Болған оқиға желісімен
Ғани Әлихан
Жұмысының жөнді жүрмей жатқанын айтқан Мұрат бұл келгенде көп отырмады . Бар жоғы бір сағаттың ішінде қажетін бітіріп өз жөнімен кете барды . Төсегім үшін тастаған ақшасыда мардымсыз болып , бас аяғы бес мыңға жетпеді . Соңғы күндері осы Мұратты сайтан түртіп жүрген сияқты . Өйткені бұрынғыдай ынтасы байқалмайды . Сондай - ақ өлдім , күйдім , сүйдім деген сөзді де көп айтпайтын болды .
Әйтеуір тез - тез жатып шаруасын бітірсе болды , табанын жалтыратып тайып тұратынды шығарды . Қысқасы менің Мұратым қатты өзгерді . Бүгінгісі енді тіпті де артықтау . Тым болмаса төбесінен су құйдырып шомылып алатын . Сонан соңғана мені ертіп үй алдына шығатын . Содан тап көлігіне отырғанша мені құшақтап аймалап , сүюмен болатын . Бұл жолы бәрі басқаша , жұмысым бар деп жедел ізін суытты . Әрине , оның бұл қылығы мен үшін ойланарлық жағдай . Мүмкін ақша беруден шаршаған шығар . Мүмкін , менен жалыққан шығар . Әлде шыныменде жұмысы жүрмей жатырма екен . Әйтеуір соңғы екі келгенінде бұрынғы екпінін байқай алмадым . Бірақ мен оның несіне басымды қатырамын . Маған Мұрат болмаса басқа еркек . Анау Кафеге барсам болды , еркек дегенің қаз - қатар кезекте тұрады . Тіпті , еркекте ес болмайды деген рас - ақ екен . Қалтасында өз тамағына жетпейтін ақшасы бар сорлыларда айналшықтап қалатынын қайтерсің . Ал қалталы азамат дегенді білемінғой . Бір Болаттың өзі кімнен кем еді . Есімде , бәріде менің есімде . Төрт жүз мың теңгеге де киім алып киіп едім ғой . Әйтпесе мен сорлы төрт жүз мың түгіл , қолыма қырық мың ұстап көріп пе едім . Қайран есіл ер . Өлмей тірі болғаныңда ғой . Онда мен мына Мұратты сүймек түгілі қолында ұстамас едім - ау . Бірақ тағдырға шараң барма , жазғаннан озған жоқ деген осы міне . Маңдайымда барды көрермін . Онанда мына баланың бір жағына шығайын күн әлі ертеғой . Оған дейін Микада келіп қалар .
Осылайша пәтер кілтін межелі кірпіштің астына жасыра салып жолға шықтым . Сондағы ойым Мұрат таныстырған апайға жолығу . Сол кісіге іштегі бар сырымды ақтару . Қысқасы аборт жасатып баладан құтылу . Өйткені ендігі Мұрат келемін дегенше үш - төрт күн бар . Осы үш - төрт күнде баланы алдырып , Мұрат келсе сайысқа сақадай - сай отыруым керек . Сол үшінде тездетіп жүріп отырып әне - міне дегенше сол апайдың үйіне жеттім . Бұл айналасы биік дуалмен қоршалған үлкен үй . Қақпадағы шүріппені басып айқайлай бастадым . Арадан көп өтпей ұзын бойлы келіншек шықты .
- Дәмеш апайды бола ма екен?- деп сұрадым .
- Ия бар еді , бірақ сіз қандай шаруамен келіп тұрсыз ?-дейді .
- Маған өзі керек еді . Өйткені ол кісі мені таниды . Жақында ғана менің құрбымды емдеген . Мүмкін болса өзімен жеке сөйлессем дедім . Сонда ғана есікті айқара ашқан келіншек кіріңіз дегендей жол бере бастады . Сонан соң қақпадан басын шығарып көше жаққа қарайлап алды да ілгішті басты . Соңына түсіп жүріп отырдым . Сырт көзге аса үлкен көрнбегенімен апайдың үйі өте үлкен үй екен . Ішкі бөлменің оң жағындағы диванға жеткенде осында отыра тұрыңыз деген әлгі келіншек келесі бір есікке кіріп жоқ болды .
Содан кейін көп күттірмей Дәмеш апайым төбе көрсетті . Мені жазбай таныған болса керек сәлем сауқатсыз әңгімеге көшті .
- Мейрамкүлге не болды , аман ба өзі?- дейді .
- Әрине аман апа ! Денсаулығы өте жақсы -дедім мен де түсіне қойып . Апайдың Мейрамкүл деп отырғаны бұл менің құрбым Мика . Негізгі шын аты Мейрамкүл . Мына апай соны сұрап тұр .
- Ааа аман болса болар . Жас қызға обал енді . Бірақ мұндағы қыздардан жақсы . Кеше бір қыз келді . Көз жасы төгіліп тұр . Сенесің бе қызым , бар жоғы он төрт - ақ жаста . Шешесімен бірге келіпті . Еңіреп жылап отырып алды . Соған ота жасап жаңа ғана болдым . Құдайдың өзі кешірсін енді . Ал енді өзің не шаруамен жүрсің ?-деп маған қарады . Мен не айтайын , бұрын соңды басымнан өтпеген ісқой бұл . Не дерімді білмей сасқалақтап қалдым . Мұны түсіне қойған болса керек апайым әрі сөйлеп кетті .
- Этааа , как её . Ты тоже залетела что ли -дейді .
- Ия апай , жағдай солай боп тұр- дедім басымды изеп көзімді төменге салып . Бұл сөзіме апайым таңырқап қараған жоқ . Көз көріп құлағы үйреніп кеткен болса керек .
- Енді не ойың бар ?-дейді .
- Апай не болушы еді . Алдырсам дегенім ғой . Өйткені әкесі белгісіз . Оның үстіне оқуым тағы бар . Қатты кедергі болатын сияқты -дедім менде міңгірлеп . Менің сөзіме “О божье” деп алған апайым .
- Қазағымның қыздарына не болған өзі . Заман не боп барады . Әлде ақырзаман дегені осыма екен . Бәрімізде ұлмен қыз өсіріп отырмыз . Құдайдың өзі мейрімін салсын . Өрімдей жап - жас қыздар күнде келеді . Сені ғой түсінемін мектеп бітіргенсің ал мына қызды айтсайшы . Бар жоғы он төрт ақ жаста ,он төрт деп үшінші есікке қарап саусағын шошайтты . Содан ақ ота жасайтын бөлмесі сол екенін түсіндім . Алайда арадан көп өтпей жас қызбен бір келіншек сол есіктен шығып маған қарап келе жатты . Жәйбарақат басып менің тұсыма жеткенде бетін тұмшалап жауып есіктен сыртқа шықты . Ойбай , ойбай . Құдай шыныменде сақтасын . Мынауың әлі оқушы ғой . Отырып алып санай бастадым . Жеті жасында мектепке барсада жетінші сыныпта оқиды екен . Мейлі алты жасында бара қойсын . Сонда да тым жас қой . Қасқааа , еркектен өлген біреу болды ғой деп өзімше іштей ұрсып алып сырттай қуандым . Өйткені жасым он сегізге толған мен қорқып жүрсем , мынаны қарашы . Бесіктен белі шықпай жатып еркек не теңі екен . Қысқасы сол оқушы қыздың бет - әлпеті менің есімде қалды . Өзі де мен сияқты сүп - сүйкімді , әп - әдемі қыз . Шіркін - ай , сұлулықтан кенде емеспіз ғой . Орнымнан тұрып айнаға қарадым . Содан шашымды жөндеп ернімді бояп бола бергенімде мұнда кел деген апайымның даусы шықты . Іле шала кабинетіне кіріп бардым . Өзіне қарсы орындыққа отырғызған апайым енді мені сұрақ жауаптың астына ала бастады .
- Әкесін білсең айт кім ?-дейді көзіме қарап .
- Білмеймін -дедім мен де бақырайып .
- Шыныменде білмейсіңба , некелі күйеуің болып жүрмесін- деп қайта сұрады .
- Жоқ күйеуім жоқ . Мен тұрмыста емеспін -дедім .
- Ее көлденең көк аттыдан болды ғой онда -дейді қолына қаламын алып жатып .
- Ия солай , тап өзі дедім . Содан бірдеңелерді жаза бастады .
- Аты жөнің , туған ай күнің- дейді қайта қарап .
- Айша Тұрмаханқызы . Туған жылым 1983 . 06 . 06 дедім . Өйткені шынымды айтпасқа амалым жоқ . Егжей тегжейлі сұрап жатты . Соңында қолыма бір қағазды ұстатып
- Оқып шық , сонан соң астына аты жөніңді жазып қолыңды қоясың . Бірақ сенің әлі де мүмкіндігің бар . Бойға біткен баланы алдыру жақсы емес . Өйткені бұл сенің соңғы балаң болуы мүмкін . Осы отадансоң бала көтермей кетсең өз обалың өзіңе . Себебі аборттан кейін бала туу қабілетің азаяды . Мен саған соңғы рет осыны ескертемін . Мүмкін қол қоймай тұрып тағыда бір рет ойланарсың деді .
Ал керек болса . Енді қайттім . Бала тууға болмайды дейме әлде болмауы мүмкін дейме . Мүмкіе дедіғой , демек неге бала болмасқа . Мақұл , бала болмаса қойсын . Осыдан құтылсам болды деп қолды қойып кеп жібердім . Бетіме үңіле қараған апайым болса қағазды алып аппақ пәпкеге сүңгітті .
- Бес мың теңге болады . Сосын ұсақ - түйек нәрселер бар . Ол бес жүз теңгедей тұрады . Өзім аламын десең , жазып берейін . Алмасаң онда бізде бар , бізден болады . Сен тек қосымша ақшасын төлейсің . Тәәәк . Ертең азанғы онда ота жасаймыз . Жалғыз келмей анау Мейрамкүл құрбыңдыда ал кел . Тек сенімді адамың болсын . Өйткені біздің елдің аумағында аборт жасауға заңмен тиым салынған . Енді түсінген шығарсың деп есікті меңзеді . Қысқасы ертесіне сағат таңертеңгі онда Мика екеуміз Дәмеш апайдың үйіне келдік . Жол бойы қарсылық көрсеткен Миканың сөзін тыңдамадым . Осылайша бас аяғы бір сағатта ішімдегі баладан құтылдым . Міне осы күннен бастап Мика екеуміздің болашағымыз белгілі болған еді ...
Баламды алдырып бойым босаған соң көңілім біршама орнына түскендей болды . Алайда осы күннен бастап Мика құрбымның мінезі қатты өзгеріп шыға келді .Тіпті тұйықтанып алып жақ ашып сөйлемейтін дәрежеге жетті . Әрине оның бұл қылығы менің ызамды келтірді . Сәл сөзге керісіп қалатынды шығардық . О баста екіқабат болғансоң жүйкесі тозып жүр екенғой деп ойлағам . Бірақ Мика құрбым күн сайын құбылып өршіп кетті . Көзім тіке қарамай үрпие қарайтынды шығарды . Бұрынғыдай бірге отырып шәй ішіп сырласудан қалдық . Бұрында үйден шықпайтын құрбым бүгінде үйге кірмейтін болды . Өзінен өзі көшеге шығып кешке дейін қыдырып келетінді шығарды . Қысқасы соңғы бір айда екеуміз бір пәтерде тұра алмайтындай дәрежеге түстік . Өйткені мен жарылуға аз қалып жүрдім . Сол үшінде өзімен ашып сөйлесуге бел будым . Келесі бір кешкі астың үстінде әдейілеп шақырып алып сөзге тарттым . Тыңдап көрсем бұл құрбымның маған деген өкпесі қара қазандай екен .
- Сен өзің құдайдан қорықпайсың ба ?-дейді .
- Қорыққанда не істейін сен айтшы десем
- Балаңды неге алдырдың , мен сенен қорқа бастадым дейді . Әрине , әңгіме кеп тек балаға тірелер болса онда Миканың менімен шаруасы болмауы керек . Мен өз өміріме өзім қожамын . Өйткені бала менікі . Ал егер басқада сұрақтары болса оны ақылдаса отырып шешуге болады . Сол үшін тағы да сұрай бастадым .
- Бала ол менікі құрбым , оны сен белің ауырып тапқан жоқсың . Ал енді басқа қандай өкпең бар . Тап осы жерде ашып айт . Себебі соңғы күндері сен қатты өзгеріп кеттің . Егер менімен бірге тұрғың келмесе онда мен сені ұстамаймын , өз еркің білсін . Ал егер бірге тұрамын десең мынандай бұртиғаныңды қоясың . Саған ертең азанға дейін уақыт беремін . Жауабын айтасың . Тек есіңде болсын . Сен қандай шешім қабылдасаңда менің саған өкпем жоқ , қабылдаймын дедім . Мына сөзге көзін алартып бір қараған құрбым төсегіне барып жата кетті .
Осылайша үш ай бірге тұрып келген құрбым Микамен жолымыз екі айырылды . Негізі тап қазір мен Миканы жамандай алмаймын . Өйткені ол сол кезде бәрін де дұрыс жасапты . Арадан үш күн өтпей жатып өзінен тоғыз жас үлкен екі қызы бар жесір еркекке тұрмысқа шығып кетті . Осыдан соң аңтарылып мен жалғыз қалдым . Осы күні ойлап қоямын, бәлесін қарашы өзінің . Көшеге кетіп жүріп кездейсоқта сол еркекті жолықтырыпты . Жағдайына қанық болайын деп үйіне де барып қайтыпты . Сөйтіп көзі жеткен соң жағасына жармасып кете барыпты . Бірақ, бір қызығы сонда Мика құрбым сол еркекті бір рет те біздің пәтерге әкелмепті . Әкелу түгілі ол еркек жайлы маған жақ ашпапты . Міне нағыз қазақтың ару қызы ! Сүйсіне де, сұқтана қарауға тұрарлық қыз . Бақытты болсын дегеннен басқа айтарым жоқ . Дегенмен, сол күннен бастап Мика екеуміздің жолымыз көпке дейін түйіспей кетті . Ол кеткен соң мен жалғыз қалдым . Енді менің осы жалғыздық жаныма бата бастады . Өйткені Мұраттың да келуі сиреп кетті . Тоқсанға келген кәрі шешесін жерлеп азалап жатып алды . Оның үстіне жұмысы жүрмей біраз әуреге түсті . Мен оған қалай шыдамақпын , тағы да сол баяғы кафемді жағалай бастадым . Негізі бұл жерде аштан өлмейсің . Әйтеуір қарның тоқ киімің бүтін жүресің . Алайда, жаман жақтары да жоқ емес . Ол нағыз әпербақандарға жолықсаң, көзіңе көк шыбын үймелетіп білгенін істейді . Ойына не келеді, соны жасатады . Өйткені ақшаңды төлеп қойған соң онікі жөн боп шыға келеді . Бір күні осындай жорықтан шығып үйге келсем межелі кірпіштің астында белінен бүктетілген қағаз тұр . Кілтпен есігімді аша сала үйге кірдімде оқи бастадым .
“Сен өзің қайда жүрсің , бүгіндікке үш рет келсемде таппадымғой . Бір хабарыңды жазып қалдыршы . Алысқа ауылға кетіп бара жатырмын”- Мұрат деп жазыпты . Ал содан отырып алып ойланайын . Мен не істеп жүрмін өзі ? Мына жүрісім не менің ? Мен қайда барамын ? Болашақта кім боламын деген сұрақтар мазалай бастады . Шынымен де сол кезде мені бауырына басып жақын тартатын бақа басты еркектің болмағанына осы күнге дейін өкінемін . Өйткені ауылға қайтып бара алмаймын . Оған бірінші себеп - үйдегілерге айтқан өтірігім болса , екінші себеп - осында жүріп қыздығымнан айрылғандығым . Тіпті, үшінші де себеп бар - ол менің өзімнен төмен құрбыларымның бәрі де қалаға кетіп оқып жатқандығы . Әрине, ең бастысы менің олардан қай жерім кем деген ішкі түйсігім ғой , сөге көрмеңіздер . Ал ауылға барсам ел шалғай ол жақта бәрі де қазақы тәрбие . Күндердің күнінде күйеуге тиіп , қылмысым ашылса, онда менің құрығаным . Себебі, біздің ауыл - сенің әрбір басқан қадамыңды аңдып отыратын ауыл . Демек, кері қайтуға тіпті де жол жоқ . Алла деп алға басып, қалған екі айда ақша жинап, оқуға түскеннен басқа амалым жоқ . Бірақ, құрғыр - ай сол оқуға қалай түспекпін . Ол үшін қомақты қаржы керек қой . Ал мына жүрісте ондай ақшаны қайдан табамын ? Міне , осы ойым мазамды алып түптеп келгенде сол баяғы номерге қоңырау соғуға мәжбүр қылды . Енді мынадай кездейсоқ бақытсыздықты қараңыз, сол номерді жоғалтып біраз күн таппай жүрдім . Әрі іздеп бері іздеп ақыры таппаған соң , соңында күдерім үзіле бастады . Содан бір күні киім ауыстырмаймын ба, сөйтсем күзде киетін шалбарымның артқы қалтасынан шыға келмесі бар ма ? Қуанғаным соншалық , алдымда дүкенге қарап, тұра жүгірдім . Сатушыдан телефонын сұрап алып, номерді тердім . Тағы сол баяғы таныс дауыс .
- Сәлеметсізбе , мен газеттегі жарнама бойынша хабарласып тұр едім . Мүмкін болса не жұмыс еді , түсіндірсеңіз,- деп сұрай бастадым .Сонда менің сөзімді бөле кеткен тұтқадағы қыз :
- Жұмысқа қабылдап жатқанымыз рас , бірақ сіз тезде келмесеңіз орын болмай қалуы мүмкін . Ал жұмыс жайлы келгенде сөйлесесіз . Телефонда ешқандай информация бере алмаймыз . Келем десеңіз міне мынау біздің мекен жайымыз,-деп айтып салды . Сатушыдан алған қаламыммен айтқан адресін толықтай жазып үлгірдім . Содан соң ертесіне-ақ сол мекен жайға жетіп бардым . Алдымнан күлімдей шыққан жас шамасы отыздардағы орыс қызы мені көргенде қуанышын жасыра алмады .
- Ты с какой сказки , красотка дейді . Бар орысшаммен келген облысымды түсіндіріп бақтым . Міне осыдан соң сол күннен бастап бас аяғы белгісіз жұмысқа тұрдым . Негізі о баста жұмысым аса ауыр боп көрінбеген . Сондағысы - келген клиентке массаж жасап беру . Онда да мен жасамаймын, инструктор по массажу дегендер жасайды . Мен болсам қарап тұрамын , былайша айтқанда үйренемін . Олар да өзім сияқты жап - жас қыздар . Бірі-қазақ болса, бірі-орыс, ал енді бірі-кәріс, тіпті өзбектің қыздарына дейін бар . Ішетін жейтінің , жататын бөлмең бәрі - бәрі сол жерден . Сондай - ақ тегін . Ал егер клиент сенімен болғысы келсе олда өз еркің . Қосымша ақшасын төлесе болды , массаждың ақшасына қосып олда сенікі . Тек қана , тең жартысын осында қалдырсаң болғаны . Ал егер клиентті ұнатпасаң онда да өз еркің . Сені ешкім жат деп зорламайды . Міне , қысқасы осындай массаж жасайтын жұмыс . Бірақ, бұл массаждың мен бұрын соңды естімеген атауы бар . Бұл - боди массаж деген түрі . Былайша айтқанда жеңіл желпі киіммен жасайсың . Тіпті, ішкиімсіз жасасаң да өзің білесің . Тек клиентті шыңырау шегіне жеткізіп білсең болды . Сағатына екі мың теңгем бар деп есептей бер . Ал енді бір тәулікте 24 сағат бар . Сол 24 сағаттың 20 сағатын жұмыс істесеңде өз құқығың бар . Тек клиентің шағым түсірмесе болды . Жасай бер , жасай бер , жасай бер . Өйткені клиент дегеннің бас - аяғы жоқ . Тек таңғы жетімен түскі он-он бірлерге дейін азаймаса, басқа кездің бәрінде ығы - жығы адам . Енді кешке қарай, әсіресе, түнгі он-он бірден соң құжынаған клиент . Бірі-біріне қатарласып тұрған он екі есіктің он екісінде де адам болады . Яғни, клиент бар . Сондай-ақ көшеде күтіп кезекте тұрғаны қаншама.Осылардың бәрі де - шықырлаған ақша . Бұл - сенің тапқан пайдаң . Осындағы жиырма үш қыз кезектесіп сол клиенттерге массаж жасап үлгеруі керек . Қысқасы келген клиент кері қайтпауы керек . Бұл - осы жұмыстың басты талабы . Оны осындағы басшымыз Кристина деген қызбен біздің бәріміздің үстімізден қарайтын Аскар ( Акар дейді) дейтін жігіттің бұйрығы . Сол Кристинаң ішкі тәртіпке қараса, Акарымыз сыртқы тәртіпті қадағалайды . Оған кім болса ол болсын тіпті мен деген менттеріңді де маңайымызға жолатпайды . Өйткені олардың көкесінің көкелерімен тығыз байланысы бар жігіт . Міне, мына келген ірі сары еркек менің алғашқы клиентім . Осыған дейін тек ассистент есебінде жүрген болсам , енді басты рөлді осы еркекпен өзім ойнамақпын . Ішке кіргізіп алғансоң әдеттегідей киімін шешуге көмектесіп ілгішке ілдірдім . Сұқтана қараған сары еркек көзімен тесіп іштей ішіп жеп барады . Тізеден жоғары ақ түсті келте халатпен , іштен киген қызыл түсті киімімнен көзін алар емес . Қысқасы мұндай күйдегі еркекті утка дейді . Осы уткаға кілінген еркектен тап қазір он мың теңге сұрасаңда бере салады . Себебі аузының суы құрып есі кетіп отырады . Бірақ ақша сұрауға әлі ерте . Тап қазір оны жеңіл - желпі душқа апарып шомылдыруың керек . Сонан соң қызықтың көкесі басталады . Жалаңаш денесіне денең тигенде сорлы еркек жалына бастайды . Сондағана уткаға түсіп ауыздан небір сөздер кетеді . Әрине сен оған бірден келісе қоймайсың . Мен массаж ғана жасаймын , мен жезөкше емеспін деп біраз қипақтайсың . Ал асау айғыры айқайлап тұрған байғұс еркек ешкімге айтпаймын , қанша керек берейін деп жалына бастайды . Міне осылайша әбден діңкелетіп барып келісіміңді бересің . Қуанғаннан тұра сап киіміне жүгірген ессіз еркек , сол кезде қалтасындағы барын шығарып алдыңа тастайды . Ал онан соңғысы айтпасада белгілі . Шалқалатып отырып азды көпті шауып бересің , бітті . Қалтаңа массаждың жарты ақшасымен еркек берген ақшаның жартысы келіп томп ете қалады ...
Мұнда келгеніме апта өтседе қызу тірлікке араласқаныма бүгін үшінші күн . Осы үш күнде тиіп қашып жүріп тапқан ақшам жиырма мыңнан асып жығылады . Бұл сол кездегі өте үлкен ақша . Осылайша ақшаға деген араным ашылып айналамның бәрін ұмыттым . Өйткені осы қарқынмен жұмыс істеп тұрсам бұл маған оқуға түсуге түгелдей жететін ақша болмақ . Алайда бұл жоспарымның бәрі күтпеген жерден өзгеріп шыға келді . Себебі Акар шақырып жатыр дегенді ести сала сол отырған бөлмеге бардым . Бұл жігітті бұрын сыртынан көргенім болмаса жақыннан таныс емеспін . Мен кіргеннен орнынан тұрып қолын созған Акарым өте әңгімешіл жігіт боп шықты . Азын аудақ аман саулықтан соң диванға отырғызып алып сөзін бастады .
- Қайдан боласың дейді қазақша орысшаны араластырып .
- Ордаданмын дедім менде күлімдей қарап . Басын қасып шашын қайырған Акарым тағы да сұрақты үйіп төкті .
- Новенькая сен ғой ия- дейді .
- Ия- дедім мен де басымды изеп .
- Бұрын қайда жұмыс жасадың , жасырмай айтабер дейді тесіле қарап . Мен оның бұл сөзін түсінбедім .
- Мен мектепті жақында бітірдім , ауылдан жақында келдім . Қайдан жұмыс жасаймын . Қолымда дипломым жоқ болса дедім . Мына сөзіме Акарым сене алар емес .
- Да не может быть . Сен жайлы клиенттер жақсы пікір айтуда . Мүмкін жасырғаның бар шығар , қорықпай айта берсейші дейді басын шайқап . Қысқасы бұл сұрақтың не жайлы екенін кеш түсіндім . Мұның мағынасы бұрын қандай жезөкшелер үйінде болдың дегені екен . Сондықтанда ол менің жоқ деген сөзіме таң қалып жатты .
- Корочи Аичка , сен ертеңнен бастап бұл жерде жұмыс жасамайсың . Өйткені біз сені ВИП қыздардың қатарына қосамыз . Ол жерде мұндағыдан он есе көп ақша табасың . Ал қазірше барып деміңді ал . Бүгіндікке бірде бір клиент қабылдама . Мен қазір Кристинаға айтып кетемін сені босатады деп орнынан тұрды . Осылайша Акармен алғашқы таныстығым басталды . Былайша қарағанда өзі келіскен сымбатты жігіт . Көйлегінің жоғарғы ашық түймесінен мойнына таққан тростағы алтын айы жарқырап көрініп тұр . Демек ақшалы жігіт екені белгілі . Мұндай жігіттің жәйдан - жәй жүруі де мүмкін емес . Қысқасы сол күні түскі асымды ішіп алғансоң осы Акардан келер бұйрықты күтіп жаттым . Қызық ! ВИП қыздар дейме ...ол қандай қыздар сонда . Қандай болсада мына жердегіден ақшаны он есе көп табатын жұмыс болдығой . Егер шатаспасам , мен сияқты өте сұлу қыздар болса керек . Өйткені менің сұлулығыма о бастан ақ осы Акарың сұқтана қарады деп еді . Әлде ...әлде Акардың тек өзіменғана жататын қыздарды солай атайма екен . Түк түсінсем бұйырмасын . Не де болса Акардың өз аузынан естимінғой , сабыр сақтап күте тұрсам күнде батар . Сонансоң көре жатармын . Негізі мен өзіме осы жер ұнайды . Келгеніме апта болсада үйреніп қалған жерім . Ал мұнда мен ВИП қызбын дегенді естіген емеспін . Демек ол қыздар басқа жерде болса керек . Осылайша ойға батып ұйықтап кетіппін . Акар айтқанындай мені ешкім оятқан жоқ . Тіпті бөлмеме кірген қыздарда бұрынғыдай қарқылдап күлгенді қойып , сыбырласып жатты . Мен болсам сол жатқаннан мол жатып күн батқанда бір ақ тұрдым . Беті қолымды жуып өз өзімді ретке келтіремін дегенше болмады есікті қаққан қыз .
- Киініп алда төменге түс , сені Акар күтіп тұр деген хабарды жеткізді . Қысқасы арадан көп өтпей бұтыма келтенің де келтесін киіп аузы басымды бояп сыртта тұрған қымбат көлікте отырдым . Алайда көліктегі жүргізуші жігіт басқа жігіт . Бұл жас шамасы өзіммен қарайлас мүлдем жас жігіт . Мынауың енді анық Акар емес . Сонда ол қайда жүр , тіпті қайда бара жатырмыз ол жағы маған белгісіз . Үй алдынае жүйткіп шығып көшедегі қаптаған көліктерге араласа кеттік . Сондада артқы көріністі көрсететін айнадан мына бала көзін алмай маған қарап әлек . Бұл қылығы ерсілеу көрініп жолыңа қарасайшы дегім келген . Алайда бағдаршамға тоқтаса болды тесіле қарап қайта қадалады . Мен айтқаныма қоя салатын түрі жоқ . Бар болғаны екі көзі менде . Ұрлана қарап өліп өшіп барады . Осылайша көзбен атысып отырып қала сыртындағы қызыл кірпішті үйге жеттік . Бірақ мына үй қаңырап бос тұр . Айналасы тып - тыныш . Ауласында қаптаған көліктерде көрінбейді . Бізді күтіп алатын Акарда жоқ . Мені түсіріп есікті көрсеткен жүргізуші жігіт сол жерде кері қайтқан . Аяғымды сылтып басып есікке жеткенде шүріппені бастым . Көп өтпей тысырлап жеткен аяқ дыбысы есікті ашты . Бәсе осында екенғой , қолымнан ұстап ішке кіргізген жігіт бұл Акар еді . Ә дегеннен хал - жағдайымды сұрап шыр - пыры шықты . Сонан соң кофе құйып келіп қолыма ұстатты . Қарның тоқпа не ішесің деп оны да сұрап тастады . Қысқасы бұл мені шыр айналып құрдай жорғалады . Ал мен болсам ВИП дегеннің не екенін түсіне алмай ойланып отырдым . Міне , міне енді қызықтың көкесі басталды . Қолыма жап - жаңа сүлгі ұстатып душқа кіргізді . Тас төбемнен су шашып шампунь құйды . Денеме тиген жылы суға менде шомыла бастадым . Сол аралықта Акарымнан ес кетті . Өзім шешуге жеткізбей ішкиімдерімді жыртып лақтырды . Қапсыра құшақтап қос анарымды қысып - қысып жіберді . Онан төменге қол жүгіртіп сипай бастады . Енді міне , менен ес кетті . Ерніне сүлікше жабысып сорғым келді . Құшақтап алып мойнынан тістегім келді . Алайда Акарым мені өз еркіме жібермеді . Шашымнан ұстап төмен басып қос тіземе отырғызды . Сонансоң айғырымен екі бетімнен ұра бастады . Менде қалыс қалмадым , қарап қалмадым . Керегі осы болса көрсетейін деп тілге бастым . Осылайша көпке жеткізбедім . Алысқа шаба алмай асау айғыр кісінеп барып бір ақ құсты . Сонансоң аруағынан айрылып жаны жай тапты . Бойынан қуат кетіп басын бұға берді . Қысқасы Акардың маған көңілі толды . Аһілеп уһілеп шомылып алды да шығып тайып тұрды . Менде төбемнен суды құйып - құйып жіберіп сүлгіге оранып соңынан ілестім . Ендігі біздің айқасымыз оның жатын бөлмесінде жалғасты . Ақ тер көк терге түсіп тағы бір рет сілікпесі шықты . Мен болсам осы сәтте өзімді өте бақытты сезіндім . Өйткені соңғы екі айда мынандай таза жерде , таза төсекте болып көрмеппін . Алайда маған ұнамаған бір нәрсе болды . Ол мынау сақтықта қорлық жоқ деген мүшеқап . Онсыз болмайды , бұл сені де мені де сақтайды дейді . Ал маған онымен мүлдем ұнамайды . Бірақ амалың жоқ , дегеніне көнесің . Өйткені Акардың айтқаны айтқан , мен үшін заң . Тіпті бақандай басына кигізіп беруің керек . Енді сол кигізу дегеніңнің өзі жәйғана қап кигізгендей емес .Үрлеп тұрып өз жөнімен кигізуің керек . Бұл мына менің міндетіме кіреді . Мүмкін мұны осы отырғанның бірі білсе бірі білмес . Бірақ сол мүшеқап кигізу дегенің ол жезөкшенің бетпердесі боп есептеледі . Соған қарап сенің тәжірибең мойындалады . Негізі бұлда түк емес . Онанда өткен сорақылары болады . Оғанда жоқ демеуің керек . Өйткені еркек дегеннің мінезі әртүрлі . Екі сүйем еті әртүрлі . Мінез құлқы , ол да әртүрлі . Бірі жәй шапса , енді бірі айқайға басады . Жау қуғандай асыға шабады . Қол аяғыңды байлап , шашыңнан тартып шабады . Тіпті құйрығыңды шапаттап сабалап шабады .Қос анарыңды тістеп көкала торғайдай қылады . Ең қызығы сол осындай істен лаззат алатындар болады . Өз өзіне риза боп көңілденіп қалады . Қысқасы айта берсем сөзім жетпейді . Онан маған пайда да келмейді . Өйткені мен нағыз жезөкшеге айналғаным қашан . Осылайша Акармен өтірген үш тәулігім мені ВИП қыздар қатарына қосты . Он есе көп тапқан ақшасы құрысын , мұндағы құйтырқыларды айтуға тілім келмейді . Мұнда қыз бала деп аяушылық танытуды білмейді . Жалғыз өзіңді үш еркекке жегіп жібереді . Әрине олар кезекте тұрып бірін бірі күтпейді . Үшеуі қатарласа кеп үстіңе төнеді . Қайда барсаң сонда бар , шыдауың керек . Өйткені сенің ВИП қыз деген статусың бар . Соған қоса ақшаңда қомақты . Сағатына жиырма мыңнан жүз мыңға дейін барады . Әрине оның барлығы өз қолыңа тимейді , тек үштен біріғана сенікі . Себебі сенің өміріңе тікелей Акар жауап береді . Ақшаңды бермесе алып береді . Сондай - ақ Акардың адамдары апарып тастап , қайтып алып келеді . Ал мына мен үшін Акармен болған үш күн бәрінен қымбат . Себебі сол күні уәдесін берген Акар , арадан ай өткенде сөзінде тұрып мені оқуға түсірді . Енді менің қуанышымда шек жоқ . Өйткені мен әсем қала Алматыда күндіз оқитын студентпін . Ал өкініштісі сол түнге қарай көше кезген жезөкшемін ...
Жалғасы бар...