Бәрі мен ойлағанымдай болды . Оралхан іште қалып анау күзетші ас үйге қарай беттеді . Ал енді шыда Айша , шыдай тұр . Әрі кетсе жиырма минут шыдашы . Мына күзетші шығып құрысыншы . Әлде  барып қуып шықсам ба екен ? Жооқ ! Олай болмайды . Ол күдік тудыруы мүмкін . Тыныш қана кабинкаға қарап отыра тұрайын . Міне , міне нағыз еркек , нағыз азамат . Кабинкасында отырып мені көрген  Оралхан сыртқа шықты . Көз қиығын салып қарап - қарап алды да жаттығу жасай бастады . Ал мен одан көзімді алар емеспін . Тіпті есім кетіп еліре бастадым . Көк көрпеге кіріп , кең төсекте көсіліп жата кеткім келді . Титтей қос анарымның ұшын кезек - кезек бұрап алдым . Халатымның алдын ашып жіберіп өн бойымды өзім сипап өттім . Ернімді тістеп емірене бастадым . Сол қолыммен шашымды сипап керіле кеттім . Аяғымды айқара ашып оң қолымды төменге жүгірттім .Осының бәрін Оралханым көріп тұрса екен деп армандадым . Көз ала алмай қадалып қалса екен деп ойладым . Ал Оралхан маған көзінің қиығында салған жоқ . Қақпа жаққа қарайлап қойып жатып тұрып жаттығуын жалғастыра берді . Тек анда - санда бір қарағаны болмаса , әрі қарай менімен шаруасы болмады . Бұл менің қозған денемнің әп - сәтте ашуын шақырды . Қаным басыма шауып көгере бастадым . Мұндағыларға не болған , еркек емес өңшең ездер екен ғой деп күбірлеп ұрсып бердім . Ашу қысқаны сонша аулада аңдыған камералар барын да ұмыттым . Оралханның сол үшінде қадала қарай алмағанын түсіне алмадым . Ақыры шыдамым бітіп , терезеден секіріп түстім де асханаға жетіп бардым . Абырой болғанда таңғы асын ішіп болған күзетшім шығып бара жатты . Сонда ғана басылдым . Өз өзімді тәртіпке шақырып Оралханды күттім . Көп ұзамай ол да жетті . Сәлем деп айта сала сұрақты жаудырдым . Естуімше Роза апайымды таппаған . Ол кафеде жаңадан келген администратор жұмыс істейді екен . Айтуына қарағанда ауылға кеттім деп осыдан бір ай бұрын кеткен . Содан қайтып оралмаған . Енді келмейді екен . Міне осыдан соң менің күдерім үзілді . Ол апайымды бір жолғы жоғалтқанымды түсіндім . Ендігі менің жанашырым болатын осы Оралхан ғана . Басқа сенетінім жоқ , тіпті сүйетінім де жоқ .

Демек осыдан айрылмауым керек .

 - Ал енді  асыңды ішіп ал да маған кел , сонда күтемін .Жасаған жақсылығыңа рахмет . Өз-ара сөйлесетін шаруамыз бар . Тездетші өтініш дедім де зып бердім . Ештеңе түсінбеген күйі ол қала берді . Мен болсам бөлмеме келіп көсіле түсіп төсегіме құладым . Тәтті қиял құшағына кіріп күтіп жата бердім . Арадан жиырма минуттай өтер өтпес келе жатқан аяқ дыбысын естідім . Осылайша біз екеуміз үшін сыналар сәт туды . Ал аяқ дыбысы адым сайын жақындай түсті ...

  Есігімді қақпай кіріп келген аяқ дыбысынан шошып түсіп орнымнан атып тұрдым . Өйткені бұл мен күткен күзетші емес ,  сүмелек Болат еді . Сұмырай жаңа ғана жоқ еді, қайдан пайда болды екен ? Мұның да келетін күні бар екен- ау . Бұл да еркек боп қатын іздейтін болғаны ма ? Қаршадай қызды күттіріп зарықтырып қойғанын білеме екен ? Бойым тырсып ашуға мініп кеттім ғой , күтпеген жерден сұрақты үйіп төгір дүрсе қоя берсем бе екен ? Бірақ мынаған сөз шығын ау . Еркек емес ездің өзі ғой. Әйтеуір тірі жүрген бұқаға ұқсайды . Ез демей не дейін , міне қазір де бұрынғысына басып айна алдына өтіп шешіне бастады . Не сәлем жоқ , не сауқат жоқ бетіме бажырайып қарағаны болмаса үн жоқ . Нағыз тасбауырдың өзі емеспе ? Тым болмаса келіп ернімнен сүймесе де бетімнен сүйсеші . Мынандай қалың ерін қалыңбет еркекке менің шиедей ернім обал - ақ . Мұндайда не істеріңді білмей қалады екенсің , сол қатқан күйі жапқышқа оранып әлі тұрмын . Мені айнадан көріп тұрсада мына сұмырай міз бақпайды , тіпті айналып бір қарамайды . О тоба ! Мынандай еркекке кім шыдайды , тағатым таусылып тағыда әңгімені өзім бастауға көштім  -  Қайда жүрсің , қайдан келдің , көзім төрт болды ғой- деп шәңк ете қалдым . Мұндайды күтпеген болса керек

 - А чьё ? -деп маған бұрылып қадала қарады .

Көзі қандай сұсты еді , қорыққанымнан

 - Ничё ,жәй  сағынып кеттім- деп күлімсірей қарап алдамақшы болдым . Міне осыдан соң қасыма жақындай түскен Болат сөзін бастады .

 - Бүгін түс қайта қалаға барасың . Күзетшілердің бірі апарып келер . Қалаған дүкеніңе кір де , қалаған киіміңді сатып ал .Ал таңертең салонға бар , шашыңды жөнде . Ертең кешке екеуміз қонаққа барамыз . Ол жерде үлкен - үлкен сыйлы адамдар болады . Қысқаша айтқанда осы Алматының дөкейлері болады . Солардың алдында Ханшайымдай көрінуің керек . Өйткені сен менің кішкентай ғана Ханшайымымсың .Ал қазір төменге түс , таңғы асыңды іш . Аш қалған шығарсың . Мен біраздан соң түсем , деп тұтқалы телефонға жармасып әлдекімдердің нөмерін тере бастады . Арадан көп өтпей біреулермен таза орысшалап шүйіркелесіп сөйлесіп жатты . Халатымды иығыма тастай сала мен де төмендегі асханаға тарттым . Мынандай сөзді күтпеген едім . Ойға батып келем . Не киемін , қандай киім кисем болады ? Мұндай отырыстарға джинсы , юбка дегенді киюге болмайтын шығар . Анау сериалдарда етегі шұбатылған әдемі қымбат көйлектер көруші ем , сондай алып кисем бе екен ? Бұтымнан тастамайтын тоз -тозы шыққан джинсимен ұят қой ? Негізі мен ұзын көйлек соңғы үш төрт жылда киген емеспін . Екі ағам екі жаққа кеткеннен соң , көйлекті тастап джинсимен ,миниге ауысқан болатынмын . Әсіресе мини юбка қатты жарасатын . Көргенде сүйсінбейтін , сұқтанбайтын еркек болмайтын . Тіпті әкем қатарлы ауыл ағалары да мойындарын бұрып қарайтын . Ол кезде мұның бәрі мен үшін мақтаныш боп көрінетін . Ал мына Алматының орны бөлек . Мұнда ұзын көйлек киген қызды мүлдем көрмейсің . Сондай ақ жәй ғана арзан - арзан шалбарларды киіп жүрсе де өздеріне қатып кетеді . Жараса кетеді . Міне бұл мен туып өскен ауылмен қаланың жермен көктей айырмашылығы . Менің де қалалық болғым келгені осыдан ғой . Тек орысшаға шорқақтығым болмаса салоннан шыққан соң қаланың қыздарын шаң қаптырарым сөзсіз .

Қысқасы аяңдап басып асханаға жеттім . Не болып кеткен өзі ? Ханымша апайым да осында жүр . Бұл кісі қайдан келе қойған ? Ертең кеш келемін деп сұранған еді ғой . Ал мына отырған жүндібарақтар кімдер ? Бұлар қайдан келген ? Мыналардың түрінен адам шошырлық екен . Болатпен бірге келгендер болса керек . Әнебіреуінің түрі тіпті қазаққа келмейді ғой . Кавказдық па бірдеңе болса керек . Өйткені сол кавказдықтарды жүнді келеді деп естушң ем , мынауың сондай болғаны ғой . Бір қызығы бұлар неге менімен жарыса амандасып жатыр ? Неге орындарынан тұрып қатып тұр ? Расында да мен ауыл қызынан нағыз Ханшайымға айналғаным ба ? Обалына не керек осының бәрі Болаттың абыройы ғой . Соның арқасы ғой . Әйтпесе мына үшеуі тұрып мені тарпа бас салудан да тайынбайтын сияқты . Оны өздерінің түрлері де айтып тұр емес пе ? Қой құрсын , асты кейінірек ішермін . Кері қайтып өз бөлмеме қарай ұша жөнелдім . Жақындай түскенде барып Болаттың әлдекімдермен сөзі жараспай жатқанын түсіндім . Телефондағы сөздері жақсылықтың нышаны емес . Түсінігімше , осы Алматының ішіндегі бір маңызы бар базар жайлы сөз болып жатыр . Қысқасы пока я живой , вам ни копейки и ни цента , а вы попробуйте -деп барып Болат сөзін аяқтап тұтқаны қойды . Сонан соң ғана мен өз бөлмеме кірдім . Алайда Болаттың ызалы түрін көргенде есік алдында қаттым да қалдым . Құрсын енді қайттім ?

Не дейін ? Не дей аламын ? Өйткені атағы жер жарып Алматыны алақанында ұстап тұр деген Болатқада қарсы шабатындар бар екенін ұқтым . Әрине мұның соңы ешқандайда жақсылық болмасы анық . Қоя салайын . Он екі мүшем сау тұрғанда бұл жерден жоғалайын .Ертең ақша беріп дүкенге жіберем деген . Сол ақшаны алайын да тайып тұрайын . Құдайдан тілегенім болсын , Оралханмен жіберсе болды . Соның ауылына қашып барсақ іздесе де таба алмас . Оның үстіне әркіммен бір арпалысқан Болаттың бізді іздейтін уақыты да болмас . Шыда Айша ! Ертең ақ бұл пәледен құтыласың . Сосын мына күніңнің бәрі артта қалып жаңадан өмірің басталады . Осындай ойымды Болаттың даусы бөліп жіберді .

 - Тамақ іштіңба?- дейді .

 - Жоқ , ішпеймін- деп бұртидым .

 - Неге ішпейсің?- дейді

 - Ішкім келмейді , ішпеймін- деп қасарысып төсегіме құлай кеттім . Енді менің басымнан сипай бастаған Болат әңгімесін айта бастады .

 - Қазір менің қонақтарым бар , соларды жіберейін , шұғыл шаруалармен келіпті .

Оған дейін сен ұйықтап деміңді ал . Сосын мен келемін . Екеуміз жақсылап тұрып сөйлесеміз . Өзіңді қатты сағындым ғой , тәп - тәтті Ханшайымым менің- деп бетімнен шөп еткізіп сүйді де орнынан тұрып кетті . Қап , меніңде еркелей бастағаным сол еді , мына сұмырай тағы да кетіп қалды . Осылайша мені жалғыздық қайта басты . Тамағын ішіп тезірек келсе екен деп тағатсыздана күтіп жата бердім . Бірақ Болат тағы да молынан кетті . Азанғы ас бітіп түстік кез болды . Терезеден қарап машинасы тұрғанын көрсем де Болаттың өзінен хабар болмады . Қолымнан келгені сарғая күтіп жату ғана болды . Шарасыз күйде қозғалмастан көп жаттым . Соңында шыдамым бітті . Өзім тұрып іздей бастадым . Асханада жоқ . Тіпті әрбір бөлмені бірме - бір қарап шықтым . Есік болса бәрін аштым . Мен іздеген Болат зым - зия жоқ . Айнала тым - тырыс , құлақ кескендей тыныштық . Амалым таусылып көшеге атып шықтым . Мені көрген екі күзетші тұра жүгірді . Оларға қосарласа екі төбет жүгірді . Әп - сәтте апан - топан басталды да кетті . Болатты тауып беріңдер- деп айқайға бастым . Менің шәңкілдеп шыққан дауысыма ырылдаған төбеттердің үні қосылды . Осылайша аула іші айқай шуға толды . Сонда ғана бірінен соң бірі үйден атып шығып жатқан адамдарды көрдім . Ал олардың соңынан аяғын сүйреп басып , маған қарсы келе жатқан Болатты да анық көрдім .

Көрдімде көздерімді тарс жұмып сылқ түсіп отыра кеттім ...

   Сол күнгі Болаттың құшағында түнеудің тағы да сәті түспеді . Түскі асты төсегіме тартқызған Болатым түс қайта тағы да құрыды . Ештеңе түсінбеген күйі мен қала бердім . Аспазшы апайға барып мән жайды сұрғаннан кейін ғана есім кіре бастады . Сондағысы мынау . Осы екі қабат үйдің астында мен білмейтін тағыда екі қабат үй бар екен . Онда Болаттың өзіне ең жақын достарымен ақыл кеңес құратын бөлмелері бар екен . Ендігі менің ойым сол бөлмелерді өз көзіммен көру . Кім бар , не бар осында екі ай тұрып мен білмейтін бұл қандай бөлмелер ? Сырт көзге көріне бермейді , демек іші сырға, не мұңға толған бөлмелер болғаны ғой . Не болса да сонда барып өз көзіммен көрейін . Әйтеуір үстіңгі екі қабаттан қанша іздесемде тірі жан таппағаным рас . Сөйтсем оның сыры төменде жатыр екен ғой . Көрейінші қане? Қысқасы аяғымды ақырын басып , мысықша ұрланып сонда беттедім .

Төменге түсетін баспалдақ біразға дейін апарғанымен әрі қарай жол жоқ . Оның үстіне жарық көзінен алыстай түскенім тағы бар . Қол созым жерде дәу қара құлып салынған темір есік көрініп тұр . Жай ғана жақындап алған соң тоқылдатып ұра бастадым . Бұл есіктің қаттылығы сонша тіпті саусағымның сырты ауыра бастады .Бірақ қанша ұрсам да , арғы жақтан тірі жан дауыс бермеді . Мүмкін бұл да шойынмен қапталып құйылған есік шығар . Мұндай есікті кинодан көргенім болмаса мен байғұс көзіммен көріппін бе ?

Ал енді бұл есіктің мынандай үйге не керегі бар ? Қақпа алдында екі күзетшісі болса , екі жағында екі дәу төбеті болса тіпті үйді айнала қойылған қырағы камераларымен төрт метр биіктікте қоршаған дуалдары болса , кімді жау алады ? Қой құрсын бәріде құрсыншы . Он екі мүшем аман тұрған да жөніммен кетейінші . Мына Болат сау сиырдың боғы емес . Мына есіктің арғы жағында не боп жатқанын кім білсін ? Мүмкін көздері мөлиіп Алладан ғана көмек күтіп тұтқында отырғандар бар шығар ? Тұтқын демекші тап мына менде сол тұтқынның бірімін ғой . Өйткені осы екі айда өз аяғыммен анау қақпадан әрі шығып көріппін бе ? Қайдан ғана тап болдым екен . Айтқандай , ол ертең мені қалаға жіберетін күн . Мұнда жүріп уақыт жоғалтқанша өз бөлмеме барып сол жоспарымды құрайын . Не істеу керек ? Қалай қашу керек ? Тіпті маған сол қымбат киімдер керек пе ? Қанша ақша береді екен ? Ол жағы да белгісіз . Тек Оралханмен жіберсе болғаны . Өйткені мені бір құтқарса сол Оралхан ғана құтқарады .Айтқандай Оралхан қайда жүр өзі ? Таңертең соны күтіп жатқанымда мына сұмырай кіріп келген жоқ па еді ?

Түскен ізіммен қайта көтеріліп далаға шықтым . Шықтым да жан - жағымды шолып көзіммен іздей бастадым . Себебі дауыстап шақыруға болмайды . Ал қол бұлғап шақыру деген тіпті мүмкін емес . Әне анау кабинка ішінде қараңдап отырған екеудің бірі Оралхан болуы керек . Өз бөлмеме шығып терезеден ымдамасам мұнда тұрғаннан пайда жоқ . Ақырын басып екінші қабатқа жеттім . Сонан соң төмен қарап терезеден көз жүгірттім . Құдай - ай көп күттірмей Оралханым шығып маған қарап көз жүгіртті . Міне құдай берді деген осы .Қол бұлғап шақыра бастадым . Көп күттірмей , ентіге басып Оралханым да жетіп келді .

 - Болат саған ештеңе айтқан жоқ па ?-деп құшақтай алдым . Бұл ол үшін күтпеген жағдай .Оралханым тұрған орнынан ыршып түсіп

 - Жо - жоқ -деп кейін қарай шегіншектей берді . Мен оны жібермедім . Тас қылып құшақтап алып

 - Қайда кеткенін де айтпадыма?- деп қайта сұрадым .

 - Жоқ айтқан жоқ , қойыңызшы енді -деп зар илеп зәресі ұшты .

 - Мен сені сүйемін , түсінесің ба ? Тап осы жерден мені алып кетші . Сосын мәңгілік сенікі болайын деп көз жасымды төгіп тұрып , қос тізесін құшақтап отыра кеттім . Жаралы жанға жаны ашыған болса керек , енді мені қолтығымнан демеп Оралханым өзіне тарта бастады . Ыңғайына көніп мойнына жабысқан күйі сүйретіліп барып орнымнан тұрдым . Қарсыласуға шамасы қалмаған ол да менің ерніме сүлікше жабысты . Осылайша тапа тал түсте күтпеген жерде алаңсыз майдан басталды .

Болатқа қарағанда ширақ екені көрініп тұр .  Жас жігіттің жұлқына түскен соққысы менің есімді кетірді . Тіпті киімімді шешіп үлгірмедім . Қанжардай қадалған бұйымтайы бойымнан бар күшімді ала кетті . Айналамның бәрін ұмытып талықсып құлай бердім . Сонда ғана өзімді алғаш рет еркек атаулының құшағында сезіндім . Тап осы сәтпен , осы кез ешқашан бітпесе екен дедім . Таң атқанша осылай жалғаса берсе екен деп армандадым . Жұмған көзімді ашуға шамам келмей естен танғандай болдым . Жаным деген сөзін естігенде ,  жалынышты үніммен ыңырсып жатып ернінен сүйе бердім . Осылайша ойда жоқта тез басталған тәтті сезім тез аяқталды . Құшағымнан босатқым келмесе де Оралханым түймесін ілдіріп кетуге асықты .Тек қана көңілімді қимаған болса керек , мен орнымнан тұруымды күтіп тұрды . Ал менде орнымнан тұру түгіл қозғалуға шамам жоқ еді . Өйткені нағыз еркектің құшағында езгіге түсіп естен танып жатқан едім . Сонда да қолымды созып жаным менің деп сыбырлап күлімдей қарадым . Ол сонда қолымды кеудеме қойып ернімнен шөп еткізіп сүйді де шығып кете барды . Міне мен осылайша өз көздегеніме жеттім . Құрыштай құйылған денесі бар Оралханды құрықтап тындым . О баста бұл ісіме іштей қуанғаныммен , соңында өзіммен кетпей оның да басын қатерге тіктім .Бірақ , біз екеумізге енді шегінерге жол жоқ еді . Сол күні Оралханды тағы да бір рет шақырып құмарымды бастым . Ал байсымақ Болатым сол кеткеннен мол кетіп таң ата келді . Мен оған бас көтеріп қарамадым . Тәтті ұйқымды қимаған сорлы шашымнан иіскеп жатып ұйқыға кетті . Ал менің көңілім де қарным да тоқ еді .

Енді маған мұның өзі емес тек ақшасы ғана керек болды .Соны ойлағанда ұйқым шәйдай ашылып таң атпай жатып орнымнан тұрып алдым . Ал байсымағым сол қатқан күйі әлі ұйықтап жатыр . Бұл маған ақша берсе болды ғой . Тұрса тұрсын тұрмаса қойсын дедім де аяғымды сылтып басып жалғыз өзім асханаға түстім . Әдеттегідей аспазшы тәтем таңғы асын дайындап жүр . Амандасып алып өз үстеліме жақын тұрған диванға кеп жата кеттім . Жатқанда да жәй жатпай жүрегім алып ұшып өте көңілді жаттым .Өйткені бүгін мен әсем Алматыны аралап шығатын күн . Кешегі тәтті сезім татқан түннен кейінгі , керемет күн . Алла қаласа не әрі не бері болатын күн . Осылайша ойға батқаным соншалық тіпті аспазшы апайымның сөйлеп тұрғанын бетіне қарағанда барып бір ақ ес жидым .

 - Болат барма , машинасы тұр ғой ?-дейді .

 - Ия бар -дедім керіліп жатып .

 - Асыңды ішіп алған соң сен қалаға кететін шығарсың . Дүкендерді асықпай аралап шық . Үстіңе қалаған киіміңді сатып алып ки . Тек өзіңе сай , жарасатын болсын . Бірақ абай бол . Ақшаңды ұрлатып алма . Біздің Алматыда ұры көп . Анау тоңазытқыштың үстінде тұрған ақшаны саған бер деген . Бар да алып ал қызым дегенде төбемнен жәй түскендей болды .

Мұндай көп ақшаны осы жасыма келіп ұстап көрмеппін . Белі сынып бұзылмаған жап - жасыл екі мыңдықтан екі пәшке ақша . Сол кездегі ең үлкен ақша осы екі мыңдық . Жақұттай жылтырап көздің жауын алып тұр . Қуанышым қойныма сыймай кетті . Жетіп бардым да екі пәшкені екі қалтама бір - бірден сүңгіттім . Ал енді маған керегі Оралхан ғана . Ол да осында  бар , бірақ сыртта жүр . Маған керегі сол жігіт . Содан апайыма жалт қарадым .

 - Мені қалаға кім апарады , өзім бара алмаймын ғой- деп бұртидым . Апайым болса

 - Әрине апарады . Сені Болат жалғыз жібермейді ғой . Мына күзетшілердің бірін жібереді . Ол жағын өзі айтар , ұйқысынан тұрсын . Сонда сұрарсың . Ал енді тамағыңды іш , кел отыр менің қасыма деп үстелді көрсетті . Алайда маған ас батпады . Есіл дертім Оралханмен кету ғана болды . Тағы да бір құшақтап сүйсем ғой . Тап қазір Болат ұйқысынан тұрмаса екен . Тұрмай жатып кетіп қалсам ше ? Әлде өзім барып әдейі сұрап алсам ба екен ? Жооқ , олай болмайды . Себебі күдік тудырады . Не болса да өзі айтсын . Барайын , барайын да тұр дейін . Ұйқысын қимай жатқанда жауабын алайын . Мүмкін , әй өзің білші десе ше ? Онда мен міндетті түрде Оралханды таңдаймын ғой . Ия , ия солай болғай енді . Кеттім . Жүгіріп кеп үстіндегі көрпесін жұлып алдым . Еркелеп кеп басынан сыйпап отырып жауабын алдым . Арадан жарты сағат өткенде Оралхан екеуміз Болаттың қымбат көлігінде кетіп бара жаттық .Қысқасы осы екеуінің арасындағы мысық - күшік ойыны тағы да бір айға жалғасты . Ал қос кеменің басын ұстаған мен сорлы суға кетудің аз ақ алдында тұрған едім ...

Жалғасы бар...