Болған оқиға желісімен
Ғани Әлихан
Қолындағы пультті басып қалғанда гүр етіп от алған машинаны көріп менен ес кетті . Өйткені мынандай көлікті анау- мынау адам сатып алалмасы анық . Бұл менің Нұртайымда ғана бар көлік . Айтқандай мына жігіттің аты Нұртай деген жігіт . Алла қаласа бұл Нұртай енді менің жігітім болмақ .
Мүмкін мен мұның болашақ әйелі де шығармын . Бірақ өкініштісі сол бұл да менен едәуір жасқа үлкен жігіт . Жүзіне қарасаң отыздан енді кеткен жап - жас сияқты . Ал жасын сұрасаңыздар , айтайын.Жасы қырықтан кеткен жігіт ағасы . Демек менен жиырма жасқа үлкен жігіт . Ол енді түк те етпейді , өйткені бұл марқұм Болаттан едәуір жас көрінеді . Сондай - ақ мінезі де Болат сияқты тұйық емес . Сөзге шешен қазақшамен орысшаға теңдей ағып тұр . Осы жігітпен таныса келе өзі Лондонда оқығанын , үйленгенін сондай - ақ екі қызы барын білдім . Охо міне , міне . Бұл маған өте қолайлы мүмкіндік . Ұл туып берсем бітті , талтайып тұрып мойнына мініп отырып алсам болады . Сонан соң құтылып көрсін . Қашып қайда барады ? Қысқасы таныса келе сол күні кешке осы дүкеннің алдында кездесетін болып шештік . Әрине мен оған әкем , анам ағам бар солармен бірге тұрамын деп айтып қойғанмын . Өйткені ол сенің қайда және қандай тұратыныңды көрмеуі керек . Көру былай тұрсын білмеуі керек . Себебі сен оның алдында тәрбиелі отбасынан шыққан ұяң да ұялшақ қызсың . Ал өткен өміріңді мүлде білмеуі керек . Сол үшінде үйге келгеннен пивоммен темекімді лақтырдым . Шашымды жөндеп ,жуынып -шайынып барымды киіп құлпырып шыға келдім . Міне енді Нұртайжан сенің құламағаныңды көрейін . Асыға күткен уақытым жеткенде бұрала басып пәтерімнен шықтым да дүкенге беттедім . Ой жаным сол әне оның машинасы тұр . Мені күтіп тұр . Әрине жүгіріп барудан аулақпын . Бес он минут кешігіп барғаным жақсы . Бұл мен жайлы жаман ойлап қалмасын дегенім . Сылаңдап басып қасынан өте бердім . Оң жақ құлағымның түбінен сигналы банқ етті . Шошып түссемде мен оған қарамадым . Көрмегендей боп дүкенге жақындай түстім . Ол енді көлігінен қарғып түсіп тарс еткізіп есігін жаптыд а соңымнан тұра жүгірді .
- Айша ,Айша !Тоқташы мен мұндамын- деп ентігіп келеді . Мен де оны естіп сезіп келемін . Бірақ тоқтай қалмаймын ғой , дүкеннің есігінен ұстадым . Сол кезде ол да мені қуып жетті . Міне, енді нағыз жігіт Сұлтанының көлігіне отырдым .
- Әңгіме айтшы , өзің жайлы айтшы -дейді жалынып . Жоғарыда айтып өткенімді бастан аяқ айтып шықтым .
- Кеттік енді , жақсы бір ресторанға барып тамақ ішейікші -дейді жалынып .
- Жо - жооқ деп шошып кеттім . Шошып кетті- деп шошығаным жоқ . Шошығандай сыңай таныттым . Өйткені ресторанға баруға қорқамын . Ескі таныстардан кездесіп қалса онда мен Нұртайдан құр қалғаным .Оны ашып айта алмаймын ғой , сол үшінде алысқа бара алмаймын ,әке шешем ағаларым іздеп қалады -деп құлаққа тептім . Сөзіме сенбей көрсінші .
- Әрине , әрине Айша . Сен қаланың қақаңдаған қызы емессің . Ауылдың тәрбиелі қызысың ғой , түсінемін -деп жұбатқан болды . Бірақ Айша -дейді .
- Кеттік тым болмаса машинамен қаланы қыдырайықшы -дейді . Ішетін жейтінімізді алып алайықта Алматыны кезіп шығайық . Өйткені менің отпускім бітсе Астанаға қайта кетемін . Жоқ демеші енді , жаным -дейді жалынып . Іштей ұшқым - ақ келіп тұр . Бірақ сыр беруге болмайды . Айрылып қалуым мүмкін . Сонда да жалынып тұрған сорлыны жіберіп алмауым керек .
- Мақұл , бірақ алысқа кетпейік . Сосын ресторан дегеніңе бармаймын . Тамақ та жемеймін . Тек машинамен қыдырсақ қыдырайық , егер артық қимылға бармайтын болсаң- дедім . Енді міне қуанып кеткен сорлы уәдесін үйіп төкті .
- Жооқ Айша , о не дегенің жаным . Зорлайын деген ойым жоқ менің . Тіпті саған саусағымды да тигізбеймін . Әрине сен өзің қарсы болмасаң -дейді . Ойбуййй жаным - ау деймін . Қарсы болу қайда сендей еркекке . Ә дегеннен құшағыңа құлай кетсем, онда сен не ойлайсың?- деймін іштей күбірлеп .
- Егер қол тигізбейтін болсаң барайын . Тек мен қайттық дегенде қайтсаң болды . Онда жүребер , кеттік дедім . Міне мына сөзді естігенде қуанып кеткен Нұртайым газге мінді . Сол түні әсем Алматыны біраз қыдырдық . Көп қыдырдық . Басымды қатты қысқан темекіні де ұмыттым . Шыдадым . Енді маған темекі шегуге болмайды . Онымен уақытша болсада хош айтысуым керек . Өйткені Нұртай не ішпейді ,не шекпейді . Таза жүреді ,таза тұрады . Денсаулығын осылай бағалайды . Бірақ мен ертең - ақ мына ессізді бас үйретіп алсам , еркелеп жүріп қайта бастаймын . Ол үшін тек үш төрт күн шыдау керек . Қысқасы түн ауа дүкен алдына қайта келдік . Қоштасуға көзім қимаса да кетемін -дедім . Үйдегілерден сөз естимін қайтып жібермей қояды -дедім . Ішім сезіп тұр , ол да мені жібергісі жоқ . Көзі қимай тұр . Таңдайын қағып тамағы құрғап әрең тұр . Бұл еркек байғұстардың бәрінің бұйымтайы бас көтергенде болатын белгілі құбылыс . Мен бұрыннан білетін құбылыс . Бастан кетіп тұр жалына бастады .
- Жаным менің , жарты сағат отыршы , кетпеші -дейді шашымнан иіскеп .
- Жооқ , олай болмайды ғой -деймін . Уәдеңде тұршы Нұреке деймін . Сонда да құшағына тартса қарсы болмай жақындай түсемін . Қысқасы утка тастап жатырмын . Арғы жақтағы асау айғыры айқайға басып тұрғаны анық . Әттең - ай әттең . Бұрыннан кездесіп жүргенімде барма еді ...алқымынан алып асау айғырын сабасына түсірер едім .
Міне міне , ыстық демі құлағыма жетті . Менен де шыдам кете бастады . Ерніме сүлікше жабысты . Жұмсақ қолы етегіме жетті . Ойбай құрыдым мен . Әп - сәтте астым суланып шыға келді . Бірақ болмайды . Тоқта құрсын Айша тоқта . Басымды жұлып көтеріп алдым . Бірақ ол мені жіберер емес .
- Тоқташы жаным -деп жұлқына бастадым .
- Ау жаным- дейді үздігіп сыбырлап . Өйткені менің оған жаным деген сөзім жанына жағып кетті .
- Жан тоқташы , есіңді жишы . Мақұл мен сенікі болайын . Бірақ он минутқа үйге кіріп шығайыншы . Тым болмаса Мираның үйіне барамын -деп мамама айтып шығайыншы . Уәдем - уәде жаным , әрі кетсе он минут . Кіремде шығамын , күте тұршы -дедім . Оның күткені осы емес пе ?Қуанып кетті . Көзі жайнап шыға келді .
- Всё жаным болды . Мен күтемін , сен барып кел ия . Мамаңа айтып жауап сұрап шық . Анаң ғой , переживать етіп жүрмесін жаным -дейді . Сорлының сөзін қарашы . Ойы маған , білемін . Өзінше мына қызды сындырдым көндірдім деп тұрғой . Бірақ кім - кімді сындырғанын өзі білмейді ғой бұл . Сен әлі көрерсің көресіңді менен . Анау айғырыңды жауыр ғып ақсатармын сенің . Қазір міне күте тұр сен деп көліктен түсіп үйге тарттым . Кірдім де темекімді тұтаттым . Құшырлана сорып бірінен соң бірін тарттым . Құмарым қанып ,беті қолымды жуып әтірімді сеуіп қайта шықтым . Енді мен бұрынғыдай ұзын көйлекпен емес күн жылы ғой минимен шықтым . Борбайым бұлтиып ашық - шашық кеп қасына жайғастым . Мұны көргенде Нұртайдан ес кетті . Дүкеннің қараңғы тұсына көлігін қойып жабыса кетті . Менде қарап қаламын ба қосақтаса шайқала бастадым . Қысқасы түн ішінде дүкен маңында тұрған Хаммер көлік бізбен бірге ырғалып жатты . Бұл оған да,мағанда аздық етті . Арадан көп өтпей қымбат қонақ үйден бір - ақ шықтық . Осыдан соң Нұртайыңнан ес кетті . Менің құрығыма басымен де ,құйрығыменде кеп ілінді . Ілінгенде де оңбай ілінді . Алматыдан кеткенше қасымнан шықпай қойды . Күніне дүкен алдына кеп күтіп отыратынды шығады . Кейде мен оған осы жерді сатып алғансың ба ?-деп қалжыңдайтын даболдым . Алайда мұнымыз көпке бармады . Кезекті демалысы бітіп Астанаға жұмысына кетті . Ішіндегінің бәрін ақтарып айтып кетті . Сөз арасында бәйбішесі жағыда байлықтан құр алақан емес екенін айтып қалды. Маған тоқалы болуды ұсынды . Тіпті осы барғанда Астанадан мен үшін пәтер алатынын жеткізді . Қарсы болмасаң келебер тіпті көлік жіберемін деді . Қажетіңе жарат деп ақшаны үйіп төгіп беріп кетті . Ең бастысы қымбат ұялы телефон сыйға тартты . Байланыс үзілмесін деп нөмерге дейін әперді . Өзі қоңырау соғуды ,өзі ақша салуды үйретті . Өйткені ол кезде ұялы телефон дегенге кез келгеннің қолы жете бермейтін еді . Қысқасы ол өз дегеніне жетті . Мендей қызды құшақтап құмарын басты . Мен де кенде болмадым . Ақшама ақша қосылды . Ұялы телефонды болдым . Мойныма тағатын қымбат алқам болды . Әрине мұның бәрі сұлулығымның арқасында келді . Оны еліткен күнтимемнің арқасында келді . Осылайша ол кете барды . Әне -міне деп жүріп үш ай өте шықты . Бір күні қоңырау соғып пәтер алғанын жеткізді . Бүгіннен қалмай Астанаға ұш деді . Ұшақпен ұшып көріппін бе ?Пойызбен барамын- дедім . Ол оған шыдамады . Күт мені -деді де сол күні кеште өзі ұшып келді . Қатты сағынысып қалыппыз . Қонақжайда көз ілмей таң атырып ертесіне қол ұстасып Астанаға қайта ұштық . Осылайша мен алғаш рет ұшақпен ұштым . Өмірімде бірінші рет Астанамызды көрдім . Қысқасы ауылдан шығып Алматылық, онан Астаналық болдым . Күтпеген жерден түнгі жезөкшеден кәдімгі Ханшайымға айналып шыға келдім . Сөйтіп бас қаламызда алаңсыз тұрып жаттым . Мұнда бәрі мен ойлағандай болды . Өз еркім өзіме тиіп қаланың көрікті жерлеріне барып - келіп жүрдім . Қазір ғой білмеймін, ол кездегі Астана Алматының оннан біріндей кіші қала болатын . Бірақ соған қарамастан ауқаттының бәрі осы қалада жүретін . Тек қысы қатты суық боранды демесеі басқа кінәраты жоқ . Ал Нұртайдың қоңырауына жауап берсем болды, ол менен басқа ештеңе сұрамайды . Оның үстіне Нұртайдан басқа ешкімнің нөмері де жоқ . Осылайша күндерім өтіп жатты . Аптада төрт бес рет Нұртаймен кездесіп тұрдым . Менің көзімнің жеткені сол Нұртай мені шын сүйетін еді . Мен дегенде жанын қоярға жер таппайтын . Сол үшінде бетіне қарап бұртисам болды емпілдеп келіп еркелете бастайтын . Міне мен осындай бақытты едім . Өйткені өзім сүйген жігітті таптым деп ойлайтынмын . Алайда мұның бәрі бір пәсте көзден бұл -бұл ұшты . Бір күні кешке қарай пәтерімде жатқанмын . Әлдебіреу келіп ту сыртынан есікті ұра бастады . Бұл кім болды екен екі кештің ортасында ,адасқан біреулер шығар деп ойладым . Сол үшін де есікті ашпадым . Бірақ ол онан сайын үдей түсті . Тіпті қолымен ұрғанды қойып аяғымен тебе бастады . Қорыққанымнан телефоныма тұра жүгірдім . Жалғыз номер Нұртайға қоңырау соқтым . Алайда ол тұтқаны көтерген жоқ . Осылайша бірнеше рет қайталап соқтым .Бірақ Нұртайдан жауап болмады . Сонда ғана ақымақ басым есігімді соққылап жатқан адамның кім екенін түсіндім . Бірақ , бәріне кеш еді . Жұлқа тартып сындырып кіргенде бейшара күйде басымды бұға бердім ...
Өкпе тұсымнан тиген аяқ соққысынан қаңғалап барып ұшып түстім . Шашымнан ұстаған қатты қол , қайда қашсамда оңайлықпен жіберер емес . Әйел баласы да мұншама қатыгез болар ма , аяусыз ұрып тепкілеп жатыр . Ол аздай аяғында кроссовкасы бар спортивка киген қыз басымнан басса , аяғында ұзын өкше туфли кигені сол басыма теуіп жатыр . Не деген жауыздық бұл . Жан ұшыра айқайлап жыласам да жіберер емес . Араша түсіп қой дейтін де ешкім жоқ . Жаным мұрнымның ұшына тірелді . Жан ұшыра жылап жатып жалына бастадым . Олардың мені тыңдайтын түрі жоқ . Қолындағы кілтпен де, телефонменде ұрып жатыр . Ұрғанда да аяусыз ұрып жатыр . Сорлы басым сонда ғана істің мән - жайын түсіндім . Мына кілт Нұртайдың машинасының кілті ,ал анау шырылдап жатқан телефон Нұртайдың телефоны . Әрине оған қоңырау соғып жатқан мына мен . Демек мынаның бірі сол Нұртайдың бәйбішесіде , екіншісі оның подругасы . Немесе өте жақын жанашыр адамы . Қызғаныш деген қызыл ит қойсын ба ,көздеріне қан толған мына екеуінің аяғына жығылғаннан басқа амалым қалмады .
- Сучка проститутка -дейді қазақша орысшаны былапыттап . Сен менің байымда нең бар өлгің кеп жүрме , сука -дейді теуіп жатып . Аяғына басымды қойып кешірім сұрағаннан басқа не істей аламын қос тізесін құшақтап жылап жалына бастадым . Өмірімде ешқашан ешкімге айтпаған сөзімді айттым .
- Енді қайталанбайды Нұртай көрсем өліп кетейін . Мені кешіріңіздерші , тап қазір ақ кетейін , жіберіңіздерші өтінем сіздерден деп жыладым . Сонда ғана шашымды қайыра тартып көзіме қарағанда Нұртайдың бәйбішесін көрдім . Ызаға булықан қос көзі шарасынан шығып кетейін деп тұр . Түрі өте сұсты еркекшора қатын екен .
- Қанша болды Нұртайға беріп жүргеніңе , айт қане шлюха ?-дейді .
- Үш ай болды , болғаны үш - ақ ай- дедім дірілдеген қолыммен бетімнің қанын сүртіп .
- Бала көтердің ба айт ,жаның барында?- дейді ашуға мінген бәйбіше онан сайын шашымнан тартып басымды көтеріп .
- Жо - жоқ жаным әпкем , мен бала көтере алмаймын . Ондай қабілетім жоқ , жіберіңізші мені . Айттым ғой енді Нұртайға жақындасам өліп кетейін ,атым өшсін деп онан сайын жалындым . Сондағана бәйбіше ішімнен оңдырмай бір тепті де шашымды қоя берді . Сонан соң диванға отырып алып шарт қойды .
- Мен саған бес минут уақыт беремін . Осы бес минутта киініп ал да табаныңды жалтырат . Түсіндіңғой мені . Бары жоғы бес минут қана . Уақытың кетті деп қолындағы қымбат сағатына қарады . Мына сөзге ұшып тұрдымда тезде киіне бастадым . Бетімнің қанын да жуып отырмадым . Қолымма ілген киімімді алып үйден шықтымда тайып тұрдым . Тіпті темір жол вокзалына өзім жеткізіп саламын дегеніне де қарамадым . Өйткені қатты қорықтым . Көлігімен қала сыртына шығарып өлтіріп көміп тастасада кім қой дейді . Себебі білуімше Нұртайдың өзі емес қайынжұрты көк тіреп тұрған дөкейлер деуші еді . Мына қатынның киген киімімен сөйлеген сөзінен осындай адамның желі есіп тұр . Демек осы қатын Нұртайдың бәйбішесі . Ай бірақ сорлы азамат ай . Сендей еркектің мынандай қатын теңі ме еді ? Мынауың қап - қара , қара шайтанның тап өзі ғой . Демек сенде бір жүрген әйтеуір бақа басты еркек екенсің ғой . Сен бұл қатынды сүйгеннен емес байлығын сүйгеннен алғансың ғой сорлы . Түріңе қарасам сомбалдай сымбатты жігітсің . Ал ісіңе қарасам диуананың ісі . Қанатыңның астына сыйдыра алмасаң мені қайтейін деп едің мұнда әкеліп . Енді міне соңы не болды ? Мені қандай күйге салдың . Өн бойым сыздап ауырып барады . Үшкір туфли қойсын ба , денемнің сау жерін қалдырмапты . О баста тән қызуымен білінбеген болар . Мүмкін қорқып шок болғаннан болар . Суық ауаға шыққанда жараланған жерімнің бәрі қақсап қоя берді . Тіпті аяғымды баса алмай бүк түсіп отыра кеттім .Бірақ қашанғы отырайын күн суық , сүйретіле басып жолға шығып жүйткіген көліктерге қол көтердім . Көп тұрмай бір көліп қаптарласа кеп тұра қалды . Жол ақысын сөйлесіп те отырмадым . Артқы есігін аштымда қарғып міндім . Қайда барасыз деп артына қараған жүргізуші мені көргенде қорқып кетті білемін .
- Сізге не болды қарындас , емханаға апарайын ба ?-дейді .
- Керек емес , мені темір жол вокзалына жеткізсеңіз болды- дедім . Жүргізушім газ басты . Алайда артқы айнаға қайта - қайта қарап алаңдап келеді . Ақыры шыдамы бітті , келесі бір бағдаршамда тұрғанда қайта бастады .
- Қарындас , анау жерге тоқтап аптечкамды берейін . Өйткені оң жақ бетіңізден қан сорғалап тоқтамай тұр . Көп қан жоғалтқан болмайды ғой -дейді .
- Керек емес дедім ғой сізге , тоқтамаңыз , жүре беріңіз . Қазір тауып алса сізді де аямайды . Онанда мені айтқан жеріме жеткізіп тастаңыз , болды -дедім . Бірақ жас шамасы қырықтардағы жүргізуші жігіт өз дегенінен қайтпады .
- Өлтіруге келсе оны көре жатармыз , еркек емеспіз бе ? Соншама қорқатындай сізге не болды ?Тап қазір мына қанды тоқтатпаса өзіңіз - ақ өлесіз де қаласыз . Қараңызшы , мынау сұмдық қорқынышты ғой , қан судай ағып тұр -деп келесі қиылыстан бұрылып маңдайшасында “Гиппократ” деген жазуы дәріхананың алдына кеп тоқтап .
- Сіз отыра тұрыңыз мен қазір келемін -деді де , зып беріп дәріханаға кірді . Мұны түсінемін ол мен үшін кетті . Еркектің бәрі жаман емес қой . Қазағымда нағыз азаматтар көп қой . Әне - міне дегенше бір пакет дәрі дәрмекпен дәке әкелді . Содан артқы орындыққа отырып алып бетіме қатып қалған қанымды сүрте бастады . Сондағана мен бейбақ оң жақ құлағымда сырға жоқ екенін түсіндім . Құрғырың кейде өзі түсіп қалатыны бар еді , мұнда құлағымнан жыртып алыпты . Әне сол құлағым күптей боп ісіп қаны тоқтамай ағып тұр . Сосын осы құлақтың астынан тиген өкше бетімді жыртып көзіме дейін жетіпті .Сол жеріме спирт тигенде удай ашып ауырып барады . Міне осылайша көмегін аямаған таксист жігіт бетімдегі қанды тазалап беріп көліктен түсіп кете барды . Онан анандай жерге барып темекісін тұтатып теріс қарап тұра қалды . Оның мына ісі маған сыртқы киімдеріңді ауыстырып ал дегені еді . Мен шешіне бастадым . Ойбай құдай сақтасын . Денемнің сау жері қалмапты . Оң жақ қабырғамның үсті қол тигізбей сыздап тұр . Бірақ менің амалым қанша . Көндім бәріне . Көнбегенде қайда барамын . Қан болған киімдерімді шешіп жаңасына ауыстырдым . Дәкені спиртке езіп оң жақ бетіме құлағыммен қоса жапсырып алдым . Осылайша ойда жоқта сұлу қыздан көзі қисық қызға айналып шыға келдім . Енді менің айналадағы адамдарға қарайтын бетім жоқ . Өйткені ұсқынсыз болдым , көркім жоқ . Қысқасы көзімнің көгін көзілдірігіммен жауып темір жол вокзалға келдім . Енді маған бәрі басқаша көрінде . Мына жарық жалғанды кеп қараңғы түнек басқандай болды . Өткен өмірімнің бәрі көз алдымнан сырғып ағып өтті . Өйткені бұрын маған сұқтана қараған еркектер тап қазір таңдана қарап жатты . Тіпті шошып , үрпие қарап жатты . Көздерінен аяныш та қорқыныш та көрініп жатты . Осылайша бір пәсте мылқау сынды мүсәпір күйге түстім . Мұны ойлағанда өзегім өртеніп ішім күйіп кетті . Нұртайды шын сүйдім - ау бірақ құдай оны да маған қимады . Міне осыларды ойлап пойызда жатып жылағаннан басқа амалым қалмады . Жауыр пенде бәрінеде көнесің жылай - жылай қатты шаршадым . Сонан соң тірі өлікке айналып ұйқыға кеттім . Бірақ қанша жаттым , білмеймін . Баяғы кейуана кеп бас салды . Бас салды да шашымнан сүйреп ұра бастады . Бұл да мені аямады , жаны ашымады . Тепкінің астына салды .Тіпті ол аздай қолындағы ұршығымен ұра бастады . Тілдесуге келтірмеді . Кешірім сұрағаныма көнбеді . Өмірмен өлімнің арасы бір сүйем боп кетті Амалым таусылды , жаныма батқан таяққа шыдамай кеттім . Жан ұшыра айқайлап , кім бар көмектесіңдерші деп көмек шақыра бастадым . Сондағана айналамда бір емес бірнеше адамның сүлбесі көрінді . Бірақ бірде - бірі көмек қолын созбады .Тіпті өз анам тас төбемнен төніп қарап тұра берді . Жалынып жатып қолымды создым . Бар күшімді жиып кешірім сұрадым . Ал анашымнан оған да жауап болмады . Міз бақпастан қатып тұрды . Жаны ашу түгілі жылы сөз айтпады . Осылайша өз анамнан күдерім үзілді . Онан арғы жағындағы тұрған адамға жалына бастадым . Ойбай құдай өзің кешіре гөр . Мынау менің Болатым ғой . Бұл өлмеп пе еді ? Жоқ жоқ , тірі жүр екен ғой өзі . Жаным менің , жаным сол .Сенен басқаның жаны ашымады ғой маған , көмектесші құтқаршы а . Алайда Болатта да үн жоқ . Көмектесу түгілі көз қиығында салмайды . Теріс қарап отырып алып нардосын ойнап отыр . Ойбай құрсын кіммен ойнап отыр деңіз . Жаным менің . Жаным сол . Оралханмен ойнап отыр . Бірақ екеуі де үнсіз отыр . Мыналарға не болған ?-деймін . Екеуіде аппақ түсті матаға оранып алғандары несі ? Ия ия мұның сырын енді түсіндім . Мыналар өлгендер екен ғой . Қап әттеген - ай , Оралхан сенде өлген екенсің ғой . Мен сенен үмітімді үзбей жүр едім . Енді үзейінде бұл жерден қашайын . Сау болыңдар жандарым деп барымды салып бар күшіммен соңғы рет жұлқындым . Сонан соң өлі денеме жан бітіп басымды көтердім . Сонда ғана мұның түсім екенін ұқтым . Купе іші жап - жарық . Бетіме үңілген біреулер көрінді .
- Қарындас , сізде бәрі дұрыс па ?-деп сұрап жатты . Теріс қарап жатқаным жақсы бопты . Жүзімді көтермедім , көрсетпедім .
- Ия бәрі жақсы , алаңдамаңыздар –дедім де, басымды бұғып қайта жата кеттім . Сонымен ертесі түс кезінде Алматыға жеттім . Бірақ енді қайда барамын . Акарға мына түріммен өлсем де бармаймын . Ал Мираның үйін тұспалдап қана білемін . Бірақ , білсем де бармаймын . Соңында таксиге отырып ескі пәтеріме келдім . Есігіндегі құлыпты бұзып кіріп жатып алдым . Сол жатқаннан қозғалмасы үш күн жаттым . Далаға да шықпадым , дүкенге де бармадым . Себебі бұл дүкенде мені бәрі таниды . Танығанда да өте жақсы таниды . Өйткені Нұртайдың ақшасы барда бұл дүкеннің майлы клиентіне айналғанмын . Содан қатты ұялдым . Бірақ аштан өлуге айналған соң , басқа дүкеннен азық алуға ақшамды қарай бастадым . Әрі қарадым бері қарадым . Жеті мың теңгеден басқа көк тиын таппадым . Жүз мыңдарымның қайда қалғанын білмедім емес , білдім . Ол Астанада қалды . Сондағы Нұртайдың пәтерінде қалды . Осылайша арамнан келген ақшадан айрылдым . Сондада жеті мың теңгені үнемдеп жұмсап тағыда он күндей жаттым . Жатқанда да жай жатпай Нұртайды күтіп жаттым . Күнде кешкі қараңғыда дүкен маңайына барып отыратынды шығардым . Бірақ мен қанша күтсемде Нұртай келмеді . Не мына пәтердің иесі келмеді . Міне осылайша Нұртайдан да күдерім үзілді . Келмесіне анық көзім жетті . Ақыры қалтама қолымды салып соңғы қалған төрт жүз теңгемді шығардым . Содан соң ...
содансоң пивомен темекі алып Сайын көшесін жағалап бара жаттым ...
Жүйткіп келіп шиқылдап тоқтаған көліктен жас жігіт басын шығарып сөйлей бастады .
- Девушка ,сколько за ночь?- дейді . Құдай - ай қанша еді өзі? Бұл көшеде сағаты қанша екені білмей аптырап қалдым . Менен жауап болмаған соң көліктен түскен әлгі жігіт жаныма келді .
- Қанша болады ?-дейді енді қазақшалап сұрап .
- Бес мың болады -дедім мен оған басымды төмен салып тұрып .
- Не ғой қарындас , тамақ төсек бәрі бізден . Бірақ түсінбей тұрмын , сағатың бес мың ба ,әлде түнің бес мың ба ?-дейді қайталап сұрап . Оған жауап бергенімше болмады көліктен тағы екі жігіт түсіп жетіп келді .
- Ее Баха , брось её нафиг , явно наркоша ғой мынауың -дейді менің алдымда тұрған жігітті қолынан кері тартқылап . Ал Бахасының кеткісі жоқ .
- Тоқташ е тоқташ , вроде новенькая сияқты . Фигурасына қарашы , ат қой ат .
- Қарындас , көзілдірігіңді шешші қане түріңді көрейікші- дейді қолын созып .
Ал керек болса . Көзілдірігімді шешсем онда құрыдым . Оң жақ көзімнің астындағы жара әлі біте қоймаған . Оның үстіне оң құлағымда ісік бар , салбырап тұр . Мұны көрсе мыналардың безіп кетері анық . Бірақ екінші келген жігіт дегеніне жетті .
- Баха бл.дь , поехали давай . В Алма ате таких миллион . Шась менты приедкт пипец , кеттік давай тасташ оны деп қарсы алдымда тұрғанды сүйреп кете барды . Қысқасы мен алғашқы клиенттен осылай айрылдым . Бірақ көп жүрмедім келесі тоқтаған көліктегі жігітпен келісіп қала сыртындағы үйіне келдім . Бұл оның жекеменшік үйі екен . Үй болғанда қандай , алты бөлмелі даңғарадай жер үй екен . Таныса келе өзінің үйленгенін айтты . Келіншегі екіқабат екенін жақын күндерде балалы болатынын айтты . Сондай - ақ бір айдан бері қыз құшағын көрмегенін , әрең шыдап келгенін айтты . Түптеп келгенде танымасамда осы жігітке сырымның бәрін ақтардым . Өмірімде Нұртайдың болғанын оның бәйбішесінен оңбай таяқ жеп Астанадан қашып келгенімді , бүгін көшеге алғаш шығуым екенін бәрі - бәрін айттым . Қысқасы екеуміздің сөзіміз жарасып шыға келді . Міне осы жігітпенде бір жарым ай бірге тұрдым . Қаланың ішінде де үйі бар екен . Келіншегімен сонда тұрамын-дейді . Ал мына үйді жалға бермекші екен . Бірақ бір бөлмесін маған берді . Оқуың біткенше тұра бер , кездесіп тұрсақ болды -деді . Әрине рестораннан тамақ әпермеседе ішіп жейтін продуктімді үйіп - төкті . Есесіне мен оған тегін беремін . Бір тиында ақша сұрамаймын . Тек менің оқуым біткенде ауылға қайтар жол ақшаммен азын - аулақ , ұсақ - түйекке деген ақшамды тауып беретін боп келісті . Мына мағанда керегі осы еді . Өйткені бір құлағым бір құлағымнан үлкен ұшы салбырап тұр . Денемдегі аяқ іздерінен қалған жарақаттың орны будақ - будақ бұлт сияқты көрініп тұр . Жылы жер таза төсекте жатып өзімді - өзім күтпесем көшеде жүргенде оған шамам келмесі анық . Қысқасы күн сайын денсаулығым түзеліп тәуір бола бастадым . Шашымды өсіріп құлағымның ұшын жаптым . Денемдегі жараларым жоғала бастады . Тек оң жақ бетімде көзіммен қатарласқана аздаған тыртық қалды . Оны жасыру үшін имиджімді өзгертуге тура келді . Мына жігітпен жүріп оғанда қол жеткіздім . Өзі келіп өз көлігімен салонға апарды . Міне қызық , сол салоннан құлпырып шыға келдім . Бұрынғы сұлулығым қайта келді . Шашымның ұшы сарғыш түс болса іші қызғыш тартып тұрды . Енді маған мына жігіт ғашық бола бастады . Тіпті үйіне кетпей менімен түнеп қалатынды шығарды . Әрине бұл мен үшін өте қорқынышты болды . Қай күні келіп бәйбішесі бас салады екен -деп үрейленіп отыратын болдым . Сөйтіп жүргенде оқуым бітті . Сапырылысқан студенттер Алматыдан үйлеріне қайта бастады . Нәркен де өз сөзінде тұрды . Билетімді сатып әперді . Қолыма жиырма мың теңге ақша берді . Ол аздай қолданыста болған ұялы телефон сыйлады . Соңында пойызға отырғызып , қайтып келші -деп өтінді . Ішім сезеді , көзі қимайды ұнатып қалды . Өйткені ол маған қатты бауыр басып кетті . Ал мен сорлы қайттім . Әрине ғашық болудан қорықтым . Тән жарам жазылсада жан жарам жазылмады . Жаралы жаным барын Нәркен қайдан ұқсын . Себебі мен Нұртайдан үмітімді үзсемде ұмыта алмадым . Оны қатты сүйдім . Құлай сүйдім . Ессіз ғашық болдым . Осылайша жабырқаулы күймен үйге жеттім . Содан үй тірлігі деп мамама көмектестім . Үшінші курста оқып жатырмын- дедім . Бәрі ойдағыдай мама менде бәрі жақсы -дедім . Папамдыда солай алдап соқтым . Бірен - саран ауылда жүрген достарымды да осылай шаң қаптырдым . Бұл кезде менің құрбыларымның алды тұрмысқа шығып балалары былдырлап сөйлеп бастаған кез . Қысқасы бір сыныптан үйленбеген төрт жігітпен үш қыз қалдық . Оның бірі менің өте жек көретін Әлиям болса, бірі Клара деген қыз . Үшіншісі мына менмін . Міне бір мектепте бір сыныпта оқыған осы үш қыз ғана қалдық . Әлия Ордада оқуда болса ,Клара ауылда жүр . Жақында шешесі қайтып , соңынан ерген үш бауырына қарап тұрмысқа шыға алмай қалды . Ал менің жүрісім өзіме ғана белгілі .
Қысқасы несін айтайын , каникул бітіп Алматыға тағы да тарттым . Әрине Ордаға жеткеннен - ақ Нәркеннің номерін тердім . Сөйлеспегелі екі айдан кетті . Сағындым өзін . Өйткені ауылда сеть жоқ . Тіпті ұялы телефон дегеннің не екенін бірі білсе бірі білмейтін кез . Нәркенім алдымнан шықты . Құшақ жая қуана күтіп алды . Үй дайын , тамақ дайын қысқасы бәрі дайын . Бірақ үйдің маңдайшасында "продаётся" деген жазу тұрды . Арадан көп өтпей шешесі келіп мына үйді сатып жіберді . Осылайша күннің көзі қырауда тағы да далада қалдым . Осыдан соң Нәркенмен арамыз алыстай берді . Өйткені оның мені асырауға жағдайы келмеді . Оның үстіне көптен күткен ұлы дүниеге келді . Енді онымен кездесу обал екенін түсіндім . Бәйбішесі білмей тұрғанда жоғалайын деп тайып тұрдым . Бірақ мұнымнан түк шықпады . Нәркен күнде қоңырау соғып мазамды алды . Соңымнан қалмай қойды . Ақыры қайта табысып қайта жүрдім . Бір күні осы Нәркеннің көлігімен іздеп Микаға бардым . Үйін тұспалдап қана білуші едім . Нәркенді қайтарып жібердім де бір өзім сол үйге кіріп келдім . Алдымнан жас шамасы екі жарым үш жастағы ұл бала жүгіріп шықты .
- Миканың үйі осыма , Мика сенің мамаң ба?- деп сұрадым . Тақылдап тұрған бала шоколадымды алды да , мама мам деп айқайлап жүгіре жөнелді . Көп өтпей қазақы киінген сұлу келіншек Мика көрінді . Осылайша Миканы тауып апақ - шапақ боп жаттым . Сөз арасында студент екенімді қуана жеткіздім . Міне осы сөз мені тығырыққа тіреп былықтарымды ашып берді . Өйткені Микада сол мен айтқан оқу орнында оқитынын айтты . Айтты да сұрақтың астына алды .
- Қай факультет , кураторың кім дейді . Ойбай құрсын енді не айтамын . Аузыма сөз түспей үнім өшті де қалды . Басымды бұғып жылай бастадым . Бірақ мені жұбатқан Мика болмады . Көзі шатынап онан сайын өршіп шыға келді .
- Ақымақсың сен -дейді . Саған айтпап па едім . Мұрат сені қанша іздегенін білсең ғой . Ол шешесін жерледі сен оны білесің . Шешесінен соң көп өтпей жұбайын жерледі . Содан соң қушиып қара басы қалды . Мына сені іздемеген жері жоқ . Екеуміз тұрған пәтерге күнде барды . Тіпті бір күнде он рет барды . Сен ақымақ болсаң құрыдың . Із - түссіз жоғалып кеттің .Тап қазір осы маңайда Мұраттан асқан бай адам жоқ . Бизнесі өрге домалап абыройы асқақтап тұр . Мына жолдың бас жағындағы соғылып жатқан үлкен үй сонікі . Ал оған қарама - қарсы бетте Цех бар . Олда сонікі . Келе жатқанда көрген шығарсың . Мен мұндалып тұр емес пе ? Мына менің күйеуімде сол Мұратта жұмыс істейді . Қолдан келгенше көмектесіп тұрады . Осы күндері отбасымызбен араласып тұрамыз . Бірақ бір балаға зар боп ол бейшара зарлап жүр , ал сенің жүрісің мынау деп барып бір ақ тоқтады . Мына сөзді естігенде жылай бердім , жылай бердім . Үш жастардағы сүйкімді бала басымнан сипай бастады .
- Жыламаңызшы , неге жылайсыз -дейді былдырлап сөйлеп . Ойбуй жыламай қайтейін жаным -ау , жыламай қайтейін .Ол аз десеңіз .
- Сізге кім тиді ?-дейді алдыма жата кетіп .
- Кешке папам келеді , өзіңізге тиген адамды айтып беріңізші -дейді . Бала тілі бал деген осы . Сүп - сүйкімді томпиған әдемі бала өзі . Бала бауыр етің деген осы екен ғой . Мына мен ақымақ не істемедім . Белімді бумасамда үш жылдан өтті . Осы үш жылда қаншама еркек көрдім . Бірақ біреуінен де бала көтермедім . Әлде Дәмеш апайдың айтқаны дөп келдіме екен . Бала болмай қалу қаупі бар , ойлан деп еді ғой . Неге ойланбадым екен . Неге алдырдым екен . Мына баладай бал тілді боп отырмас па еді ? Қарашы өзін , өз анасы тұрып маған жаны ашып отыр . Қайта - қайта келіп басымнан сипап отыр . Кіп - кішкентай бала болсада өте мейірімді өзі . Басым айналып көзім қарауытып кетті . Көл болған көз жасымды қайта - қайта сүртіп отырып Микаға жалына бастадым .
- Мика , кешірші мен ақымақты . Мен саған бәрін бастан аяқ айтып берейін . Менің оқитыным рас . Бірақ атым ғана оқып жүр . Келесі жыл сол оқуды бітіріп дипломын аламын . Әперетін адамым бар . Оған күмәнім жоқ менің . Тек қана сен мені кешірегөрші . Сол Мұратпен қайта табыстыршы . Тым болмаса номерін берші . Өзім - ақ қоңырау соғайын деп жалындым . Мына сөзіме Мика құрбым шошып кетті .
- Жоқ бермеймін , беруге болмайды деп енді ол жақындай түсті . Аяп кетті білемін , сонан соң көзіне жас үйіріліп құшақтап отырып сөйлей бастады .
- Мұрат Салтанат деген жас қызға үйленді . Үйленгендеріне жылдан асып кетті . Бірақ Салтанат әлі де құрсақ көтерген жоқ . Көтере алмай жүр . Ал мына сені ол екі жылдай іздеді . Келер деп көп күтті . Сен болсаң хабарсыз кеттің . Соңында ол сорлы үмітін үзгеннен үйленді . Тіпті осы күні де сұрап қояды . Баланы қайтті екен дейді . Іздеп тапсам сол баланы маған береме екен дейді . Болмаса тоқалым болып тиеме екен дейді . Сенің балаңды алдырғаныңды ол білмейді . Өйткені мен оған айтқаным жоқ . Бірақ ол бала менікі , оған күмәнім жоқ дейді . Енді саған өкінгеннен пайда жоқ . Есің барда бұл өмірден өз орныңды тап . Бақытыңды ізде . Ал Мұратқа ешқашан жолама . Маңайына жақындаушы болма . Тіпті көзіне көрінуші болма . Өйткені ол әлі де сені сүйеді . Мына сен оның көзіне көріндім дегенше отбасын ойрандадым дейбер . Мен саған сол үшінде номерін бере алмаймын , ал қайта табыстыру дегенді қайтып айтушы болма деп орнынан тұрды . Үмітім үзіліп мен қала бердім . Сол күні жайнатып тұрып дастархан жайған қүрбыммен біраз сыр бөлістім . Кешке дейін өзегімді өртеген ішкі дертімнің бәрін жайып салдым . Өмірімде Нұртайдың болғанын , соңында мынандай күйге түскенімді , оң жақ бетіммен құлағымның қисайып қалғанын көрсеттім . Қысқасы күйеуі жұмыстан келерден сәл бұрын хош бол деп хоштастымда шығып кеттім . Енді менің барар жерім белгілі емеспе .Тағы да сол Сайын көшесінің бойындағы жүздеген жезөкшенің бірі боп қатарға тұрдым ...
Жалғасы бар