Айлин есімді бойжеткен жігітімен азаматтық некеде тұрып жатқанына бір ай болған. Алайда сүйіктісінің үйіне көшіп барған күннен бері оның өмірінде тылсым дүниелер орын алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Жігітім екеуіміз бір оқу орнында оқыдық. Мен оған қатты ғашық едім. Бірақ ол үшін біз жай ғана дос едік. Жігітім бірнеше жылдан бері бір қызбен жүріп, оған сөз салып қойған еді. Той күні белгіленіп, қызу дайындық жүріп жатқан. Бір күні ол хабарласып, қызының жол апатына түсіп, көз жұмғанын айтты", - дейді бойжеткен.
Арудың айтуынша, ол қиын-қыстау кезде жігіттің жанынан табылып, оны өзіне қарата алған. Осылайша сүйіктісінің жарасын өз махаббатымен емдегенін сөз етті.
"Оның маған деген сезімінің қалай оянғанын білмеймін. Бәрі аяқ асты болды. Арманыма дәл осылай жетемін деп ойлаған емеспін. Бірақ сүйіктім менен бір елі алыстамайтындай болды. Үнемі мені іздеп тұрды", - дейді бойжеткен.
Кездесіп жүргендеріне бір жыл болған қос ғашықтар азаматтық некеге тұруды құп көріп, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатады. Бойжеткеннің айтуынша, ол жігітінің үйіне кірген күннен бастап оның өмірінде тылсым жағдайлар орын ала бастаған.
"Түнде біреудің маған қарап тұрғанын сезіп, ұйқымнан оянып кеттім. Айналама қарасам ешкім жоқ. Мүсіні қызға ұқсас болды. Орнымнан атып тұрып жігітімді оятып, бәрін айтып бердім. Бірақ ол маған мүлде сенген жоқ.
Сүйіктім үйде жоқта ыдыстар құлап, заттар өз-өзімен жылжып кетеді. Оған қоса үнемі ысқырықтың даусы естіледі. Ал ол үйде болса, бәрі тыныш", - дейді кейіпкер.
Айлин бұл тылсым жағдайларды жігітінің бұрынғы сүйіктісімен байланыстырады екен. Оның ойынша қыздың елесі арудың мазасын алып, үйден қуып шықпақ.
"Ол мен оның сүйіктісін тартып алдым деген ойда шығар. Мүмкін қызғанады. Мен оны білмеймін. Бар білерім мына үйде жынданып кетуім ғажап емес. Жігітім пәтердің төлемі арзан болған соң осы үйде тұра бергенімізді қалайды. Ал мен елеспен бір пәтерде тұрғым келмейді", - дейді бойжеткен.