Болған оқиға желісімен...

Ғани Әлихан

 Жүйткіген қымбат көліктің терезесінен төменге қарап көз тастап ойға батып келемін . Көктемнің алғашқы күндері емес пе , сұлу қала Алматы көк желек жамыла бастаған кез .

Не деген әдемі қала ! Не деген сұлу да таза табиғат десеңші .Анадайдан басын ақ қырау шалған алып таулар мен мұндалап тұр . Жол жиегі жасыл түстеніп көлеңкейде ғана әппақ қарлар қалған . Құдды бір ертегілер елінде жүргендеймін . Қалтамда болса сол кездегі төрт- жүз мың теңге , астымда қап - қара түсті қымбат көлік , жеке оққағарым әрі жүргізушім тағы бар . Шыныменде нағыз Ханшайымға айналдым ба екен ? Міне бұл мен армандаған өмір емес пе ? Тек жұбымның жараспай қойғаны болмаса басқа жағынан кінә таппайтын өмір . Жұбым қалай жарассын өйткені байсымағым өзімнен жиырма үш жасқа үлкен , әкемдей адам . Әттеген - ай осыншама байлық мына отырған Оралхандікі болсаң нетті ...Өте өкінішті әрине. Осылайша екі көзім сыртқа қарағанымен бар ойым рөлде отырған Оралханда келеді . Жүйткіген көлікті тізгіндеген сүйіктім болса жәй ғана музыка тыңдап үнсіз отыр . Үйден шыққанымызға жарты сағаттай уақыт болды , ал мынау жақ ашып тіл қатпаған несі ? Ой бұл да бір сөйлемейтін сорлы еркек болды ғой , қой онанда алдына өтіп әңгіме айтайыншы деп артқы орындықтан алға қарғыдым . Әрине менің мұныма қарсы болған Оралханға сонда барып тіл бітті .

 - Орныңа қайтып өт , саған мұнда отыруға болмайды- дейді көзі бақырайып .

 - Неге болмайды , маған болады ?-дедім мен де қасарысып .

- Болмайды дедім бе ,болмайды –дедім ғой өтсейші орныңа -дейді жүрісін баяулатып .

 - Неге болмайды екен , қорқып отырсың ба , әлде мені көргің келмейме ? Іс бітті , қу кетті -дегендей танымай қапсың ғой . Әйтеуір аузыңа құм құйылып келеді , мүмкін қашқың келіп жүрген шығарсың . Сен менен құтыла алмайсың . Қазір дүкенге барамыз , киім аламыз . Сонан соң ...сонан соң қайда барамыз ? Сен қаланы жақсы білесің ғой . Ешкім жоқ жерге барайық . Әлде ...деп барып тоқтап қалдым . Мына сөзіме таңдана қараған Оралханым үнсіз қалды .

Не болады демеді ,не болмайды демеді , аузы ашылып үні өшті . Әрине бұл мен күткен жауап емес . Маған оның” мақұл “дегені керек . Әлде қорқытып жібердім бе екен ? Егер мен мына жігіттен айрылар болсам , онда мен тек Болатқа ғана қалам ғой . Өйткені кешегі берген қомақты ақшадан соң қашам деген ойымнан айнып қалғаным бар . Негізі әңгіме сол ақшада да емес . Әңгіме оның мінезі өте көнбіс , өте аңғал адам екенін де болып тұр . Өзі адамға сенгіш алдағанға көнгіш екен , демек алдап - сулап ақшасын алып жүре берсем болады .Тек  қасқайып қарсы шауып оның ашуына тимесең болды . Дұрыс емес пе ? Көңілімді көтеретін Оралхан болса , қажет ақшамды беретін Болат бар . Мұнан артық не керек маған ? Айтқандай , есімде бар да мына ақшадан ауылға ақша салайын . Сол ақшаны қалай салуды Оралхан білсе керек . Қанша салсам екен ? Елу мың ...әлде жүз мың ? Сұраса жұмыс істеп жинап жатырмын деп айта саламын ғой . Онсыз да солай деп ойлап отыр емеспе ? Бірақ онда тұрған несі бар , ақшам барса онан да сенімдірек боламын . Әкеммен шешем қызымның еңбектеніп тапқан ақшасы деп төбелері көкке жетер . Ия , ия тап қазір ақ жүз мың теңге саладырайын .Бірақ , мына сорлы неғып мөлиіп отыр ? Ерегісіп шәңкілдеп қорқытып тастадым-ау осыны , қой көңілін аулап сөйлейін . Бұл маған әлі керек қой ...

 - Жаным , қалаға қашан жетеміз , жақын маңда банк болса жол - жөнекей соға кетейікші . Үйге ақша салуым керек еді -деп сызылдым . Менің “жаным “деген сөзім жанына жағып кетті ме әлде түрпідей тиді ме білмеймін Оралханым маған күлімдей қарады . Менде қуанғанымнан мойнына асыла кеттім . Не деген сұлу жігіт ? Құлағына сыбырлап онан сайын тығыла түстім . Ол енді көлігін қалың орманға қарап бұрды . Тасалау жерге жеткенде тоқтай қалды .Орындығын шалқайтып жатқызған күйі ыңғайыма көне берді . Менің де құдайым берді . Ернінен сорып сүлікше жабысқан күйі алдына қарғып өттім . Осылайша жол - жөнекей махаббаттың майданы басталды да кетті . Ыстық демі тамағымды шарпып күйдіріп жатты . Ол маған тойымсыз көрінді . Асыға үсіге өз кофтамды өзім шешіп лақтырдым . Олда қарап қалмады . Жіңішке жібі бар іш киімімді әп - сәтте сыпырып алды . Сонан соң кеседей төңкерілген қос анарымды кезек - кезек сүйе бастады . Мұнысы менің есімді шығарды . Қынынан шыққан қанжары қанжығама бойлай қадалды . Сол сәтте шексіз тұңғиыққа еніп кеткендей боп , отырған күйі ырғала бастадым . Не деген тәтті сезім ...мм , әсіресе құлағыма  кеп жатқын тынысын айтсайш . Міне , міне мен тіпті өршіп кеттім . Бетімді бетіне басып жылдам шайқала бердім . Тоқташы ..тоқтай тұршы ...қазір , қазір жаным менің ...ышқынып барып сұлық түстім . Кеудесіне басымды салған күйі ұйықтап кеткім келді . Алайда бізде уақыт тығыз деген Оралханым қайта жолға түсті .

Артқы орындыққа өтіп менде киіне бастадым . Осылайша көксегенімді көлікте бастым . Бұл менің көлік ішіндегі алғашқы еркекпен болуым еді . Оралханды білмеймін , бірақ мен үшін өте қызық , естен кетпес әсер қалдырды . Сонан соң қатты ойға баттым . Қиялыммен кең әлемді шарлап кеттім . Не деген тылсым сезім бұл ... Не деген ләззәт , не деген құмарлық ... Жалғанды жратушының жұмбағы біткен бе ? Еркекпен әйелді екі бөліп бірі - біріне ынтықтырып қойғанын қарашы . Тек екеуіңе кедергі болатын ешкім болмаса ғой . Осы жаңадан үйленген жас жұбайлардың бастапқыда бал айы болады деп жатушы еді . Бал айы деген осы екен ғой міне . Мхм , енді түсінгендеймін . Болатпен болғанда бал айы деген қайда ? Ай түгіл құшағымда апта болып көріп па ? Өмірі үйде болмайды . Болсада бетіңе бажырая қарап қажетін бітіреді . Сонан соң қорылға басып ұйқыны сояды . Ал мына Оралхан ше , бұл дегенің керемет . Қаққан жерін қақ жаратын қазығы да керемет . Бойыңды балқытып жаныңды жәй таптыратын нағыз еркек .

Тап қазір тағыда жабыссам ба екен ? Әлде ...

Туһһһ , қалаға кіріп қойыппыз ғой . Міне мынау Алматының көшелері . Мен бала күнімнен армандаған әсем Алматы бұл . Кенеттен көк жанған бағдаршам бізге жол ашып алға жылжыдық . Оң жақтағы көк шишадан соғылған зәулім үйдің ауласына кіріп тоқтаған Оралханым - жаным , маған қарап сөйлей бастады .

 - Әне анау тұрған банк , ақшаңды сол жерден саласың . Мен көлікте отыра тұрайын , сен тездетші әйтпесе кеш қаламыз -дейді . Әрине мен ақшаны қалай жіберемін , кімге беремін білмеймін ғой үзілді - кесілді бас тарттым .

 - Жооқ , бірге барамыз , бірге жібереміз өйткені мен білмеймін , сенде жүр көрсет , үйрет маған -деп тұрып алдым . Амалы таусылған Оралхан алдыма түсе берді . Банк алдындағы ығы - жығы адамдар бізге , бір қараса онан қымбат көлігімізге бір қарап сүйсініп жатты . Сүйсінбей қайтсін біздің жұбымыздың жарасқаны сонша , тіпті  Бредд Питтпен Анжелина Джоли болмасақта , олардан кем түспейтіндей едік . Өкініштісі сол мына тобыр мұның шындығын ешқашан білмейді -ау . Ол кезде өзге емес өзімде біздің жұбымыз уақытша ғана екенін , алысқа бармайтынымызды білмеген едім . Қысқасы банктегі шаруамызды тезде бітіріп , келесі межеміз дүкенге қарап жол тарттық . Қанша жүргеніміз есімде жоқ , көп өтпей айналасы ығы - жығы көлікпен адамға толы үлкен бір гипермаркеттің алдына тоқтадық . Құдай - ау мұнда не жоқ дейсің . Сатылмайтынның өзі жоқ . Ақшаң болса болды , талтаңдап жүріп қалағаныңды сатып ала бер , ала бер . Жәнеде сол алғаныңды көлігіңе әкеп тиеп беретін тележка сүйреген жігіттер бар . Әр бұрышта қолдарында шоқпары шошайған күзетшілері тағы бар . Мына жерді өз алдына зәулім үй ішінде орналасқан кішігірім қала дерсің . Мұндайды көріппін бе , Оралханның қолынан ұстап соңынан ере бердім . Ал енді не алсам екен ? Мұндағы киім -кешек дегенің көздің жауын алады . Бірінен бірі қымбат . Сондай- ақ өте әдемі , әрі сәнді . Өз ойлағаным үстіме әжептәуір шуба алу болатын . Шертіп жүріп соны алып кидім . Бағасы 160 мың , у дай қымбат . Бірақ бағасын қайтемін , белімді ауыртып тапқан ақшам ба еді ? Ең бастысы ұнағады ғой , ала салдым . Онан үстіме көйлек , аяғыма көктемгі етік , қажеттімнің бәрін алдым . Қысқасы жұпыны боп кірген дүкеннен жадырап - жайнап шыға келдім . Сонда ғана мен ауылдың қарапайым қызынан нағыз олигархтың көңілдесіне айналдым . Міне , басыңа бақытпенен бақ қатар қонды деген осы . Таңдай қағар сұлулығымды бекерге саудаға салмаппын . Қуанышым қойныма сыймай кербез тартып дүкеннен шықтым . Сонан соң қымбат көлікке  керіле отырып жүріп кеттім . Дүкен алдындағы еркегі қатыны бәрі де , мені көзбен шығарып салып жатты . Іштей қызғанып , сыртымнан қарап қала берді . Ал маған олардың қарағаны түк қызық емес еді . Ендігі бар ойым тек Оралханның құшағында жату ғана болды . Мұны өзінен жасырмадым . Ұялмай ашық айта бастадым . Ол маған түбегейлі қарсы шықты . Мен көнбедім . Қасарысып тұрып алдым . Қысқасы , әп - сәтте дегеніме жетіп айдауыма жүргіздім . Көше бойындағы кішігірім қонақжайға тоқтатып сол жерден номер алдырдым . Арманыма айтып жеткеніме , өкінбедім . Бақыттан басым айналып ессіз жаттым . Оңды - солдың бәрін ұмыттым . Төрт құбыламды теңдей көріп жаттым  . Өйткені мен Оралханның құшағында жаттым . Әрбір қимылынан ләззатқа баттым . Үздіге үнсіз талықсып тебіреніп жаттым . Тек уақытымыздың шектеулі болғаны бізді тез айырды . Сонан соң  Көк - Төбе қайдасың деп тайып тұрдық . Жол бойы екеумізді де үнсіздік басты . Ол да жақ ашпады , мен де тіл қатпадым . Осылайша жүйткіп отырып үйге жеттік . Көлігімізді тінтіп шыққан қос күзетші қақпаны ашты . Ішке кіріп тоқтағанда күзетшінің бірі ентіге жүгіріп кеп есігімді ашты . Сызыла түсіп бұрала басып үйіме қарай жол тарттым . Жолай соққанда асханада апайым жоқ боп шықты . Әрі қарай өз бөлмеме көтерілдім . Мұнда Болат та жоқ боп шықты . Терезеден үңіліп үй алдына көз жүгірттім . Екі күзетші Оралханмен қоштасып жатты . Сәлден соң қақпаны ашып шығарып жатты . Ол енді үйден алыстай берді , алыстай берді . Қош бол жаным , ертеңге дейін деп күбірлеп мен қала бердім . Қоштасуға тіпті қимадым . Өзегім өртеніп көз жасымды төгіп - төгіп алдым . Сонан соң терезенің ернегіне шығып , телміріп отыра кеттім . Өйткені ...өйткені мен Оралханға ессіз ғашық боп қалдым ...

  Мені үйге жеткізіп салған соң Оралхан өз жөніне кетті . Ол енді келсе ертеңгі кезекті күзетке бір ақ келеді . Ал Болаттың қайда кеткенін ешкім білмейді . Кешкі асты дайындауға келген аспазшы апайымның айтуынша , ол осы Алматы маңында жүр . Бүгін түн ауа немесе таң ата келуі керек . Негізі ғой мен үшін оның үйге қайтып келмегені жақсы . Себебі , ертең мен сән - салонына барамын . Шаш қидырып өзіме - өзім күтім жасатамын . Мұны маған Болаттың өзі айтқан . Өйткені , ертең кешке қандай да бір бас қосуға мені ертіп бармақшы . Әй қойшы соны , не болсада бүгін келмей ақ қойса екен ... егерде келмесе , таңғы асымды ішер - ішпестен Оралханды аламында тайып тұрамын . Демек , жас жігіттің жалындаған құшағына жатуға  тағы да бір мүмкіндігім бар .Ал енді бүгінгі шопингті мақтан тұтып болдым . Алғанымның бәрін аспазшы апайыма көрсетіп бердім . У дай қымбат бағасын айтып   бәрінде бірме - бір бәтуалап шықтым . Бірақ аспазшымның сөзіне сенсек , осыншама киімді сән - салонына өзіммен бірге ала баруым керек екен . Өйткені , осы киімдерімнің түсіне , үлгісіне қарап сенің болашақ имиджімді жасайды дейді .Мүмкін ол да дұрыс шығар . Апарсам апарайын , арқалап бармайын ғой . Оны қойшы , кейін көре жатармын . Әйтеуір мына тәңірдің таңы тезірек атса екен . Болат жоқта күзет ауысып Оралхан келсе болды . Айтқандай салонға деп ақша қалдырды деп еді ғой . Оны да алайын . Қалтамда бүгіннен қалған біраз ақша бар . Бәрін қосып жаңа сумкама салып , қолымда ұстап кербезденіп жүрсем , кім маған қой дейді . Мен оған лайықтымын . Ия , ия өйткені мен өте сұлумын өте көріктімін . Осылайша бүгінгі ісім көз алдымнан қайта - қайта өтіп жатты . Әсіресе көліктегі кездесу ше ...қандай керемет кездесу десеңші . Әттеген - ай ! Емін еркін жата беруге уақыт тапшы болғанын қарашы . Қимадым ғой өзін қимадым . Оралхан маған керек жігіт . Енді бізге айрылу жоқ . Өйкені мен оны сүйемін , сүйгенде де шын сүйемін . Көзім ілінгенше ойлағаным сол болды . Бұл менің ойым , тәп - тәтті қиял болсада , мен үшін ұмытылмас үзік сыр . Сондай ақ жаныма жұбаныш әрі алданыш . Міне , міне . Кірпіктерім  еріксіз қауышып көзім жұмылып барады . Осылайша ойға шомып ұйқыға кетіппін . Көп жатпай , есіктен кірген аяқ дыбысына басымды көтердім . Көтердімде кіріп келген сүлбеге тесіле қарадым . Әне - әне , анау тұрған менің жан анам , анашым . Төбесіне байлаған көк жаулығынан танып тұрмын . Бірақ ...бірақ тағы да сол баяғысы . Өкпелі де ызалы сияқты . Содан болар көз қиығын салып қарамайды - ау , қарамайды . Тіпті міз бақпайды . Көрседе көрмегендей болып үнсіз тұр . Жұлқына тұрып жетіп бардым . Құдай сақтасын . Бұл менің тағы да түсім екен ғой . Өткенде де осындай түс көргем . Мынау міне екінші рет көруім . Мүмкін мені қатты сағынған болар . Менің анашым негізі керемет жан . Өте мейірімді жан , кешірімді жан . Менде қатты сағындым ! Осыдан Болат келсін , алдағы екі үш күнде ауылға барып келмесем болмас . Көрмегелі көп болды . Жарты жылға жуықтады . Қазірше ұйықтап, тынығып алайын . Ең бастысы қорқатын ештеңе жоқ . Түс деген ол түлкінің тезегі деген . Қайта көзімді жұмдым . Көп өтпей ұйқыға кеттім . Қанша жаттым , қанша ұйықтадым білмеймін , жұп - жұмсақ алақан шашымнан сипай бастады . Көзімді ашуға ерінсемде , қиялыммен құптап жаттым . Көз алдыма Оралханның бейнесі келді . Сонымен болып жатқандай күй кештім . Алайда бұл Оралхан емес . Бұл менің қаусап қалған кәрі байым Болат қой . Оны мен біліп жатырмын , сезіп жатырмын . Сол үшінде төсегімде Болатпен , ал қиялымда Оралханмен жатырмын . Шіркін - ай , мына қақпастың орнына Оралханым боларма еді . Ширақ қимылдап жанымды үйіруші еді , жаһаннамға жіберуші еді . Бірақ ол сорлы да мұндай мүмкіндік жоқ , ақша жоқ . Ақшаның бәрі мына сұмырайда . Неге осындай екен ...неге керісінше болмады екен . О сорлы , көп шауып көк терін шығармады . Әйтеуір бітті де қоя салды . Міне енді аударылып түсіп шалқасынан жатыр . Терең тыныс алып ырсылдап жатыр . Құдды бір қайраты қайтқан кәрі арыстан секілді ,сұлық жатыр . Сосын бұл сорлыда өзгеріс жоқ . Сол баяғы жартас , бір жартас . Қысқасы бір жатыс , бір поза . Міне бүгінде көп жатпады , ұйқыға кетті . Ісін бітіріп алды да қорылға басты . Сонда менің кінәм қанша ? Әрқашанда күнәһар өзіғой . Қой беті аулақ . Мен одан да тұрайын . Барып таңғы асымды ішейін . Өйткені таңның атқаны қашан . Мына сұмырай үстіме шығып тыраштанып жатқанда - ақ таң  атқан . Бұл енді тез оянып , тез тұра қоймас . Мен ас ішем дегенше Оралхан да келіп қалар . Келсе болды , қалаға қарай тартып кетем . Әрине өзім кетпеймін , Оралханды да ала кетем . Қысқасы таңғы асқа отырғаным сол еді күзет ауыса бастады . Апайымның пісірген түрлі - түсті тамағынан түртіп жеп қарын тойғызған соң , сыртқа шықтым . Аспазшым болса соңымнан қалар емес , ананы- мынаны айтып түсіндіріп әлек . Маған жарасатын шаш үлгілерін журналдан көрсетіп әлек . Бірақ мен үшін оның түк қызығы болмады . Бар ойым Болат ұйықтап жатқанда қалаға кету болды . Алайда бұл ойым жүзеге аспады . Өйткені біріншіден , күзетті қабылдап алғандарға қалаға шығуға тыйым салынады екен . Екіншіден сән - салонына түс қайтпай ешкім бармайды екен .Демек мені бүгін Оралхан апармайды . Және де түс қайта кетпесем тап қазір кетуге болмайды . Ол дегенің Болат ұйқысынан тұрады деген сөз . Енді маған ол тұрды не ,тұрмады не бәрі бір . Қалай болғанда да мені анау күзеттен шыққан екі жігіттің бірі апарады . Осылайша ұнжырғам түсіп еріксіз келіп төсегіме қайта құладым . Бұл маған өз кезегінде Болатпен ашық сөйлесуге мүмкіндік берді . Еркелегенім елітіп кетті білемін , ояна сала құшағына қысып жатып ағынан жарылды . Қысқасы бүгінгі бас қосуға мен бара алмайды екенмін . Сенің қауіпсіздігің үшін солай шештім дейді . Сонымен қоса жақын күндерде , қаланың қақ ортасындағы үш бөлмелі пәтеріне барып тұруым мүмкін екен . Ол да менің қауіпсіздігім үшін екен . Сондай - ақ алдағы оқуымды , тіпті жүргізуші куәлік әперіп оған дейін көлік үйрене беруге уәдесін берді . Тағы да бүгін түстен кейін сән - салонына барып , өзім қалаған шаш үлгімді жасатуға рұқсатын берді . Мынадан соң төбем көкке төрт елі жетпей қалды . Міне нағыз азамат ! Түрі сондай сұсты болсада , менің айтқанымның бірін де жерге тастаған жоқ . Айтпап па едім , айттым ғой негізі Болат өте ақкөңіл , аңғал адам . Демек , осы күнге дейін төрт күзетшімен аспазшы апайыма үкімімді жүргізген болсам , енді міне , бүгіннен бастап Болатты да ығыма жықтым .Қысқасы , енді маған анау екі төбетті қоспағанда , бұл үйде қарсы тұрар адам жоқ . Міне бұл мен армандаған өмір . Аздап шыдасам болды , астымда жеке көлігім , үстімде жеке үйім , қолымда дипломым болмақ . Мен нағыз Ханшайым сонда боламын .Осылайша жүрегім алып ұшып жүріп , түс мезгілі таяғанда Болатты өз нөкерлері алып кетті . Оның соңынан іле - шала мен де қалаға кететін болдым .Сол кешегі қымбат көлік кешегідей оққағар - күзетші . Бір ғана өкінішім , бүгінгі күзетшім Оралхан емес , бөтен күзетші . Басын иіп тұрып көліктің есігін ашқанда , қарғып мініп кеттік деп бұйырдым . Бұйрық алғаннан газге мінген жаңа жүргізушім , зырлап отырып әп - сәтте қалаға жеткізді . Біраз жүріп қаладағы ең қымбат сән - салондарының біріне әкелді . Ақшаның күші ғой , ала келген киіміме қарап тез арада шаш үлгімді жасап берді . Әрине мен ұнатқан шаш үлгімді жасады . Бетімді әрледі , сырлады қысқасы салоннан шыққанда адам танымастай қатты өзгеріп , шыға келдім . Енді маған мұның бәрін кім үшін жасадым деген ой келді . Үйге қайтып барғанда кім көреді . Болатым болса қаңғып кетті , енді қашан келеді бір Аллаға аян . Ал Оралханым мені мұнсызда сүйеді . Кешке дейін күн ұзақ ,  неге маған Алматыны аралап шықпасқа ? Неге маған қымбат ресторанда отырып тамақ ішпеске ? Оған менің барлық жағынан мүмкіндігім бар ғой . Қалтамда ақшам бар , астымда қымбат көлігім бар .

 -  Қане кеттік , сіз мені ең алдымен қаланың көрікті жеріне апарыңыз , сонан соң ең жақсы ресторанға апарыңыз , айдаңыз дедім жүргізушіме бұйыра сөйлеп .Ток ұрғандай шошып түскен ол сорлы :

 -  Ойбай апара алмаймын мен сізді -дейді көз бақырайып . Әрине мына сөз менің ызамды келтірді .

 - Неге апара алмайсыз , апар дедім бе апарасыз- дедім мен де қайта шүйлігіп .

 -  Кешіріңіз , мен белгіленген маршруттан шыға алмаймын , ол үшін бастық рұқсат беруі керек . Сонда ғана апара аламын . Айып етпеңіз- дейді сорлы міңгірлеп .

 - Әй ақымақ , сенің бастығың менің байым екенін білесің бе өзің , әкел анау телефоныңды , өзім - ақ қоңырау соғып айтайын- деп телефонын сұрадым . Сөйтсем ол телефон емес , жәй ғана күзетте қолданатын рация екен .

 - Мұнымен сөйлесе алмайсыз , частотасы сәйкес келмейді . Сөйлессеңіз нөмерін теріп берейін деп , соңында шұбатылған шнуры бар көлікте тұрған телефонды шығарды . Қысқасы арғы жақтан Болаттың даусын естігенде , қолыма ала сала:  

 - Мен ғой жаным , не ғой , жаңа ғана салоннан шығып едім , енді аш қалып тұрғаным , соған тамақ ішейін десем мына кісі көнбей отыр . Өзің айтшы бір ауыз -деп бұртидым .

Қысқасы осылайша бір қоңыраумен бәрін шештім . Тек тамағыңды іште тезде үйге қайта ғой жаным дегені ұнамады . Ең бастысы рұқсатын берді ғой , қаланы қыдырып болып , соңынан ресторанда отырдым .

Ол менің осы күні де есімде . Өйткені бір тамақ жеймін деп , он тоғыз мың теңге төлеп , жүрегімнің зырқ еткені бар . Ол сол кездегі бір айлық , орташа жалақыға тең еді . Бірақ , хор қызындай боп жалғыз отырған мені , біраз еркек айналшықтап , комплимент жасап , құрдай жорғалағаны тағы бар . Қайран бақытты күндерім ...

 

Алматыдай әсем қалада жүріп - тұру , менің бала күннен бергі арманым болатын . Міне бүгін мен сол арманыма қол жеткіздім .Сол үшінде үйге оралғанда қуанышымда шек болмады . Жүйткіп келіп қақпа алдына тоқтаған көлігімді тінтуге шыққан Оралханды көргенде , тіпті де есім кетті . Біз келген көлікті сырттай айналап қарап шыққан ғашығым , енді міне есікті ашты . Ашқанда да мен отырған есікті ашып , басын сұқты . Менің ессіздігім соншалық , сол сәтте - ақ мойнына асыла кеттім . Бар күшімен итеріп кеп жіберіп кейін шегінген Оралханым , қабағын түйіп өз жөніне кетті . Алайда мен оған :

 - Бүгін қалайда маған кел , күтемін жаным -деген сөзді айтып үлгірдім .Тап осы кезде тысқа шығып , өн - бойына тінту жүргізген жүргузшім кеп рөлге отырды . Сонан соң дәу қақпа айқара ашылып , ішке кірдік . Жүгіріп жеткен тағы бір күзетшім есігімді ашқанда , сумкамды алдым да , қымбат көзілдірігімді көлікке әдейі тастап өте шықтым . Бұл менің күн батқанда көзілдірігімді сылтау ғып , Оралханды шақырсам деген ойым еді . Бірақ мен үйге жетер - жетпес бар ойымның астан кестені шықты . Өйткені , қақпа қайта ашылып , қатарынан үш көлік бірінен соң бірі , аулаға кірді . Сөйтті де томп - томп етіп көліктен секірген жігіттер , жүгіріп -жүгіріп жертөлеге кіріп жатты . Әрине арасында менің байым Болат та болды . Пайымдауымша кездейсоқ оқ атылып , бір нөкері оңбай жараланған . Оны мен , үйге кірген Болаттың әлдекімге қоңырау соғып , тез келуін өтінгенде түсіндім . Қысқасы жедел жәрдем емес , жеке дәрігер болса керек . Сұраған ақшаңды беремін , көмектесші дейді бұйыра да жалына сөйлеп . Арадан тағы да жарты сағаттай уақыт өтті . Бір көлік үйдің алдына тоқтап , қолында медициналық қорабы бар егде жастағы адам кірді . Сонан соң төмендегі топар бірі кіріп , бірі шығып зыр жүгірісіп жатты . Онан ары не болды , ол жағы маған белгісіз . Әдейілеп сұрасамда , аспазшы апайым жақ ашып сыр берген емес . Оралханда да үн жоқ .Түк білмеген , түк көрмеген таскерең . Айтпаса қойсын , маған керек те емес . Ең бастысы ойнас Оралханым , байым Болатым дін аман . Ал қалғанының маған түк қызығы жоқ . Өзге өлді деп өкінбеймін де ! Өкінішім сол ғана мен бүгін Оралханды көре алмаймын . Болғаны осы . Ал арадан үш күн өткенде Болатпен тағы да оңаша қалдым . Неге екенін білмеймін көңілсіздің күйін кешіп , әрең жүр . Мүмкін анау жараланған бейбақ о дүниелік болған шығар . Әйтеуір құпия мен үшін жұмбақ . Міне бүгін де солай . Көзіме телміре қарап темекі тартып үнсіз отыр . Бұл бұрын темекі шекпейтін , соңғы күндері қатты өзгерді . Тамағымнан иіскеп , шашымнан сипап , тек қана бетіме қарап отыратынды шығарды . Күлімдеген көзіме шұқшиып , үнсіз отыратынды шығарды . Тап міне қазір де солай . Жалынышты көз жанарын маған қадап отыр . Жәй отырмай шашымнан сипап отыр . Мынаған не боп қалған өзі ? Басымды көтеріп мен де мұның көзіне тік қарап көрейінші . Жүдеп кеткен бе қалай , қалай ? Самайына ақ түсіп , жүзіне әжім түскендей ме құрсын ? Көз жанары неге солғын ? Әлде бір жері ауырып жүрме екен ? Әй бұл маған керек адам ғой . Қойшы , мен де жата бермей алдағансып көрейінші . Жатқан жерімнен қолымды созып , мойнына асылдым . Шашынан сипап құшағыма тарттым . Міне , осыдан соң ғана қолындағы темекісін тастай салған Болатым әңгімеге көшті .

 - Жаным -дейді кеудеме қолын қойып тұрып.

 - Әу жаным , айта берші деймін , менде қолының сыртын сипап .

 - Жаным менің , тентегім , тәттім менің . Өткенде айтқан едім ғой . Сен ертең қаладағы үйіме барып тұршы . Так безопаснее- дейді соңын орысшалап .

 - Неге?- деймін  мен де ,қимаған қатынның рөлін сомдап .

 - Солай жаным , солай - дейді . Менің біраз шаруаларым бар . Сол шаруаларым біткенше сен қалада бола тұршы . Ол үйде бәрі бар . Төсек жабдығымен дайын үй . Жаныңа керектің бәрі бар . Тіпті интернетте бар -дейді .

 - Ойбай , інтернет деген немене ? Ұқпайды екенмін ! Сосын ...сосын мен жалғыз өзім қорқамын . Бір өзім қалай ...дей бергенім де Болатым сөзімді бөліп жіберді .

 - Жаным менің , тентегім- ай . Сен онда бір өзің болмайсың . Ол қаланың қақ ортасындағы көп қабатты үй . Астыңда да , үстіңде де , қарсыңда да адамдар тұрады . Қажет десең мен , саған күзетші де қоямын . Таң атқаннан күн батқанша , сені күзетеді дей бергенде  , оның сөзін енді мен бөліп жібердім . Бөлгенде де қатты шатастым . Құдай тас төбемнен ұрып сөзден адастым . Ор...деп барып бір ақ тоқтадым . Сонан соң өзіме таңдана қараған Болатымды амалсыз алдауға көштім . Жөтел қысқан болып , қақалып - шашала жөнелдім . Ара арасында лоқсып , құсқым келгендей сыңай таныттым . Орнынан ұшып тұрып графиннен су әкелген Болатым , басымды көтеріп аузыма тосып жатты . Мен болсам осы сәтті пайдаланып "ор"сөзінің тіркесін іздей бастадым . О міне таптым , таптым !

 -  Жаан , мен ауылдың қызымын білесің ғой . Орысшаға шорқақпын . Ол жерде бәрі орысша сөйлейді ғой . Саған соны айтпақшы болғанымда , ішім ауырып жөтел қысқанын қарашы . Оның үстіне жүрегім де айнып тұр . Мен бүгін ауырып тұрмын -ау осы деп қатемді түзедім. Міне, мына сөзден соң Болатым онан сайын өршіп кетті . Тіпті орнынан тұрып кең үйдің ішін әрі - бері кезе бастады . Анда - санда маған қарап орысшалап күбірлеп қояды . Мен болсам түк түсіне алар емеспін . Қорыққанымнан көзіме қос көрініп үрейлене түстім . Жапқышымды тартып алып жамылып , бүкшие түстім . Енді міне , ол мені келіп қапсыра құшақтап алды . Көтеріп алды , апарып терезе алдындағы жұмсақ креслоға отырғызды . Содан соң қарсы алдымда қос тізерлеп отырып , еңіреп жылап берді . Аяғымның ұшын сүйіп басын көтермей қойды . Мен онан сайын қорқа түстім . Мынаны жын ұрған ба ,  еркек те жылайма екен деп аң - таңым шықты . Өйткені еркектің мұншама езіліп жылағанын алғаш рет көрдім . Кенеттен басын көтеріп алған Болатым әрі қарай сайрап берді .

 - Жаным , жарығым менің . Ертең ақ больницаға баршы . Қымбат болса да жеке клиникаларға баршы . Анализ , қан тапсырып докторға көрінші . Мүмкін сенің мына жұдырықтай жүрегіңнің астында , менің бел балам жатқан шығар . Жаным сол , егерде Алла тілеуімді беріп солай боп жатса , онда менің қара орманымның бәрі сенікі . Мына үйде сенікі , қаладағы үйде сенікі . Тіпті бар ғой жаным Испанияда үйім бар , ол да сенікі . Тек қана сен , мына баланы аман - сау өмірге әкеп берші маған . Мен осы бел баламның жүзін көрсем болды . Аман - сау туылғанын көрсем болды . Онан соң өлсем де арманым жоқ . Мен өлгенмен Болат атым өлмейді менің . Өйткені , мына Алматыны келімсектерден тазалаған менмін . Қазақ үшін қырқысқанда , жыртысқанда адам менмін . Міне қарада тұр . Ертең ақ Қазақстанды қазақтар билейді . Бизнесіңді де басқаңды да қазағым өз қолына алады . Сол кезде , менің атым алтын әріптермен жазылады .

 -  Жаным менің , сосын саған менің айтар соңғы өтінішім бар . Ол , мына баланың  менікі екенін , сенен басқа бірде - бір адам білмеуі керек  . Айттым ғой , есіңде болсын , бұл жақын жылдарда ешкім  білмеуі керек деп барып үні өшіп , жер бауырлап жата кетті . О тоба , міне бұл сұмдық . Ертең - ақ анализ , қан тапсыр дей ме ? Менің ішімде бала болса жақсы . Ойбай құрсын , аузыма құм менің , не деп кеттім !? Баланың болғанынан болмағаны жақсы . Өйткені , ол бала мына бейбақтың баласы болмай шықса ше ? Бұл сорлы қыздығымды өзі құртқанға өстіп бөсіп отырған шығар . Арада Оралхан барын қайдан білсін ? Енді қайттім екен ? Егерде шамалап қарасам ,  мына сорлымен кең төсекте жатқанымнан ,  Оралханмен көлеңкеде жатқаным көп қой менің . Сосын ше , сосын Италиядама Испаниядама үйім бар дейме ? Ол жақсы ғой әрине . Әлде сенің балаң деп бар байлығын бір шеттен еншілей бастасам ба екен ? Бірақ ... бірақ ше , қан тапсырғанда тмк дейме днк дейме бірдеңесі бар емес пе ? Менің естуімше бар . Сол арқылы кім - кімнің баласы екенін лезде ажыратып -  ақ береді дейді . Қой құрсын , жөніме жүрейін , ертең - ақ ұйқыдан аман - есен оянайын . Сосын , жәй ғана суық тиген екен дей салармын .Ал енді солай десем ше ? Онда маған манағы айтқандарының бірде бірі жоқ қой . Мынандай өмірден соң қу тақырға отырамын ба ? Басым қатып кетті ғой . Осы кезде орнынан тұра алмай еңбектеп кеткен Болатым төсегіне жетті . Бетін басып солқ - солқ етіп жылап жатты . Менде оған орнымнан тұрып жақындай түстім . Сонан соң шашынан сипап , қасына қисайып жата кеттім . Біраздан соң біздің бөлмеде тыныштық орнады .  Кеудеме басын қойған Болатым қарнымды сипап жатып ұйқыға кетті . Ал менің көз алдымда , бәрібір Оралханның сымбатты бейнесі тұрды ...

Жалғасы бар...