Ғани Әлихан
Болған оқиға ізімен...
Әрине ауылға келіп оқуымнан екі- үш күнге сұранып келдім деген соң көп жүре алмадым . Оның үстіне мен әкелген азын- аулақ ақшаны әкем алып Ордаға кетті . Қарап отырып баласын кім қаматсын , сорлылар зыр жүгіріп сергелдеңге түсті . Ағайын туыс жиналып қолдарындағы барын беріп жатты .
Аралдағы ағаммен жеңгем де келді , оларда осы істің басы қасында болды . Сот болатын күнге дейін абыр - сабыр болып жүгірісіп кетті . Бірақ осының бәрінен мен құр қалдым .Сот болмастан үш күн бұрын Алматыға қайттым . Тіпті тергеу абақтысында жатқан ағамды да көрмедім . Қысқасы сот шешімін Алматыда жүріп есіттім . Жастайынан тентек өскен кіші ағам осылайша үш жылға сотталып кетті . Осылайша бір үйде өскен үш бауыр үш жаққа қарап кеттік . Мен Алматыда үлкен ағам Аралда ал сотталған кіші ағам Ақтөбедегі түзеу колоннасынан бір ақ шықты . Сонда ғана қу басым өмір дегеннің осындай екенін түсінім . Үйде жүргенде ұрсып қырылып қызыл кеңірдек боп жататынбыз . Міне бүгін ол күндерде өтті кетті . Егер мен Қайратқа тұрмысқа шығатын болсам , осы бауырларымнан тіпті де алыстап кетпекпін . Өйткені ол Ресейдің Астрахань деген жерінде тұрады . Атын естігенім болмаса өз басым сол Астраханның қайда екенінде білмеймін . Қайраттың айтуынша аса көп алыс емес қазақ - орыс шекарасына жақын қала . Өзіміздің Ақтөбе облысымен жалғасып жатыр дейді . Бұл сорлыда мен келгелі безек қағып миымды ашытты . Не айтып не қоярымды білмеймін . Мұның шешесі не дейді ол жағы тағы белгісіз . Күндердің күнінде жезөкше екенімді естісе әне жол деп құйрықтан бір теппей ме ? Олай болуы да мүмкін ғой . Өйткені қандай есі дұрыс ана жалғыз ұлына жезөкше әпереді . Ал мынаның оны ойлайтын шамасы жоқ . Сүйдім , күйдімнен басқа сөз айтпайды . Оған қарсы шығып қой дейтін менің де шамам жоқ . Кезінде Оралханнан айрылдым, енді Қайраттан айрылғым келмейді . Себебі бұл жігіт маған ұнайды . Ұнағанда да өте қатты ұнайды . Өзі де ,мен Ордадан келгелі айналшықтап маңымнан шықпай жүр . Әне тағы да келді , анау Ауди маркалы көлік сонікі . Кеше ғана Баян - Ауылдан алыпты . Бүгін таңертең мақтанып келіп кеткен , қайта келіп тұр . Тентек - ай тентек , құжаттарын жөндеймін деп құрдай жорғалап жүр . Тоқтай сала терезеден қараған мені көріп айқайға басып жатыр .
- Айчка , мына көліктің бірғана құжаты қалды , сол бітсе кетемізғой ия дейді есіктен басын шығарып .
- Акар келсінші , сонан соң көремізғой жаным дедім менде оған терезенің ернегіне отыра салып .
- Акар дейсіңбе , Акар келседе келмеседе кете бермейміз ба?- дейді таңырқай қарап . Мынаған не дерсің енді . Ойланатын түрі жоқ , бар білгені мені отырғызып алып Ресейге тайып тұру . Соңынан Акар не дейді? Не істейді ?Ол жағынан мүлдем хабарсыз . Егерде солай боп соңымыздан Акар барып айқай шығарса не болмақ ?Әрине ол кезде мынаның шешесі менің енем естиді . Міне , масқараның көкесі сонда болады . Жалғыз ұлы ғой қимас бірақ мына мені аямасы анық қой . Оны ойлайтын түрі жоқ . Басы салбырап кетті .
- Үйге кірші , жақсылап сөйлесейік , тездетші қане -деп шақырып алдым . Енді міне екеу ара әңгіменің ашығына көштік .
- Мақұл жаным , ертең ақ кете салайық . Ал енді үйіңе барған соң мамаңа не дейсің , кім дейсің , осыған жауап берші -деп сұрадым .
- Әрине жаным , мамама мен жауап беремін ғой- дейді қуанып кеткен сорлы .
- Сонда қалай жауап бересің қалай ?-дедім мен де . Біз ертең кетсек бірсікүні Акар іздеп барады . Өзің айтқандай біз жолда екі - үш күн жүретін болсақ , ол бізден бұрын баруы да мүмкін . Өйткені ақшасы бар , ұшақпен ұша салады . Сосын алдымыздан тосып отырады . Сонда сен оған не дейсің , айтшы қане айтшы ?-деп жұлқып - жұлқып жібердім . Мұндайды күтпеген болса керек , шошып кетті . Көзін төмен салып басын қаси бастады . Мен енді оған жақындай түстім .
- Көрдіңбе , сен ол кезде түкте істей алмайсың . Бұл сен ауызбен айтқандай оп - оңай нәрсе емес . Әлі сен маған әкелген құжаттарың үшінде Акардан өз сыбағаңды аласың . Оны өзі келгенде көрерсің . Жігіт болсаң сен бірінші осының бәрін Акармен сөйлес . Соның рұқсатын сұрап ал . Сондағана біз үйленсек болады- деп қапсыра құшақтап алдым . Олда мені құшақтап ананы - мынаны айта бастады .
- Мамам айтқан , қазақтар үйленерде қашып кетеді -деген . Бірін бірі жақсы көрсе болды екен ғой . Оларды ешкім айыра алмайды деген . Себебі айыруға болмайды екен . Сенде алып қашып келем десең қарсы емеспін тек екі - үш күн бұрын айтсаң болды деген . Мен сені жақсы көрем ғой . Қашып барсақ болды , өзің кетіп қалмасаң бізді ешкім айыра алмайды жаным -дейді бетімнен сүйіп . Мына сөзді естігенде кеудесіне басымды қойып үнсіз ғана жылай бердім . Ол менің шашымнан иіскеп қайта - қайта сипай бастады . Менің көз жасым моншақтап үзіле берді .Үзілмей қайтеді , менде бақытты болғым келеді . Менде өз құрбыларым сияқты тұрмысқа шыққым келеді . Ақ босаға аттап ақ шымылдықтың арғы жағында отырғым келеді . Көрші қолаңға өз қолымнан тәтті шәй құйып бергім келеді . Күйеуімнің жаным - күнім деген сөздерін естігім келеді . Ата- енемнен келінім , қызым дегенді естігім келеді . Бірақ маған енді ондай бақыттың бұйыруы қайда . Жолымнан адасып аяғымды асыра сілтедім емес пе ?
- Жаным менің ! Сенен айрылғым келмейді . Сен менікісің , мен сенікімін . Тек бір ғана өтінішім бар , сен Акардың рұқсатын алсаң болды . Тіпті маған оқудың да керегі жоқ . Бәрін тастап ертең - ақ етегіңнен ұстаймын . Жүрегім менің , сен менің тек қана осы өтінішімді орындашы -деп қос тізерлеп отыра кеттім . О баста ол маған қалай жалынған болса мен де оған солай жалына бастадым . Соңынан еңіреп тұрып еңкілдеп жылап бердім . Ер жігіт емес пе жаны ашып кетті , еңсесі түсіп есеңгірей бастады . Біраздансоң ес жиып көтеріп алды . Құшақтаған күйі көп тұрды . Сөйлемеді , тіпті жақ ашпады . Үнсіз ғана тұрды . Тап осы кезде заржақ телефон безілдей жөнелді . Тұтқаға жүгіріп құлағыма тостым.
- Привет Айчка мен келдім -дейді . Қалайсың , бәрі жақсыма . Не ғой , қысқасы " Қазақстан " қонақ үйі , кешкі сағат сегізде- дейді . Тұтқаны тастай салып , тағыда жылай бастадым . Түк түсінбеген Қайрат жайына қалды . Мен мынадан өлмей құтылмайтынымды түсіндім . Қайраттың сөзінің соңы құр әурешілік екенін білдім . Сол үшінде Акарға ештеңе айтпай - ақ қой деп жалындым . Өйткені Оралхан сияқты із - түссіз жоғалып кетер деп қорықтым . Қысқасы сол түнді Қонақүйде өтірдім . Осылайша түнгі жорығым қайта басталды . Ал Қайрат болса соңымнан қалмай қойды . Бармашы деп жалынатынды шығарды . Тіпті қолымнан ұстап жібермей қоятынды шығарды . Бірақ Акар клиент деп мекен жайды айтса болды , жоқ дей алмадым . Осы клиент демекші келесі бір клиентке барғанда қызықтың көкесі болды . Бұл кезде табиғатты сарыға бояған күздікүні болатын .Қала сыртындағы қымбат коттеджге жеткізген таксист кеткенде үйден шыққан адамды көріп таң қалдым . Сақалы кеудесіне түскен кәдімгі кәрі шал шықты . Міне бұған не дерсің . Әрине ештеңе дей алмайсың . Ақшаңды төлеп қойған соң , сен оған басыбайлы күңсін . Сондада қорқа басып соңынан үйге кірдім . Екінші қабатқа көтерілетін баспалдақты көрсеткен кәрі шал жол берді . Алдына түсіп аяғымды айқара басып көтеріле бастадым . Соңымнан ерген әккі шал қос борбайымнан шапалақпен ұра бастады .Қалайша қой дерсің . Өйткені аузыңа ақшамен ұрып құмды құйып қойған шалға не деседе көнесің . Қысқасы жоғарғы қабатқа көтерілгенде оңға деп орысшалаған шал үлкен есікті көрсетті . Туфлиім тақылдап жеткенім сол екен мені басып озған шал есікті ашып үлгірді . Ойымда ештеңе жоқ тік басып кіріп бардым . Сөйтсем жас шамасы өзіммен қарайлас бір қыз отыр . Түк түсінсем бұйырмасын . Мұнысы несі . Мына шал екі қызды бірдей шақырған екенғой деп ойладым . Алайда мен шатасыппын . Қолындағы чашкасын үстелге қоя салған әлгі қыз “Привет” деп келіп қолын созды .
Әрине менде” Привет” деп қолымды создым .
- Енді барда душқа кіріп жақсылап шомылып ал . Сонан соң таныса жатармыз . Ұнайсың ба сен бізге ,жоқ па сол кезде айтармын . Түріңе қарасам ұнап - ақ тұрсың . Бірақ есіңде болсын тупить етсең онда точно ұнамайсың -дейді . Астапыралла !
Мына қыз не деп тұр деймін ішімнен . Тупит еткені несі ?Оны қалай түсінсе болады . Дегенмен қайталап сұрауға шамам келмеді . Қолымнан тартқан шалдың жетегіне еріп душқа бардым .
Құдай сақтасын !
Ауызға душ дегені болмаса мынау бір жатқан теңіз сияқты . Мұндайды тіпті Болаттың үйінде де көрмеппін . Кең ыдысқа қызыл - жасыл жапырақтарды төгіп жіберген әлгі шал суды ашып кеп жіберді . Мен болсам мынандай үлкен ыдыс қашан толады деп отыра кеттім . Бірақ , тағыда қателесіппін . Жакузи деп аталатын кең ыдыс әп - сәтте буы бұрқырап шыға келді . Енді мен киімдерімді шешіп шомыла бастадым . Арадан көп өтпей қайта келген шал қолымнан ұстап жетектей жөнелді ...
Ақ тер көк терге түсіп қанша ұрынсақта мына шалдан түк шықпады . Басын бұққан бұйымтайының бетін бері қарата алмай екі қыз біраз әуреге түстік . Клиенттің ішіндегі ең қиынның да қиыны міне осындай еркек . Өйткені бұйымтайға бас көтерту сенің міндетіңе кіреді . Ол өзі тек аспанға қарап жатып алады , ал енді сен бас көтертіп көр . Басынан тартып мойнын қанша бұрасаңда бойында қауқары жоқ сорлы онан сайын бұға түседі . Міне тап қазірде сондай арпалыспен бір сағаттан аса уақыт өтті . Әуренің үстіне әуреге түсіп шаршаған шалда шыдам бітті . Ақыры орнынан тұрып біздің бөлмеден шығып кетті .Балалағы барсакелмеске кетіп бұйымтайына өкпелеген шалдың ренжіп кеткені рас . Өйткені өрімдей жас екі қыздың айдауына көнбеген бұйымтайдан енді пайда жоқ екенін ұқса керек . Әйтеуір сол кеткеннен мол кетіп қарасын батырды . Бірақ бағана айтқанымдай қызықтың көкесін мына қыз сыйлады . Өзін Римма деп таныстырған осы қыз күтпеген жерден менің мойныма жабыса кетті . Ернімнен сүлікше сорып қадалып , өліп - өшіп барады . Ол олма тіпті тәнімнің бәрін жалап сүйіп есімді кетірді . О баста шоши қараған болсам енді келіп мына қыздың қылығы жанымды еліте бастады . Әрине , сырт көзге ерсі көрінгенмен қыздың денесі еркектің денесіне қарағанда әлдеқайда жұмсақ . Сол үшінде жұмсақ денесі жаныма жақын тие бастады . Әрбір қиммылынан лаззат алып тылсымнан келген күш бойымды билеп есеңгіретіп тастады . Апырай деймін . О заманда бұ заман қызбен қыз сүйісіп аймаласу деген не сұмдық . Мұндайды кей - кейде құлақпен естіп телевизорда бір - екі рет көргенім болмаса , бастан кешпегенім рас . Дегенмен бұлда бір түсініксіз қызық құбылыс . Мына қыздың істегені ұнаған үстіне ұнап үдеп барады . Тіпті талабымды қоздырып бойымды баурап та алды . Ал енді сенде жабыспай көр . Менде білгенімнің бәрін жасап жан алысып жан берісе бастадық . Осылайша шыңыраудың шыңына жеткен екі қыз әп - сәтте үйдің ішін басымызға көтеріп барып сұлық түстік . Сонда ғана мені құшағына басып жатқан Римма қыз әңгіменің ашығына көшті .
- Сен маған қатты ұнадың , сен енді тек қана менікісің- дейді . Мынандай сөзді естігенде таң қалғаным рас . Менікісің деген несі , мынаның есі дұрыс па -деп басымды көтеріп алдым . Ол енді маған онан сайын жалына бастады .
- Екеуміз дос болайық . Менде бәрі бар . Өмір сүруге бәрі жеткілікті . Ең соңғысы осы үй қалды . Бұл үйде құжаттары бітсе жақында менікі болады . Ал мына дядка кетеді , сосын сен екеуміз ғана қаламыз - дейді . Ойбай деп шошып түстім .
- Не деп отырсың сен ? Менікі болшы дегенің не ? Құдайға шүкір , көшеге шықсам соңымнан жүз еркек жүгіріп кетеді . Тіпті мына менің , тап қазір жүріп жүрген жігітім бар . Жақында тұрмысқа шығамын , сені қайтем деп орнымнан атып тұрдым . Енді ол маған жалына бастады . Уәдені үйіп төкті , ананы айтты , мынаны айтты . Қысқасы ең соңында келіп
- Мен сені сүйемін , ғашық боп қалдым , түсінші мені деп жылап берді . Алайда мен оны елемедім . Тіпті қарамадым . Терезеден көз жүгіртсем күн шығып келеді екен . Киініп алдым да көшеге шықтым . Тоқтаған таксиге отырып үйге жеттім . Бірақ мен бұл қыздан құтыла алмадым . Қайта үсті - үстіне шақырып мазамды алды . Әр барғанымда саған ғана ғашықпын сені ғана сүйемін деп ақшаны үйіп төкті . Осылайша Римма маған ғашық мен Қайратқа ғашық болған қызықты өмірім басталды . Бұл өмірім жарты жылға созылды . Оған үйренгенім соншалық тіпті Римманы көрмей кетсем өзім іздейтінді шығардым . Қысқасы соңғы алты айда сол қыздың сусынын басып шөлін қандырып жүрдім . Сөйтіп жүргенде бұл өнерге де бойым үйреніп Риимадан ғана ләззат алатынды шығардым . Білмегендерге айтайын бұл жыныстық қатынастың Лесби деген түрі . Міне осындай сорақылық та менің басымнан өтті . Бірақ кешегі шақырғаны Римманың соңғы шақыруы болды . Кетерімде қимай жылап көзіме көп қараған болатын . Сол кездегі көз жанары әлі де менің есімде . Өйткені шалдың өліміне қатысы болып менің Риммам тоғыз жылға сотталып кете барды . Бұл енді менің жаныма батты . Батқанда да өте қатты батты . Туған ағам сотталғанда мұнша қайғырып , қиналмаған едім . Риммадан соң жан дүнием өзгеріске ұшырап созылмалы күйзелісті басымнан кешірдім . Себебі мен Римманың ақшасы үшін жүріп өзінде шын сүйіп қалған едім . Міне сол үшінде бұл маған қатты соққы болды . Оның үстіне кезекті бір жорықтан келіп ұйықтап жатқанда әлдебір дауысқа шошып ояндым . Қарасам түс кезі болып қалыпты . Келесі бөлмеден дауыстарын көтере сөйлеген еркектердің сөздерін есіттім . Ұрлана басып кеп есіктен тың - тыңдай бастадым . Міне бұл Акармен Қайраттың соңғы сөйлесуі .
- Сенің есің дұрыс па ақымақ? Бұл қызбен мен де төсекте жатқанмын . Мен сенің туған ағаңмын ғой сен соны білесің ба?- дейді Акар ақырып .
- Білемін , бірақ үйленемін дедім бе, осы қызға үйленемін -дейді оған менің Қайратым қарсы шауып . Акар онан сайын үдей түсті .
- Е далбаёп- дейді . Бұл қанша жерден сұлу қыз болсада жүрген бір жезөкше қыз . Сен түсінесің ба жезөкше дегенді . Жезөкше болғанда да жиіркенішті жезөкше , сенің теңің осындай жезөкшеме сонда . Сен менің жалғыз бауырым болсаң , мен тірі тұрғанда мына қызға үйленбейсің . Ертең ақ Айбаршынды шақыртамын . Келіп сенімен өзі сөйлессін . Әйтпесе сен ақымақ мына қызға үйленіп біздің әулеттің бәрін жерге қаратарсың деді . Бұл сөзге Қайрат шыдамай кетті білемін , Акарға қарап шыңғырлатып тұрып бірдеңені лақтырды . Оған Акар шыдасын ба , тарсылдатып тұрып жалғыз бауырын тепкінің астына алды . Әңгіменің қысқасы менің кесірімнен екі бауыр осыдан соң бірін - бірі көрмей кетті . Әперген көлігінің кілтін лақтырған Қайрат сол кеткеннен мол кетті . Ал ашуға мініп жалғыз бауырын тепкілеген Акар да менің жауабымды берді .
- Көзім қимайды, бірақ сен кетпесең болмайды . Ал дипломың менің мойнымда . Уәдем осы уәде саған . Болашақта қор болмайын десең ертерек қамыңды жаса . Алдағы апта - он күндікте осында жүре тұр . Мен сені түсінемін , үйіңдегілерді оқуым бар деп алдаған шығарсың . Бұл негізі осында келген қыздардың бәрінің айтатын сөзі . Ата анасына не оқимын дейді не жұмыс істеп жатырмын дейді . Не болсада бәрімізді құдайдың өзі кешірсін. Кеше ғана көптен күткен қызды болдым . Үйдегі жеңешең жеті жыл дегенде әупірімдеп жүріп бір қыз туып берді . Оғанда шүкір . Ал мына саған айтар ақылым осы . Өз теңіңді ізде өз бақытыңды тап . Бірақ Айчка , менің жалғыз бауырым Қайратқа жолаушы болма . Бұл саған соңғы өтінішім болсын . Бірақ сен мұны Акардың бұйрығы деп білгейің . Ал қазір барда деміңді ал ұйықтап тынығып ал . Сонан соң кешке қарай қалаға шығып серуендеп қайт . Мен саған сенемін Айчка , көшеге шықсаң кез - келген еркек көз салады . Көз салған соң ыңғайын берсең сөз салады . Енді өзің былай қарайсың ғой , жігіттердің бәрі бірдей жаман емес . Ол жағын өзіңде түсінесің . Мына сен бақытты болып кетсең мына менде өте қуанамын деп құшақтап тұрып бетімнен сүйіп қоштасты . Міне осылайша менің Акардан басым босады . Былайша айтқанда құлдықтан құтылдым . Енді менің алдымда қайда барамын деген ой тұрды . Өйткені апта - он күннен соң мына жерден кетуім керек . Ал ауылға баруға болмайды . Өйткені оқу аяқталмаған . Оқуың не болды қызым десе оған айтар сылтауым жоқ . Қысқасы сол күні кешке Алматыда жүрген екі жылда бірде бір рет барып көрмеген паркке басым салбырап жалғыз келдім ...
Көзді ашып жұмғанша Акардың берген аптасы да өте шықты . Енді менің үш - ақ күн уақытым қалды . Үш күнненсоң мен мына жерден кетуім керек . Бірақ бұл үйден қызық кетті . Өйткені қызықтың бәрі Қайратпен бірге кетті . Оны менің көзім қимады әрине . Дегенмен амалым жоқ . Жоғалып кеткенді іздейтін болсам онда мен Оралханды іздеуші едім . Тап қазір оларды ойыма алғаннан басқа шамам жоқ . Ойламай қайтейін , мынандай қаңыраған үлкен үйде жалғыз жатырмын . Бұрын осы үйдегі телефон шырылдаса қуанушы едім . Өйткені ол ақша еді . Ақша болғандада үлкен ақша еді . Қазір бұл телефонның да үні өшкелі қашан . Ешкім қоңырау соқпайды . Тіпті хал - жағдайыңды сұрамайды . Өйткені мен мұндағы ойыннан шығып қалғанмын . Бірақ мен емес мені Акар шығарып тастады . Әне , кенеттен сол телефон шырылдады . Үйреніп қалғанмын ғой , жетіп барып Алло дедім .
- Салемка , қалайсың Айчка -деп жөн сұрап тастады . Танып тұрмын , бұл Акардың даусы . Ия ия , сол өзімнің бұрынғы бастығым Акардың даусы . Не дейін ?
- Жақсы , құдайға шүкір . Үйдемін- дегенді айттым .
- Айчка , ешқайда кетпеші , қазір келемін -деп тұтқаны қоя салды . Рас айтамын , тап солай деді . Оны мына өз құлағыммен естідім . Естідім де қорқа бастадым . Ол қазір - ақ жетіп келеді . Келеді де үйден шық дейді . Өйткені айына елу мың ақша төлеп жатыр . Оны жалғыз мен үшін төлеп жатыр . Құрсын енді қайда барамын . Ауылға қайтуға әлі жол ашылмаған . Өйткені оқуым біткен жоқ . Жазғы каникулға екі ай бар . Сонда қайда бармақпын . Соңғы күндері орталық паркке екі рет бардым . Көз салғанда , сөз салғанда еркек көп болды . Бірақ құрғыр ішінде оңғаны жоқ . Оңғаны болса оның ақшасы жоқ . Тіпті қытайдың лапшасын жеп иірелеңдеп жүрген өңшең студенттер . Ал олардан маған не пайда . Күйеуге шығып күнімді көралмай жүрсем күлкінің көкесі сонда болмайма . Дос бар , дұшпан тағы бар . Сорлының жеткен жері сол екен демейме . Қысқасы миым ашып , басым қатты . Қайран Болатым менің . Сен нағыз азамат едіңғой . Бірақ арманыма жеткізбей жарты жолдан қалдырып өте шықтың ау . Қайран Оралханым менің . Сеніменде жоспарым көп едіғой . Сеніңде іс - түссіз жоғалып хабарсыз кеткеніңбе . Қос көзіме еріксіз жас келді . Бұл менің жазықсыз төгілген көз жасым . Обалы кімге дейін , әрине өзіме , жалғыз өзімеғана . Құдайға деуге қорқамын . Өйткені құдай маған көрік берді , ерік берді . Бірақ оны бағаламаған мына өзім емеспін бе? Қой айтып жылағаннан не пайда , онанда кетейін . Шомылып өз - өзімді жөнге келтірейін . Әйтпесе Акар келіп қалар . Оның талабын бұрыннан білемін ғой . Тап - тұйнақтай таза жүруің керек . Киіміңде кір көрсе бітті , жалбыраған шашыңды көрсе бітті . Жер жебіріңе жетіп жаныңды шығарары сөзсіз . Душқа кіріп шомылып жатқанда үйге кірген аяқ дыбысын естідім . Тез қимылдап тез жүргенінен ақ мұның Акар екенін түсіндім . Есіктерді бірінен соң бірін ашып “Айчка” деп айқайлап жүр .
- Иду -деп алып қызыл түсті халатымды үстіме тастап душтан шықтым . Әрине алдым ашық , сұлу мүсінім жарқырап тұр . Қос анарым мен мұндалап шақырып тұр . Алайда Акардың онымен ісі жоқ .
- Айчка , алдыңды жапшы -деп келіп түймелерімді ілдіріп көмектесіп жатыр . Құдай ау бұл ненің құрметіне . Бұрын мені көрсе бас салып киімімнің бәрін шешім лақтыратын . Ал мынаусы енді қызық екен . Мұның сырын мен бөлмеме кіргенде түсіндім .
- Айчка мен намазға жығылдым . Бүгін міне үш күн болды . Тап қазір мешіттен шығып келемін , өмірімде алғаш рет барғанмын -дейді . Мына сөзге төбемнен жай түскендей болды . Өйткені осыдан тура бір жарым жыл бұрын бір кейуана мағанда намаз оқы деген еді . Сол кейуана есіме түсіп кетпесі барма ? Бірақ мен әлі өте жаспын ғой . Жеке өмірімді жөнге салып алсам , намазды кейінде оқи берермін . Ең бастысы оқуымды аман сау бітірсем болды . Ал Акардың менің ойыммен шаруасы жоқ . Өз ойымен өзі әлек боп сөйлеп жатыр .
- Жаның тазарады , тәнің тазарады . Намаз деген рухани тазару деп үсті - үстіне әңгімені жіберіп жатыр . Апыр - ай деймін да . Кеше ғана қыз сатып ақша тапқан күнәһар еді , бүгінгі сөзін қарашы . Негізі осындай алқаш , ұры , қатынқұмар еркектерді соңында молда болады деуші еді . Сол сөз рас екенғой . Әйтпесе мына Акарды намазхан болар деп кім ойлапты . Оны өзі де білмеген болса керек . Бірақ бұл менің ойым . Ал ол болса әлі сөйеп жатыр .
- Айчка , мен жаңа бизнес ашып жатырмын . Сол үшін асығыс едім . Мұнда сенімен есептесіп кетуге келдім . Өткенде айттым ғой , менде сенің 231 мың ақшаң қалды . Өз есебің бар шығар , есіңдеме дейді қалтасына қолын салып жатып . Әрине . Акар мұны дөп айтып тұр . Менің есебім бойыншада сондай ақша . Бұл сол кездегі өте қомақты ақша . Эххх , бірақ мұндай ақшаны табу үшін мен не істемедім . Талай - талай ұйқысыз түндерді өтірдім . Тіпті үш еркекке бір мезгілде жалғыз да жегілдім . Өзімдей қызға ғашық та болдым . Құдай сақтасын , небір құйтырқыларды көрдім ғой . Сондада есіне салайын .
- Ия есебің дұрыс , бәрі есімде ғой . Бірақ мен бүгін қайда барамын . Баратын жер тапқаным жоқ еді . Пәтер тапқанша осында қала тұрсам болмай ма ?-деп сұрадым .Ол мені тыңдамады . Қалтасынан шығарған ақшаны шытырлатып санай бастады . Екі жүз отыз ...екі жүз отыз бір ...деп келіп тоқтамады , онанда әрі кетті . Сол күйі 250 ге барды . Сөйтті де санап ал деп алдыма тастап орнынан тұрды . Енді мен санай бастадым . Ақша көрсем болды , қайта - қайта санай беретін бұрыннан әдетім . Ол болса ерте көктем ғой күртешесінің алдын ілдіріп кетуге дайын тұрды . Бірақ мен санап бітпедім . Өксігімді басалмай еңіреп жылап жібердім . Сонан соң жер бауырлап жата кеттім . Мұны көргенде Акардың жүрегі елжіреп сала берді . Қолтығымнан демеп отырғызып су әкеліп ішкізді . Сонан соң барып әңгімеге көшті .
- Айчка- дейді . Жыламшы , кешірші мені дейді . Қайрат сенің теңің екенін білемін . Ол сені шын сүйді, сен оны шын сүйдің . Негізі сол Қайрат менің туған інім . Оны жас кезінде тәтеміз алып кеткен . Әкем көзі тірісінде соған берген . Оның мамасы, менің әкемнің жалғыз қарындасы . Біз әкеден үш ұл тудық . Мен Қайрат және ең үлкеніміз Ильяс деген . Ильяс ағамыз осыдан бес жыл бұрын марқұм боп кетті . Мен жалғыз қалдым . Сол үшін бауырым Қайратты осында алдырдым . Біз деген қазақтармыз ғой . Біздің қанымыз таза болуы керек . Егер екеуміздің арамызда ештеңе болмағанда еді , онда мен сенің өткеніңе көз жұма қараушы едім . Қайратқа жоқ демес едім , кет демес едім . Өзің ойлап көрші . Қайрат екеуің үйленсеңдер мен қалай өмір сүремін . Өйткені сен менің құшағымда болдың . Менімен төсектес болдың . Сонда қалай мен сені өзіме келін қыламын , айтшы . Бұл мен үшін өліммен тең емес пе ?Негізі осының бәріне мен кінәлімін . Екеуіңнің араларың жақындай түскенін біліп жүрдім . Бірақ мұншама деп ойламаппын . Ал сен жайлы ұсақ түйекке дейін бәрін білемін . Тіпті қызбен жақындасқаныңды да білемін . Ол қыз маған сені сұрап талай келген . Үлкен көлемде ақша ұсынған . Бірақ мен сені бермедм . Өйткені көзім қимады . Енді тыңдашы мені . Тап қазір сен Қайраттан айрылғаныңа өкінсең , сол қызға бермегеніме мен қатты қуанамын . Себебін білесің ба Айчка ?Әрине білмейсің ғой . Өйткені ол қыз анау шалды байлығы үшін өлтіріп сотталып кетті . Міне көрдің бе , осы күні сен де сотталып кеткен болар едің . Сол үшін тәубеңе кел . Барына қанағат қыл . Өткен іске өкінбе . Сен ертең ақ бақытты боласың . Өйткені бақытты болуға лайықты қызсың . Ал енді мына үйде қалам десең тағы да бір айға қала ғой , менен рұқсат саған деп қалтасынан ақша шығарып санай бастады . Қолына қарап отырмасам да ,менде іштей санап отырдым . Ол болса сол санаумен елуге барды . Сонан соң бұл ақшаны да алдыма тастады . Сөйтті де орнынан қайта тұрып кетуге асықты . Содан есікке жеткенде барып кейін қарап
- Айчка .Сен енді екі жылдан кейін дипломыңды алып кетуді ұмытпа . Менің айтқанымды қылсаң мұнда қалмай ақ қой . Ауылыңа қайт , үйіңе бар . Оқуымды сыртқы бөлімге ауыстырдым де . Сонда алты айда бір Алматыға келіп қыдырып кетіп тұрасың . Ал енді Айчка хош бол , амандықта жүздескейміз деп есікті тарс жауып көзден ғайып болды . Соңынан қол бұлғап еріксіз жылап мен қала бердім . Өйткені мұны да көзім қимады . Хоштасудың қиыны міне осы екен дерсің . Басқа амалым жоқ , бұған да көндіктім . Қысқасы арадан үш күн өткенде басқа пәтерге ауыстым . Бірақ ол пәтерде мен бір өзім тұрдым . Енді менің жанымды жалғыздық жей бастады . Жата беруге тағы да болмады . Өйткені қалтамдағы ақшаны жеп қоямын . Демек маған не жұмыс жасау керек не көмектесетін демеуші керек . Қайсы жолды таңдаймын . Адал еңбекпен тапқан нан тәтті ғой , бірақ мен жұмысқа жоқ , шорқақпын . Оның үстіне ұйқыны өте жақсы көремін . Ал екінші жолды таңдасам ше . Онда маған мүмкіндік өте көп . Өйткені мен көшеге шықсам болды , еркектен аяқ алып жүре алмай қаламын . Бірақ ондай еркек қайда бар . Ия ия есіме түсті , білемін . Ондай еркек қымбат ресторандарда бар . Қысқасы өз тағдырымды осылайша өзім шештім . Келесі күні супермаркетке барвп жаңа киімдер алдым . Қаланы қыдырып көше кездім . Сол күні ақ бір қалталы құрығыма ілінді . Бірақ онымен көп жүрмедім . Бірталай ақшасын алдымда хош бол дедім . Өйткені ол маған ұнамады . Ақшасы болмаса айналасынан қыз өтетіндей еркек емес . Онан екінші бір еркек жолықты . Оныменде солай болды . Тамағын ішіп ақшасын қалтаға бастым . Сонансоң олда кетті . Кеткенде кете салмады , кет деп мен кетірдім . Міне осылайша өмірім жалғаса берді . Сөйтіп жүргенде жазғы каникул келді . Бірінші курсті бітірдім деп ауылға бардым . Біраз жүрдімде Ордаға қыдырып бардым . Онан асып Аралдағы ағаммен жеңешеме бардым . Сонансоң ойларында түк жоқ әке - шешемді тағы алдап Алматыға жеттім . Жеттімде бұрынғы әуеніме қайта бастым . Бұрынғыдай бойдағына жоламадым . Тек қатын бала шағасы бар еркектерді жағаладым . Бірімен бастап , бірін тастап ақшасын алып жүре бердім . Өйткені өзіме ұнайтын еркек кіндік кездестірмедім . Кездесері сөзсіз , кездескенше деп жүре бердім . Осылайша желтоқсанның соңғы күндері жақындай түсті . Ауылға барып жаңа жылды өз үйімде достарыммен қарсы алдым . Бұл кезде достарымның қатары сиреп , ұлы үйленіп қызы тұрмысқа кетіп жатты . Ал менің онымен ісім болмады . Алматыға келіп түнімен шайқап күнімен ұйықтап жүребердім . Сөйтіп жүріп екінші курсты бітірдім . Осылайша әп - сәтте Алматыдағы үш жылым өтті . Бұл кезде менің еркек атаулығы бойым қатты үйреніп алды . Тіпті еркексіз үш күн әрең шыдайтын дәрежеге жеттім . Ал Алматыда ауыспаған жерім қалмады . Пәтерден пәтерге көшумен болдым . Өйткені бір ауданда бір мекен жайда қайта - қайта көзге түсе беруге болмайтын еді . Біріншіден менттердің көзіне түссең екіншіден ескі клиенттерің көрсе кешірмейді . Аузын аңқитып тұрып ақшасын алып тайып тұрғаның бар . Бұл кез келген жезөкшенің істейтін ісі . Онсыз болмайды . Оның соңы насырға шабуы мүмкін . Сол үшінде үш жылда алматының мен білмейтін тесігі қалмады . Тіпті бұл да түк емес . Ең қауіптісі бұл формасыз жүретін менттер . Міне солардан тырқырап қашасың . Өйткені қолына түссең аямайды . Оларға не тегін беріп құтыласың не ақшаңды беріп құтыласың . Ал арасында ақша деп өліп қалғандары болады . Олар болса қалтаңды қағып алып қоя береді . Міне бұл шындық , бұл ақиқат . Сосын олар өкіметтен сені қорғадым деп айлық алады . Негізінде түк қорғамайды . Тек қорлайды . Себебі олардың қолында ең басты козыры бар . Әке шешеңе хабар береміз дейді . Оқуыңнан қудыртамыз дейді . Сол үшінде шеш десе шешесің , жат десе жатасың , бер десе бересің . Болды бітті , басқа амалың жоқ . Қысқасы бір күні керегімді алуға дүкенге кірсем әп - әдемі жігіт ағасы сауда жасап тұр . Қолында бір бума қып - қызыл ақша . Бұл сол кездегі жаңа шыққан бес мыңдық . Үндемей барып қатарласып тұра қалдым . Былайша айтқанда кезекте тұрсың . Содан не керек саудасын жасап болған жігіт шығуға ыңғайланды . Сонда ғана мені көріп қатты да қалды . Демек бұл менің құрығыма ілінді деген сөз . Бірақ мен сыр бермеген боп саудамды жасай бердім . Ол мені күтіп тұрды . Мен керегімді алып сыртқа беттедім . Соңымнан ілесе шықтыда сөзге тартты .
- Қарындас кешіріңіз , сұрасам бола ма?- дейді . Әрине айта қойыңыз демеймін ғой . Түк түсінбеген адам сияқты көзіне қарап
- Түсінбедім сізді -дедім . Содан басталды дейсің келіп .
- Қарындас тұрмыстасызба, айтыңызшы- деп сұрады . Міне бұл ең бірінші сұрақ .
- Не болып еді , оқушыға ұқсап тұрмын ба ?-дедім . Міне осыдан соң сынды дей бер .
- Жоқ , просто тұрмыстасыз ба ,соны білгім келген- дейді .
- Ия тұрмыста болғам дедім . Міне осы болғам деген сөз оны түптен есін кетіреді . Өйткені болғам деген сөз сенің ажырасқаныңды білдіреді . Енді жігіт онан әрі сайрай бастады .
- Қарындас,таныссақ бола ма?- деп безек қақты .Ұзын сөздің қысқасы танысып үлгірдік . Бірақ мына жігітпен абай болуым керек . Өйткені бұл өте көрікті жігіт . Оның үстіне өте қалталы жігіт . Мұндайлар сенің жезөкше екеніңді білсе тіпті жақындамай қоюы да мүмкін . Ал мен мына жігіттен айрылмауым керек . Себебі менің іздегенім міне тап осындай жігіт . Қысқасы таныса келе осы Алматынікі болып шықты . Астанада жұмыс істеп сонда тұратын болып шықты . Отбасында әкесі де шешесі де өзі де үлкен қызметте жұмыс істейтін боп шықты . Ұзын сөздің қысқасы енді менің осы жігітпен махаббаттым басталды ...
Жалғасы бар...