Болған оқиға желісімен

Ғани Әлихан

Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының біріне студент атанғанымды естіп жаным жай тапты . Бірақ , Айша Тұрманқызы пәлендей оқуға қабылданды деген справкадан басқа қолымда түк болмады . Тап осы күні біреу сенер біреу сенбес , мен сол оқу орныма бірде бір рет барып көрмеппін .

Ал аты жөнім жазылып бағалары қойылған зачёткамды Акардың қолынан талай көргенмін . Өйткені соның бәрін жасап беруді Акар өз мойнына алған . Есесіне қалаған кезде мен оның төсегінен табылып жұмсаған жеріне жоқ демей баратынмын . Акарда мені өзінен тым алыстатқысы келмейтін . Көзі қимай қызғана қарайтынын ішім сезіп жүретін . Дегенмен мен оның тек төсекте ғана ойынан шығатын қыз екенімді білемін . Ал оған лайықты өмірлік жары болуға әрине жарамаймын . Өйткені сенің өткен кеткеніңді білетін намысы бар еркек жолда жүрген жезөкшені қайтсін? Тек қажетіне жарап , ақша тауып тұрсаң болғаны . Сондай - ақ Акардың қолында менің барлық құжаттарымның жүруі тегіннен тегін емес . Зачётка кітапшам , студент деген корочкам тіпті төлқұжатыма дейін осы Акарда болатын . Негізі мұныңда бір өзіндік құпия - сырлары бар . Атап айтсам , сол жылдары Алматыдағы жезөкшелер үйін жүздеп санауға болатын . Міне солардың бәрі бірі - біріне тікелей конкурент . Қайсының қыздары сұлу ,  қайсының қыздары жас сондай -ақ қайсының қыздары тәжірибелі болса , соның дәурені жүріп тұрған кез . Сондықтанда менің бар құжаттарымды Акар алып қоюы бұл заңдылық . Өйткені мендей сұлу қыздан айрылса мен келтіретін ақшадан да айрылады . Мүмкін бұл сіздер үшін ертегідей көрінер алайда келген клиент сонша қыздың ішінен сұқ саусағымен мені көрсететін . Тап қазір ВИП статусқа өткелі мұндағы әңгіме тіпті де бөлек . Өйткені ВИП қыз дегенді клиент көрмей - ақ заказ бере алады . Себебі сенің кез келген клиентке ұнайтының анық . Бірақ осы ВИП қыз дегеніңнің жақсы жағынан жаман жағы көп . Өйткені сенде отказ деген сөзді айтуға болмайды . Клиент не қалайды , қалай жасатады бәрі солай болады .Тіпті бір мезетте үш еркекке дейін қызмет көрсетуге дайын болуың керек . Егер төртінші еркек қосылса онда сенің бағаң екі есе өседі . Ал бесінші еркекті қосу не қоспау , ол өз еркіңде боп саналады . Ол үшін сені ешкім сөкпейді , зорлай алмайды . Міне бұл жезөкшеліктің ең ауыр әрі ең жиіркенішті түрі .О баста айтып өткенімдей , бұл бергі дүниедегі тозақтың түрі . Бірақ амалың жоқ , бұл тозаққа да үш күнде үйренесің . Қысқасы қашарға бауың басарға тауың қалмайды . Өйткені бұл , өзің таңдаған жол . Міне бүгін де дәл солай . Кешкі сегіздегі клиентті күтіп жатырмын . Қалай болғанда да уақытынан қалмай сонда болуым керек . Оның үстіне бүгінгі клиенттерім шетелдік азаматтар . Ал баратын жерім қаланың қақ ортасындағы қымбат қонақүйлердің бірі . Мұны маған әдеттегідей Акардың өзі айтқан . Айчка шетелден келген сыйлы қонақтар қысқасы инвесторлар деген . Демек , мені бүгін тозақтың тағы бір түні күтіп тұр деген сөз .

Әне , анау аулаға кірген көлік Акар жіберген көлік . Көлік болғанда да жәй көлік емес қымбат көлік . Қысқасы көлігім келген соң әлі уақыт баршылық қой шомылып шығайын деп душқа кірдім . Әшейінде есік алдында күтіп отыратын жүргізуші жігіт үйге кіріп келді . Айчка ,Айчка деп дауыстап қояды . Бұл менің жүргізушім Қайрат деген жігіт . Бұл біздің Акардың туған жиені . Тек қазақ деген аты ғана бар жігіт . Жасы менен екі - ақ жасқа үлкен . Әскерден келгелі осында жүрмін дейді . Туып өскен жері Ресейдің Астрахань облысыдағы қазақтар көп тұратын Камызяк деген жерден екен . Өткендегі менен көз алмай тесіле қараған жүргізуші жігіт осы жігіт . Соңғы кездері өзі маған әбден үйір боп алды . Қазақшаға шорқақ сорлы ананы- мынаны айтқысы келеді . Бірақ менің орысша түсінбейтінім кедергі болып діңкесі құрып жүр . Міне мына Айчка деп айқайлап жүрген дауыс соның дауысы . Бұл бұрын менің бөлмеме бұлайша баса көктеп кірмейтін еді . Неде болса тығыз шаруасы барғой деп асыға басып душтан шықтым .

Қарасам бір құшақ гүл ұстап алған сорлы маған қарай жүгіріп келеді .

  - Айчка , Аюша дейді ентігіп кеп гүлін ұсынып жатып . Ойымда түк жоқ мен оған .

 - Не боп қалды? -деймін қазақшалап .

 - Аюша , Аюша давай в Россию поедим а- дейді жыламсырап . Мына сорлыны жын ұрған ба, әлде есі ауысқан ба?

 -  Әй қайдағы Россия ? Сен өзің есің дұрыс па?  Россияңда не бар ?-дедім бетіне бажырая қарап, таң қалып . Сөйтсем мына сорлы тағы да міңгірледі .

 - Аюша мен сены люблю ғой жаным , понимаешь . Қазақстаннан кетейікші . Россияда мой большой дом . Там и мама , одна . Троём будем жить . Барын тасташы , кетейікші -дейді құрақ ұшып . Қой мынауыңның есі дұрыс емес . Дұрыс адам осылай дейме . Жезөкше екенімді біле тұра айтып тұрған сөзі мынау .

 - Қумаше Кайрош , қазір Акарға звондасам білесің ба не болатынын . Онанда төменге түсте , көлігіңе барып күте тұр . Мен киініп түсемін , сағат жетіден кетті деп теріс бұрылдым . Алайда қолымнан ұстап алған сорлы жіберер емес .

 -  Айчка , Акар калада жок . Он только что заграницу улетел . Пока его нет , мы убежим . Түсынсеншы мен сены жаксы корем ғой . Ведь сама говорила что хочешь сбежать отсюда -дейді онан сайын құшақтай түсіп . Бұл енді жынды десем нағыз жынды . Акардан қашып қайда бармақ сонда . Мына мен үшін Акар дегенің ешкімді де аямайды .

Ал мына боқмұрынның ойын қара .

 - Әй сорлы , ажалыңнан бұрын өлгің кеп жүр ме сенің ? Жібер деген соң жібер мені . Ертең Акар келген соң айтып берсем , көзіңе көк шыбын үймелеп кетер . Немене , мына Алматыда менен басқа қыз құрып қалып па саған?- деп жекіп бердім . Сорлы шалақазақ мына сөздерімнің бірін түсінсе, бірін түсінген жоқ . Тіпті тізерлеп отыра кетіп жалына бастады .

 - Жаным меним . Неужели ты не можешь . Оставь всё это , давай кеттык . Ты создана не для этого . Жаным сол . Кетейыкшы- дейді жалынышты үнмен көзі мөлдіреп . Астапыралла , мына сорлы шыныменде ғашық боп жүрген екен ғой . Оны мына жас үйірілген көзінен анық көріп тұрмын . Ғашықтық дерті жаман дерт . Ондайды мен Оралханнан бері білемін . Құдайым басыңа бермесін . Онымен бірге өліп тірілгенім рас . Құрсын енді қайттім . Мына сорлының жағдайын түсініп тұрмын .Тізерлеп отырған күйі белімнен қапсыра құшақтап еңкілдеп отыр . Тіпті бас көтеріп бетіме қарауға шамасы келер емес . Тұла бойым дірілдеп толқып сала бердім . ВИП статусқа өткен соңғы екі айда , мұндай жас жігіттің құшағын көрмегенім рас . Жастың аты жас емес пе ?Ақша үшін жатқаннан шын сезіммен сүйіп , құшақтап жатқанға не жетсін ?! Өтірік ыңырсып өтірік ойбайлағаннан үнсіз жатып ыстық деміне тойғанға не жетсін ?! Қай жерде жарылмаған бас . Кімдер сүйіп кімдер тістемеген ерніммен , қос анарым қалып еді . Қара қытай сипаған тәнімді өз қазағыма неге сипатпасқа . Қабырғадағы асулы сағатқа көз жүгірттім . Сағат тілі жетіден он минөт кетіпті . Әлі біраз уақыт бар . Мына сорлыны тап қазір қалпақпен ұрып алсам ертелі - кеш пайдасы тиіп қалар . Еміреніп емешегі үзіліп өліп отыр емес пе ? Үстімдегі жұқа халатымды төменге сырғыттым . Қолаң шашым төгіліп қос анарым мен мұндалап шыға келді . Сонан соң басын жапқан халатымды басымнан асырып лақтырдым . Саусақтарым шашының арасын шарлап кетті . Бұл қылығыма омыртқасы олжалы жігіттің есі кетті . Емірене отырып кіндік тұсымды сүйе бастады . Жас жігіттің алысқа шаппасы анық . Қажетіме жаратып , қалағанымды жасатайын . Сол аяғымды иығына салдым . Жаным үйіріліп көздерім жұмыла берді . Есімді жиып үлгірмедім . Жас бала қабырғаға тақап тік қойды . Сонан сой үшкір сайманын діттеген жеріне қадап қарқынды күшейтті . Мұндайдан қалыс қалуға менің де хақым жоқ . Қос аяғыммен қапсыра қысып ерніне сүлікше қадалдым . Айтқанымдай алысқа бармады . Бармайын демеді - ау бара алмады . Құшақтаған күйі құлай кетті . Сондағана жыланның басы қолыма тиді . Тәтті уын сығып алдымда көкке қарап қасына жата кеттім . Міне бұл түнгі тозақтан бұрынғы жұмақ еді . Алайда көп жатпадым . Өйткені жата алмадым . Арадан бір сағат өткенде үш қытайлықтың алдында жалаңаш тұрдым . Осылайша жұмақтан шығып тозаққа қайта келдім . Содан үш қытайдын шөлін жалғыз өзім бастым . Арадан бірнеше жыл өткенде менің мұным үлкен дау - дамайға ұласты . Тіпті халықаралық дәрежеге дейін көтеріліп барды . Себебі , сол үш қытайдың бірі қазақтың қонақжайлығы сонша тіпті әдемі қызын қойныма салды деп жазып жатты . Жазғанда да тәптіштеп , үтір , нүктесіне дейін жазды . Тіпті мені мақтай келе , миллиярдым бар қытайдың ішінен сол қазақтың қызындай сұлу қыз көрмедім деп жазды . Оған біздің қазақ намысқа тұрды . Өзінен жүз есе көп Қытайға шүйлікті . Абырой болғанда шекара асқан ешкім болмады . Дегенмен уақыт өте келе бұл дау - дамайда ұмыт бола бастады . Ал мен болсам ше ...мен енді ойлана бастадым . Өйткені Қайраттың етегінен ұстап жетегінде кеткенді жөн көрдім ...

 

Соңғы үш күнде көңіл күйім мүлде жоқ . Қайраттың мына қылығынан кейін мені қатты ой басты . Сырттай қарасаң өзі әп - әдемі көрікті жігіт . Оның үстіне біреудің маңдайындағы жалғыз ұлы . Сөйте тұра мен сияқты жезөкшеге үйленем деп жүгіріп жүргені несі ? Ресейде жігіттер қыздығығыңа қарап отырмайды үйлене салады деуші еді ,әлде сол рас болғаныма ? Біздің қазақта , әсіресе оңтүстікте , батыста мендей қызға үйлену түгілі , жігіт деген маңайына жоламайды емес пе ?Оның үстіне кешегі жеткен жағымсыз жаңалықта жанымды жеп барады . Ордадағы кіші ағам оқуында жүріп біреулемен төбелесіпті . Соңы ушығып ісі сотқа өткелі жатыр екен . Мен оған міндетті түрде баруым керек . Бірақ ол үшін Акардың келуін күтпей амалым жоқ . Өйткені менің құжаттарымның бәрі сонда . Осыдан бір ай бұрын оқуға қабылданды деген қағаз көшірмесін ауылға жібергеннен басқа хабар жоқ . Сол қағазды көргенде үйдегі анаммен әкем төбелері көкке жеткенше қуанған шығар . Қызым міне өзі жұмыс істеп өзі оқуға түсті деп кім көрінгенге мақтанып жүрген шығар . Мақтанбай қайтеді , мұнда менің не істеп не қойып жүргенімді олар білмеген соң . Өйткені менің мына тірлігім ол бейшаралардың түсіне мың ұйықтаса да бір кірмейтіні анық .Тіпті ол жайлы ойлап та көрмеген шығар . Ал үлкен ағам ауылдан жұмыс таппай Аралға кеткен . Сонда жүріп үйленіп соңында қайынжұрты жағына көшіп кетіп тынды . Негізі менің де мына тірлікті тастап , күйеуге кетіп жатқан құрбыларымның қатарына қосылсам деген арман бар . Он екі мүшем сау , ел жұрт білмей тұрғанда қоя салсам ғой шіркін . Алайда оған Акар қалай қарайды , не айтады білмеймін . Ойлап қарасам алдағы төрт бес жылда мына Акардан құтылу жоқ сияқты . Себебі ол өз сөзінде тұрды . Оқытамын деп уәде берді, міне оқытып жатыр . Оқуға түсіп алған соң енді мен кетемін десем келісе қоярма екен ?Меніңше жоқ , оның келіспейтіні анық . Егер ағамның жағдайын айтып ауылға барып келем деп тайып тұрсам ше . Бірақ мұның бәрі менің өз ойым ғана . Әлі ол мені ауылға жіберсе жақсы . Жібермеседе мен не дей аламын . Үйдегілерге оқудан жібермей жатыр деп тағыда өтірік айтқаннан басқа амалым жоқ . Қой , не болсада шыда Айша шыда , шыдай түс . Ал ақымақ Қайрат сен менен аулақ жүр . Мына қылмысымызды Акар білсе сен құрисың . Сол құрыған құрдымыңа мені де ала кетесің . Өйткені мен сен үшін ВИП қыз деген статусыма нұқсан келтірдім . Білмейтіндерге айтайын , келісім бойынша ВИП қыз клиентке барар алдында ешқандай еркекпен кездеспеуі керек . Яғни төсектес болмауы керек . Бұл ондай қыздарға қойылатын басты талап . Оны бұзсаң сол күнгі ақшадан құр алақан қаласың . Тегін қызмет көрсеткенің ғана қалады . Әрине , ол үшін клиентің үстіңнен шағым түсіруі керек . Бірақ құдай айдап мас боп отырған кешегі Қытайлар мұны байқаған жоқ . Ал енді оны біліп қоятындарда болады . Бұл рас нәрсе . Сондай ақшалылар бар ,тіпті айына он , он бес рет ВИП қыздардың қызметіне жүгінеді . Сонда өзіңіз есептей беріңіз .Әр шақырғаны жүз мың теңге болса бұл дегенің бір айда бір жарым миллион теңгеге барады . Енді сол жылдардағы бір жарым миллионды қазіргімен салыстырып қараңыз . Меніңше бес миллион болса керек . Бірақ , бұл бір қыздан ғана Акардың қолына түсетін ақша . Естуімше оның 15 пайызы менікі . Тағы 15 пайызы көкесінікі . Сосын тағы да 15 - 20 пайызы ең жоғарыда отырған көкесінікі . Яғни ең үлкен крышасынікі . Сосын сен жататын коттедж немесе қонақ үйге 5 пайызы кетеді . Демек тең жартысы Акардың қалтасына қалады . Сонда шетелге Акар ұшпай кім ұшсын . Бұл бір ғана бай бақуатты аадамның есебі . Ал енді түкпір - түкпірден тек қыз үшін Алматыға келетін қалталылар ше . Сосын сонау Астанадан ат шаптырып тексеруге келетін шенді - шекпенділер ше . Былайша айтқанда қолында мөрі бар комиссиялар ше . Айта берсем әрине сөзім жетпес . Бұл дегенің әлемдегі ең алдыңғы қатардағы аса табысты секс саудасы . Бұл біздің Қазақстанда да қатты дамыған . Кешегі Қытайлық инвесторлар соның бірғана дәлелі . Бірақ бұл кез келгеннің қолынан келе бермейді . Ол үшін Сәкең , Бәкең қысқасы құдайданда қорықпайтын көкең болуы керек . Сонда ғана сен Акар сияқты миллион табасың . Міне сол көкеңсіз бәрі бекер , соңында сотталып сормаңдай боласың . Міне бұл жезөкшеліктің сіз білмейтін бір тұсы ғана . Ал енді мұның екінші бір қауіпті де жағы бар . Бұл қылмысқа жалғасатын криминалды тұстары . Мұнда ізін суытамын деп із - түссіз жоғалып кеткен өрімдей қыздар қаншама . Кейде осындай клиентке барғанда қорқатын түндеріңде болады . Өйткені барған клиентің араққа сылқия тойып алған есерсоқ боп отырады . Ондайда ес - түссіз еліріп отырып өлтіріп тастасада ешкім білмейді . Сосын шығарып көме салса , онда біттім дей бер . Өйткені ондай іске Акарда араласпайды . Қаттыға барғанда клиенттен құныңды ғана алуы мүмкін . Әрине әріге бармай өзара шешіп сотсыз алады . Өйткені іс сотқа жетсе , өзі де қосыла кетеді .Сол үшінде Бәке , Сәкесі бәріде бастарын бұғып қалады . Ал арадан біраз өткенде қызынынан айрылған бейбақ ағайын - туыс іздеу салады . Сотқа шағымдананды . Бірақ ол қыз ешқашан табылмайды . Міне із - түссіз қыз жоғалды деген осылай болады . Әрине мұндайды естігенде шошисың . Қатты қорқасың . Құдайдан ғана көмек күтесің . Сол үшінде Акардай азаматты паналайсың . Басқа жолың жоқ , амалың жоқ . Оның бергеніне мойын боласың . Қысқасы көп сөйлеп көп айтып кетті демеңіздер . Мұны мен өзімнен  кейінгі өскелең ұрпаққа , сіңлілеріме айтып отырмын . Өйткені менің қателігімді ешкім қайталамаса екен деймін . Мені оқып тым болмаса бір қыз болсада ойланса екен деймін .Сондай жолға түспесе екен деймін . Осылайша күнәмді жуып шайсам деген үмітімді де үзбеймін . Бірақ маңдайға жазғанды көз көреді деген барғой , өткен тарихымды өзгерте алмаймын . Тек осылай жалғыз қалғанымда өкінгеннен басқа амалым жоқ . Өйткені кешегі қытайлардан келгелі құлағым тыныш . Акар шет елге кеткен . Кей - кейде қоңырау соғып тұратын Кристинада бүгін үнсіз . Кешегі Қайраттың да қарасы көрінбейді . Айтқандай осы Қайрат өзі бір қызық жігіт болып тұр . Үйленейік деп жезөкшеге жабысқанын қайтерсің . Күлкіңді келтіреді . Сұлулығыма сүйсініп болып жүрген түрі ғой бұл . Ертең - ақ қазан табақ сыңғырласа , былығымды бетіме басып шыға келмесіне кім кепіл мұның . Мына мен жезөкше болмағанымда , онда ол бөлек әңгіме еді . Бәрі де өкінішті әрине . Әлде, алдын ала басын ашып сөйлесіп алсам ба екен ? Міне ,бұл да табылған ақыл сияқты . Тап қазір қоңырау соғып шақырып алсам ше ?Өйткені келші Қайрат десем болды жетіп келетініне күмәнім жоқ менің .Қой түскі тамағымды ішіп алайында сөйтейін . Алайда сол сәтте бәрі басқаша болды . Тамақ ішіп келейін деп жуынып шайын үйден шыққаным сол екен, қарсы алдымнан Қайрат шыға келді . Кешегідей қолына бір құшақ гүл алып келіпті .

 - Айчка мына гүл саған- дейді . Масқара ! Енді қайттім ?Мынаған не айтайын , не дей аламын ?

 - Салем -дедім де гүлін ала қойдым . Алмасқа амалым да жоқ . Өз аяғымен гүл әкеп тұрған жігіттен алмай ауруым бар ма ?Құрысын алғаныма болса керек , мынауыңнан тіпті ес кетті .

  - Айчка кеттік қалаға , қыдырамыз -дейді .

  - Қыдырғанда қайда барамыз?- деймін мен де таңырқап .

 - Ресторанға барамыз , тамақ ішеміз . Сосын паркке барамыз , серуендейміз- дейді олда міз бақпастан .

 - Мен алысқа кете алмаймын , өзің білесің ғой деймін оған . Өйткені маған кез келген уақытта Кристина қоңырау соғып клиент күтетін мекен - жайды айтуы мүкін . Өйткені Акар жоқта оның сөзі мен үшін бұйрық .

 - Айчка , Акар шет елде жүр аптадан соң келеді . Ал Кристина бұл екі үш күндікте жұмыста болмайды . Бүгін таңертең мамасы қайтыпты . Жұмысын маған тапсырып кетті . Оның есесіне бүгін ертеңдері клиентте болмайды екен . Өйткені құрбан айт дейме сондай праздник екен ғой -дейді .

 - Ия , ия . Айтқандай айт мерекесі басталды . Менің есімнен шығып ұмытып кетіппін ғой . Бірақ сен құрбан айт дегенді қайдан білесің . Өзің қазақшаны сөйлей алмай жүріп -деп сұрадым .

 - Мен мамамнан білемін . Үйде айтып отырады . Сол күні блинчиктер пісіреді . Міне қазақшаны да үйреніп жатырмын ғой . Бірақ Айчка сен үшін үйреніп жүрмін . Тек қана менің қазақша сөйлегеніме күлмеші- дейді көзі жыпылықтап .

 - Әрине күлмеймін жаным . Сен бар ғой өзің өте жақсы жігітсің ғой . Әттең - ай бірақ мен жаман қызбын да деп мойнынан құшақтай алдым . Қысқасы арадан көп өтпей қол ұстасып көшеге шықтық . Онан такси тоқтатып базарға жеттік . Соңында керек жарақтың бәрін алып үйге жеттік . Сол күні иіс шығарып жеті шелпек пісірдік . Оны құрдай ұшып жүгіріп жүріп көршілерге тараттық . Осының бәрінің басы қасында қосыла жортып Қайрат жүрді . Бұл қылығы мені онан сайын ынтықтыра түсті . Осылайша ол маған ұнаған үстіне ұнай берді . Тіпті ертең мешітке бірге барайық әкеме құран бағыштайық дегенді де сол айтты . Басқасының бәріне көнсемде мен мешітке барудан бас тарттым . Баратындай бетім жоқ еді . Өйткені Алланың үйіне баруға Алланың қаһарынан қорықтым . Міне бүгінгі күнім осылайша бітті . Қайрат менімен бірге түнеп қалды . Түнімен құшақтап жатқаны болмаса онан әріге бармады . Бару түгілі ол жайлы ойламады . Осы ісімен ол маған өзінің нағыз берілгендігін дәлелдеді . Шын сүйетіндігін дәлелдеді . Тек қана төсек үшін жүрмегендігін көрсетті . Енді маған Оралхан ұмыт бола бастады . Өйткені таң атқанша шашымды сипап шыққан осы балаға махаббатым қайта оянды . Ол аздай ертесіне тіпті тосыннан сый жасады . Ағамның істі болғанын естігенде Акардың үйіне кетіп барлық құжаттарымды әкеп қолыма ұстатты . Онымен тұрмай темір жол вокзалына ертіп барды . Ақшасын өзі төлеп билетті де әперді . Мен қарсы болмасам бірге барайық деп өтінді . Онан әрі Ресейге кетейікші деп жалынды. Қысқасы мен үшін жұмыр басын қатерге тікті . Ал менің махаббаттым онан сайын өрши түсті . Үзілген үміттің ұшқыны қайта пайда болды . Сөнген сезім қайта тұтана бастады . Ғашықтық деген қайғылы дерт қайта жұқты . Көзімді ашсамда жұмсамда алдымнан Қайрат кетпейтін болды . Есім кетіп қайтып келгенде соңынан еруге бел байладым . Қимай құшақтап тұрып уәдемде беріп ант іштім . Сонансоң Алла деп тұрып пойызға отырып жүріп кеттім ...

Жалғасы бар...