Болған оқиға желісімен

Ғани Әлихан

Осылай көлденең аттылармен кездесіп жүргенде тағы да бір жыл зулап өте шықты . Осы бір жылдың ішінде біраз қайғымен біраз қуанышты бастан кешірдім . Қайғым сол кей - кейде үш төрт еркектің ортасында қалып таяқ жегенім . Ақшасын қимаған сорлылар өлтіріп кетуден де тайынбайды . Өйткені еркек атаулы әртүрлі . Бірі Азаматтай , Акардай сөзінде тұратын нағыз еркек болса, енді бірі болмашы ақша үшін өлгенше сабап кететін сужүрек еркек .

Оның үстіне көрсе болды тұла бойыңды тіміскілеп ,бар ақшаңды қағып алатын арамза менттерің тағы бар . Міне сол үшінде сутенёр деп аталатын делдалға барып жалынғаннан басқа амалың жоқ . Ал қуанышым ол түрмедегі ағам мерзімінен бұрын босап келді . Бұл мен үшін бір жағынан қорқыныш болса бір жағынан қуаныш екені сөзсіз . Өйткені ол менің бір әке бір анадан туған бауырым . Қуанбағанда қайтемін . Жезөкшеде де жүрек бар ғой . Мүмкін мен біреулер үшін жүрген бір жезөкше шығармын бірақ қазіргі қоғамда жезөкше болған жалғыз мен емес қой . Өйткені осы көшенің бойында осы кәсіппен күн көріп жүрген қыздарды мыңдап санауға болады . Сенесіздерме жоқ па ,білмеймін кейде көшенің бойына қыздар сыймай орынға таласатын күндері болды . Міне сол қыздардың басым бөлігі мен сияқты қазақтың қыздары . Бұл ащы да болса шындық . Бұл ақиқат . Әрине кінәнің бәрі өзімнен . Аяғымды шалыс басқан мен өзіммін . Бірақ менде бақытты қыздар сияқты бақытты болғым келдіғой . Тек тар жолдан адастым . Адасқансоң өз орнымды қайтып таба алмадым . Міне осы менің басты кемшілігім болды . Мұны мен өзім мойындап та отырмын .Тіпті міне , тағдырдың тәлкегіне ұшырап шыдай алмай шырғалаңға түскен он жыл өмірімді жазып қалдыруға да мойын боп отырмын . Себебін сұрасаңыздар , о баста бәріңізге айтып өттім . Ал енді мен шыныменде оқуымды бітірдім . Бір рет іздеп бардым , таппадым . Акар Дубайға кетіп , келгенін күткеннен басқа амалым қалмады . Арадан апта он - күнді өтіріп екінші рет тағы да бардым . Тағы да таппадым . Әлі де сол Дубайдан келмепті . Қысқасы күдерім үзіле бастағанда мен қалдырған нөмерге өзі хабарласты . Көп өтпей дипломымды әкеліп қолыма ұстатты . Нағыз еркек ер екен , сөзінде тұрды . Ал Мұратты содан қайтып көрмедім . Кездесіп қала ма деп қарайлап жүрсемде кездестірмедім . Алып шаһар Алматыдан іздеген адамыңды көшеден күту ,ол инемен құдық қазғанмен бірдей . Үйін білсем де іздеп бармадым . Өйткені әйелінен қорықтым . Сонымен қатар Нәркеннен де құтылдым . Ол сорлы тіпті әйеліммен ажырасамын үйленейік деп миымды шірітті . Соңында мекен - жайыммен нөмерімді ауыстырып әрең дегенде құтылдым . Өйткені отбасын ойрандағым келмеді . Қарғыс үстіне тағы да қарғыс алғым келмеді . Қайраттан болса күдерім үзілгелі қашан . Акардың сөзінен соң оны мүлдем ұмыттым . Ұмыта алмағаным Нұртаймен Оралхан ғана . Нұртайды кейде теледидардан көріп қуансам Оралханның дидарын көруге әлі де зар боп жүрмін . Қысқасы мен өстіп жүргенде 2005 - ші жылдың жазы келді . Дипломды алып қалтама салып қойғанмын . Әне - міне дегенше ауылға қайтамын деп жүрген кезім . Күнделікті тірлігім , клиент күтіп көшеде тұрсам қалтамдағы телефон шыр ете қалды . Алып қарасам бейтаныс номер . Сөйлесе бастадым . Даусын естігенде тұла бойым шымырлап кетті . Өйткені бұл менің екінші ағамның дауысы . Сағынып қалыпты , дипломымды алғаныммен құттықтап жатыр . Ал мен болсам қатты қорқып тұрмын . Біраз сөйлесе келе сөз соңында саған деген сюрпризім бар деп қойып қалды .
- Қандай сюрприз екен -деп қызыға түстім . 
- Келетін күніңді айт сонда көресің , қазірше құпия қала тұрсын -дейді . 
Бірақ мен айтпасына қоймадым , еркелеп , бұртиып сұрап , мазасын алдым . 
- Мен үйленгелі жатырмын -дейді . Сол сәтте үрейім басылып қуана кеттім . Сонан соң есімді жиып сөйлесе бастадым .
- Кімге , қай жақтың қызы ол , айтшы -деймін . Алайда мен қанша жалынсамда кіші ағам қызы жайлы ештеңе айтпай қойды .
- Келгенде көресің , көрімдік әкеле бер , қазірше құпия- деп қалжыңдап тұрып алды . Тек сөз соңында сен Ордаға келерде қоңырау соқ осы жерден Мен , сен сосын жеңешең үшеуіміз ауылға бірге кетеміз- деп қуантты . Сонымен не керек арадан апта өткенде дипломымды құшақтап Ордаға тарттым . Келіскенімдей қоңырау соғып кіші ағам күтіп алды . Қатал мінезді қырсық болса да бауырым ғой , көрмегелі үш жыл болған . Қатты сағынып қалыппын , көз жасымды төгіп жылап көрістім . Ағам болса ананы - мынаны сұрап біраз аман – саулықтан соң , 
- Қарның аш емес пе? Тоқ болса ауылға жүре берейік , такси дайын тұр- дейді . 
- Ойбай - ау ауылғасы несі , жеңешем қайда?- деймін мен оған таңданып .
- Жеңешең сол таксиде отыр , такси болғанда кластасым Мәлік қой ауылдағы Есеннің баласы ше . Ордаға машинасымен келіпті . Сонымен кетеміз- дейді . 
Мәссаған ! 
Есеннің баласы Мәлікті білемін ғой мен . Білгенде де өте жақсы білемін . Сөз салып қыр соңымнан қалмай жүрген Мәлік қой бұл . Ауылда жүріп үйленбей бойдақ қалған тентек бұл . Өзі ағамның түйдей құрдасы . Бұлда менің ағам сияқты сен тұр мен атайынның біреуі . Қысқасы желдей есіп көлікке жеттім . Есіл дертім болашақ жеңешемді көру ғана . Бұл дегенің қызық емес пе? Әрине кімге болса да жеңешесін алғаш көру қызық қой . Көруге құштармын . Әне әне , ауылға тыным бермей гүрілдеп жүретін Мәліктің көк жигулиі тұр . Оның қасында есігін айқара ашып темекісін тұтатқан Мәлік тұр . Байыптап қарап келемін . Бірақ қыз жоқ , көрінбейді . Менің болашақ жеңешем жоқ . Жоқ емес бар ғой , бар . Бірақ ол артқы жағында отыр . Әйтеуір біреудің басы көрініп тұр . Алыстан қайдан таниын , жақындай түстім . Жолға қажет деп ананы мынаны алуға ағам артта қалған . Шашым жалбырап жалғыз өзім желіп келемін . Міне жеттім . Жеттім де артқы есікке жабысып айқара ашып жібердім . Ойбай масқара , мынау кім өзі ? Өз көзіме өзім сенен алар емеспін . Сол күйі қайта жауып еңіреп жылап бердім ...

  Менің жылағанымды түсінбеген ағам , жұбатып әлек . Бірақ таңданысын да жасыра алмай тұр . Ағама не дейін .
- Қуанғаннан төгілген көз жасым ғой -деп алдап қоямын . Ал енді жыламай қайтейін .
Өйткені мына көлікте өзім талай төмпештеп сені бай алмайды деп кемсіткен құрбым Әлия отыр . Мектептен- ақ сүйкімі жоқ еді , оның үстіне сабақ үлгірімі өте төмен болатын . Сол үшінде жігіт жоламайтын сорлы бүгінді күн менің туған ағама қатын болмақ . Осыған қалай шыдайын . Әрине ішім удай ашып тұр . Жүрегім қан жылап тұр . Ал Әлияның ойында түк жоқ . Көліктен түсіп мені құшақтап ағама қосылып жұбатып жүр . Бірақ бұл қыз білуі тиіс , менің көз жасым қуанғаннан емес өкінгеннен төгіліп жатыр . Мына жерде оны айтудың реті келмес алда көре жатар . Тентек ағамды жөнге салу үшін Әлияңда талай көресіні көрер . Бірақ мен бұған қарсымын , сосын мына ағама қатты өкпелімін . Тап қазір ағама ғана емес үйдегі әке - шешеме де өкпем қара қазандай . Неге бір ауыз қой демеді екен . Өйткені ұл үйлендіретін әрбір ата - ана болашақ келіні жайлы сұрап білуі тиіс қой . Ал ағамның сыры маған белгілі . Ешкімнен ақыл кеңес сұрамайтын өз білгенімен жүретін жігіт . Дегенмен үйлену , үй болу деген оңай шаруама ақылдасып шешуі керек еді . Мүмкін бұл ағамның емес Әлияның құрған жоспары болар . Ешкімге айтпа деп сол айтқан шығар . Өйткені менің оған істеген ісім оның да көз алдында тұр ғой . Міне тесік моншақ жерде қалмас деп осыны айт . Сыныбымдағы соңғы қызда тұрмысқа шығып жатыр . Енді қу басын қушақтаған жалғыз мен қалдым . Негізі осыныда ойлап көз жасымды көлдеткенім рас . Тап қазір мен шарасыз күйдемін . Көлікке отырып көшпен бірге кетпестен басқа амалым жоқ . Осылайша жүйткіп жүріп отырып ауылға да жеттік . Әрі қарай не болғаны белгілі . Қуанғаннан қос өкпесін қолдарына алып зыр жүгірген әкеммен шешем шықты . Көрші қолаң туыс бауыр бәрі жиналды . Ақ орамалын басына жауып шымылдықтың арғы жағына жас келін атанып Әлия кетті . Үй алдында даңғырлаған той басталды. Жинала кеп ертеңгі болатын беташардың қамын жасады . Осымен бәрі өтті, бәрі бітті . Тағдырға шараң барма жәмән Әлия менің жеңгем болды . Ол аздай арадан үш күн өтпей жатып Ерлан үйленді . Жұмыс істеп ауданда жүрген . Сол ауданнан бір қызбен көңіл қосып ауылға келді . Міне енді мен үшін нағыз қасірет басталды . Өйткені сыныбымдағы қыз жігіттерден басы бос ешкім қалмады . Тіпті үш бауырын жалғыз өзі жетектеп жүріп Нұргүл де тұрмысқа шығып кетті . Осылайша бап шаппайды бақ шабадының кері келді . Қысқасы осы келгенімде ауылда бір айдан көп жүрдім . Әлия екеуміздің дипломымызды қолына алып әкем көп жүгірді . Мектептің табалдырығын тоздырды . Әрең дегенде біреуіміз жұмысқа тұратын болдық . Әрине мен Әлия жеңешеме жол бердім . Өйткені менің қолымда диплом ғана бар . Ал сауатымның жоқ екені өзіме белгілі . Қайдан сауат болсын өзім оқыған институттың бес жылда бір табалдырығын аттап көрмедім . Сол үшінде Әлия жұмысқа тұрсын мен Алматыда жұмыс істеймін дедім . Келініне қалай қой десін екеуің де менің қызымсыңдар дейтін әкем Әлияны жұмысқа тұрғызды . Қысқасы маған Алматыға қарап тағы да жол ашылды . Осылайша Әлия мектепке кетті мен Алматыға кеттім . Бұл қаланың қыры - сыры маған белгілі . Апта он күн жатып дем алған соң ,тағы да сол баяғы әдетіме бастым . Уақыт зымырап өтіп жатты . Кейде оңай ақшаға кенелсем , кейде ақшасыз қайтып жүрдім . Мұның сырын жезөкше болғандар біледі . Білмегендерге айта кетейін . Ол клиентке байланысты . Ауылдан келген байсымақтар болады , олар ақшаны үйіп төгеді . Яғни сен айтқан сомадан бірнеше есе көп ақша береді . Ал кейде қаланың тіс қаққан жастарына кезігесің . Олар сен айтқан ақшаның жарысын да бермейді . Тіпті бір тиын бермей сұрасаң ұрып соғып кететіндері болады . Бірақ амалың жоқ . Сол сәтте жылап сықтап аласың да келесі клиент кезіккенде бәрін ұмытасың . Ұмытуға мәжбүрсің . Өйткені жұмысың сондай , оған етің үйреніп кеткен . Себебі ақшаны арыңнан артық қойған адамсың . Бұл күнделікті басыңнан өтіп жатқан тірлік . Жаз өтіп күз , күз соңынан қыс келіп жалғаса беретін тірлік . Уақытқа немесе ауа райына қарамайтын тірлік . Кей - кейде ауданға не қалаға барған туған туысқандарыңмен сөйлесіп жұмыс істеп жатырмын деп қойып жүре беретін тірлік . Оны үйдегі әке - шешең естиді . Көңіл - күйлері орындарына түседі . Қызым жұмыс істеп жүр екен деп отырады . Өйткені ауылда әлі де ұялы байланыс жоқ . Осылайша уақыт зулап өтіп жатты . Қысқасы жазғы каникул келді . Мен үйге жеттім . Әлия жеңешем қошқардай ұл туып берді . Міне қызық . Кезінде әупірімдеп әрең сөйлеп жүрген Әлия біздің үйдің бүгінгі биіне айналыпты . Жынды ағамды жіптіктей ғып жөнге салыпты . Үйдің бары да нары да осы Әлия бопты . Асты үстіне түсіп құрақ ұшқан әкем мен шешем “қызым,қызым “деп құрдай жорғалайтын болыпты . Тіпті менің көзімше төбелеріне көтеріп бүгінде айналып - толғанып отыр . Ол болса маған ақыл айта бастады . 
- Екеуміз кешке жеке сөйлесейік ия- деп қояды . Сонда не демекші екен . Әлде менің қылмысымды біле ме екен ?Бір жағынан ашу қысса екінші жағынан қорқумен болдым . Өйткені менің жезөкше екенімді білген болса онда мен құрыдым . Қойнында жатып ағама жеткізсе аман қалмасым анық . Кешке дейін тағат таппай күтумен болдым . Міне екеуміз оңаша қалдық . Бұрынғыдай басын төмен салып тұру жоқ , әңгімесін алыстан бастады .
- Жігітің барма айтшы?- дейді қолындағы баласын бесікке салып жатып . Әне қызық , оның мынаған не қатысы бар екен . Жоқ десем жігіт тауып береме екен . Не дейін жоқ деп айта салдым . Әлиям онан әрі сөйлей бастады . 
- Өткенде үйге Мәлік келген . Сенімен сөйлеспекші екен . Маған өтініш жасады . Сені іздеп Алматыға барам- деп жүр . Оны мына ағаңда біледі- дейді . 
Ойбай құрсын . Иман - зәрем қалмады . Ағам нені біледі сонда. Жезөкше екенімді ме ? Білсе неғып үндемей жүр-деп ойлағанымша болмады Әлия үдей түсті .
- Жасымыз 24 - ке келді ғой . Енді жүре бермей тұрмысқа шықсайшы . Оң жақта отырып қаларсың- дейді . 
Мынаның маған шыныменде жаны ашып отырма , қызғанып отыр ма ? Түк түсінбедім . Өзім бар - жоғы екі - ақ айға келдім . Алдындағыны жеп кететін шығармын мүмкін . Әлде көре алмай отыр ма ? 
- Маған бай керек емес . Ал мына Мәлігің бір тиынға керек емес . Қаласам кез - келген жігітке тиіп аламын . Мені білесің ғой өзің деп дүңк ете қалдым . Бесігін тербете бастаған жеңешем онан әрі үнсіз қалды . Ақыл да айтпады . Өз ойын да айтпады . Ағаң біледі деген сөздің сырын да айтпады . Өзің білесің дегендей басын изеді де ыңылдап өлең айтып бесігін тербете бастады . Мен тұрып өз жөніме кеттім . Көп өтпей Алматыға қайта тарттым . Ауру қалса да әдет қалмайды деген ғой бұрынғы кәсібімді қайта бастадым . Бірақ көп жүрмедім . Күз басында әкемнен аяқ асты айрылдым . Ойда жоқта жүрек талмасынан жүріп кетті . Аза тұтып жаңа жылға дейін үйде болдым . Сона соң тағы да сол . Алматыға барып түнгі көшені кездім . Бірақ бұл жылдары Алматыда жезөкшелердің жағдайы мүлдем нашарлап кетті . Өйткені біздің Алматы ақ олимпиада өтіретін болып , президенттің пәрменімен қаланы жезөкшелерден тазалау іс - шаралары қолға алына бастады . Осылайша шаш ал десе бас алатын менттердің құдайы берді . Енді қолға түссең бұрынғыдай ақшаңды қағып алып қоя бермей ұрып соғатынды шығарды . Тіпті екі - үш күндеп қамап қоятын болды . Сонымен қатар сутенёр деп аталатын делдалдарыңды түрмеге тоғытты . Аттары Алматыға әйгілі Дони Мать , Кэтрин , Диана деген сутенёрлар сол жылдары сотталды . Енді бізге көшеге шығу мұңға айналды . Тіпті дүкенге баруға қорқатын болдық . Өйткені менттерге кез - келген адамнан кез - келген жерде құжат сұрауға құқық берілді . Құжатыңды көрсетсең де көрсетпесең де бөлімшеге сүйрейтінді шығарды . Ал онда барсаң жағдайың белгілі . Себебі сол , аты - жөнің жезөкшелер базасында айғайлап тұр . Бірақ көп ұзамай бұл іс - шара өз жемісін бере бастады . Сайынмен Сейфуллин көшелері жезөкшелерден тазаланды . Енді мұның бір ғана жолы болды . Жеке нөмермен ,жеке телефон алып хабарландыру жазу ғана қалды . Бұрынғыдай көше бойында емес клиентті пәтерге шақыратын болдық . Алайда бұл да көбінше сәтсіз болды . Нөмерің арқылы менттер клиент боп қоңырау соғып келетінді шығарды . Тіпті біреу - екеу келмей соңынан шұбыртып Хабар , КТК сынды теле арналарды ертіп келетінді шығарды . Әрине мұның бәрі президентке жұмыс жасап жатырмыз дегенді көрсету үшін ғана жасалды . Қысқасы жезөкшелер үшін барар жер басар тау қалмады . Көп қыздар Алматыдан басқа қалаларға ауысты . Бірі Астанаға бірі Шымкентке кетіп жатса енді бірі тұрмысқа шықты . Ал кейбірі жұмысқа тұрса кейбірі өз ауылдарына кетті . Бірақ мен үшін бұл соңғы жыл болмады . Өйткені мен де ертең ауылға кетемін деп тұрғанымда аяқ - астынан күтпеген жағдай болды . Жолға қажетімді алуға дүкенге кіргенім бар . Шыға бергенімде түрі таныс қыз сол дүкенге кірді . Қарамай кетсем де болушы еді , бірақ мені тағы да үш жыл жезөкшеліктің тұзы жібермепті . Өйткені мен есік алдында сол қызды күтіп тұрдым ...

Қолына қызыл түсті пакет ұстаған мына қызбен тез арада тіл табысып кеттім . Орысшаны көп қосып сөйлегені болмаса , өзі әп - әдемі аңқылдаған ақ жүрек қыз . 
- Сізді бір жерде көрген сияқтымын , түріңіз таныс- деп сөз бастадым магазиннен шыққан бойда . Көзіме қарап күлімсіреген қыз сөзіме сөзбен жауап берді .
- Ия менде сізді көргендеймін , қайдан болдыңыз есіме түспей тұрғаны?- дейді . 
- Мен бе , мен Ордаданмын сен өзің қайдансың ?-деп онан сайын жақындай түстім . Осылайша таныстығымыз басталды . Сөйлесе келе бұл қыз менің есіме түсті . Бұл баяғы Дәмеш апайға барған қыз . Он төрт жасында ойнақтап жүріп от басқан қыз . Сөзіне сенсек онан соң да екі рет барған . Демек жалпы есебі үш рет бала алдырған . Ал бір рет алдырған мен де әлі бала жоқ . Әйтпесе онан бері де міне сегіз жылдай уақыт өтті . Осы сегіз жылда менде қаншама еркек болды . Бұйымтайы үлкені - кішісі , жасы үлкені - кішісі , ұлты қазағы - қытайы , тіпті негірі - кәрісі бәрі - бәрі болды . Бірақ мен бір де - бір рет құрсақ көтеріп көргенім жоқ . Кезінде көтергенімді керек қылмай алдыртып көрқұдыққа салдырғаным бар . Оны өздеріңіз білесіздер . Ал мына қызды қарашы , жасы жиырмадан енді кеткен бойжеткен . Бірақ бұл да мен сияқты ақ жолдан адасқан мың бейбақтың бірі екен . Жоқтағанды жоғалтқан ғана түсінеді деген ғой , ә дегеннен ақ осы қыз екеуіміз бірі - бірімізді түсіне кеттік . Ал мұның соңы мен ауылға кетпей осының пәтеріне келіп тұруыма әкеп соқтырды . Тағыда үш жыл көретін азабым жіберсін бе ?Құдайдың ісі боп осы қызды маған кезіктірді . Ығаймен -сығайы бір екеуміз бірге тұрып бірге жұмыс істей бастадық . Өйткені мамамның мамасы , бабушкамның қалдырған аманаты деп қаланың қақ ортасындағы үш бөлмелі үйде жалғыз тұрады . Өгей әкесі орыс екен , анасымен ажырасқаннан кейін басқа қатынмен Ресейге көшіп кеткен . Ал өгей әкенің соңында келген жалғыз ағасы ол да Ресейде тұрады , үйленген дейді . Шешесінен ойда жоқта айрылған , көшеде көлік қағып мерт болған . Әжесі осыдан бір жылдай бұрын кәріліктің құрбаны болған . Қысқасы қара басын құшақтап жалғыз өзі қалған . Бірақ өзінің айтуы бойынша алғашқы төсектесі өз өгей әкесі болған . Әлгі көріңде өкіргір Ресейде тұратын малғұн мұны зорлаған . Сонан міне көше кезіп қаңғып жезөкше боп шыға келген . Ал менің жай - жағдайым сіздерге белгілі . Көп созып қайтейін біздікі сол баяғы жұмыс . Мұның бір жақсы жері мына үш бөлмелі даңғарадай үй мына Диана құрбымның үйі . Бұл үйдің жақсы жағы сол , мұнда кез келген мент притонға келгендей баса көктеп кіріп келе алмайды . Ол үшін соттан арнайы ордер керек . Өйткені бұл үйге Диана заңды түрде тіркелген . Сол үшін де емін - еркін қимылдайтын еркелік мұнда . Келіскен клиентің ақшасын қалтасына салып айтқан уақытыңда келіп тұрады . Сондай - ақ таза үй , таза төсек , таза су бәрі бар . Әрине мұндайда бағаң екі есе өседі . Яғни сағатына алты мыңды санап ала бер . Ол дегенің көшеде тұрғаннан әлде қайда жақсы . Қыстың аязымен жаздың ыстығында екі мың үшін далада тұрғаннан , жылы үйде жылы төскте күткен мың есе артық . Оның үстіне қорықпайсың . Уәдесін алдын ала телефонда алып қоясың , ал ақшасын киіміңді шешпей тұрып қалтаңа салып қоясың . Қысқасы алданып қалмайсың , алдап кете алмайды . Ұрып соғып кету деген мүлдем болмайды . Өйткені телефоныңа өзі қоңырау соққан , соңында қылмысы ашылады . Бірақ мұның екінші жаман жағы да бар . Телефоныңа қоңырау соққан кім , қандай адам , жас па кәрі ме әлде өз туысқаның ба білмейсің . Ал ең қауіптісі сол өз ауылыңның таныс адамы немесе өз аға бауырың кеп тұрса мұнан асқан өлім жоқ . Себебі мұндай жағдай болуы да мүмкін . Құдайдың өзі сақтасын . Бірақ бір жылдан бері өміріміз қалыпты өтіп жатқан . Ауылға барып әкешімнің жылын өтіріп қайта келгенмін . Арадан көп өтпей соңымнан жағымды жаңалық жетті . Әлия жеңешем егіз туып бір қыз, бір ұлды дүниеге әкелді . Үлкені екі жасқа жақындап қалған . Осылайша үш бауырым болды . Бірақ Әлияға деген ашуым сонда да басылмады . Әп - әдемі жігіт ағамды басын айналдырып дуалап тигендей боп көрінді де тұрды . Ал ағамның қолынан күн сайын қайраты кете берді . Бұрында сөзінен емес көзінен бүткіл ауыл қорқатын ағам енді Әлияның әумесеріне айналды . Бірде баласын еркелетсе ,бірде Әлиюша деп қатынының ығына жығыла берді . Қысқасы жәмән қатын кеп жынды ағамның жынын қағып алып жөнге салды . Ол аздай мамамның да ерке қызы - келіні боп үлгірді . Сөйтіп жүріп үш баланы туып тастаса соңынан белді буып тастады . Ал мектепте болмаған сауаты ғайыптан пайда болып сағаты көбейді . Жалақысы өсіп абыройы асқақтады . Бір сөзбен айтқанда бұрын мен қожа болған үйге бұл келіп би болды . Бұл әрине маған өте қатты соққы болды . Ішім күйгеннен ішетінді шығардым . Ішкенде бұрында ішетінмін, енді міне үдете түстім . Тіпті ертесіне бас жазбасам тұра алмайтын күйге жеттім . Аяқ қолым дірілдеп тілім дегеніме көнбейтін дәрежеге жеттім . Енді маған бұрынғыдай клиент кезекке тұрудан қалды .Тіпті көргені қаша жөнелетінді шығарды . Қысқасы маған бұл тірліктен нан табу қиынға соқты . Өйткені он алты , он жеті жастағы жас қыздар орнымды басты . Ал маған жасы кеткен кәрілер болмаса жас жігіттер жоламай қойды . Осылайша менің күнім соңына таяды . Ол аздай төменгі жағымнан айықпас дертке шалдықтым . Ақыры тоғыз жылдан аса жүріп ауылға қайттым . Үйге келген соң бас аурудан көз ашпадым . Әрине анаммен ағам Әлия бәрі, бәрі де мен үшін зыр жүгірді . Соңында көз тиген деген тәуіптің сөзіне сеніп діни ем домға сүйреді . Апармаған жері қалмады . Көрсетпеген тәуібі , оқытпаған молдасы қалмады . Ал мен болсам күн сайын төмендей бердім . Ішімде жатқан өкінішпен өксік ажарымды жей бастады . Тіпті көңілімді сұрап келген құрбы - құрдастарым танымай шошып жатты . Өйткені қымбат бояуға үйренген екі бетім бояусыз қалғанда салбырап жатты . Кезінде көркіме қала таңданса енді ауылда ешкім қажет қылмады . Ол аздай қолына шырақ алып түскен мына ауру соңымнан қалмай меңдеп кетті . Осылайша өмірмен өлімнің арасы бір сүйемге жетті . Мұны көрген Әлия жеңешем ауданға алып ұшты . Онан облыстағы орталық емханаға әкелді . Есім барда еденнен кірдім . Кірдім де есімнен кеттім . Ал есімді жиғанда қуыс кеуде боп шықтым . Он сегіз күн жатып жылап - жылап жатырымнан айрылдым . Мұны естігенде анамның жүзін әжім басып әп - сәтте самайына ақ түсті . Мұндайда жұдырығын ала жүгіретін ағам да жақ ашпады .Тіпті тұнжырап алып тілдеспейтін дәрежеге жетті . Құдайдың қаһарын қарашы , енді менің жалғыз жанашырым Әлия ғана қалды . Мұңымды да зарымды да соған айтатын болдым . Қысқасы мен оған қатты тәуелді болдым . Соның қас қабағынан әрі аса алмайтын дәрежеге жеттім . Ішкі дүниемді соған ақтарып жылағаннан басқа амалым қалмады . Бірақ Әлия деген ақылды жеңешем мына өмірге деген үміт берді . Егіздің қызы сенікі деп менің қойныма салды . Енді менің қуанышымда шек болмады . Өмір сүруге деген құштарлығым қайта оянды .Қазір міне тәп - тәтті Еңлігім бес жасқа келді . Томпиып алып тілі шықты . Былдырап келіп анашым деп мойныма асылып бетімнен сүйетін болды . Ал құрбы құрдастарымның орны бөлек өмірі бөлек . Бәріде өз орындарын тапты . Нұргүл екі ұлдың анасы атанды . Бақытты отбасы болды . Айғаным ол да ана болып ,аудандық Нұр Отанның бөлімшесін басқарды . Ерлан ол да үйленді , қалалық қызбен бақытын қаладан тапты . Сонда бизнесі өрге домалап тұр . Ал Данияр тіпті өсіп өркендеді . Шет елге кетіп отбасымен сонда тұрып жатыр . Қымбатта сол тұрмысқа шықты . Тап қазір қанша баласы барын білмеймін ,әйтеуір Астанадан үй алғанын естідім . Демек ол да бақытты деген сөз . Ал енді айта берсем бітпейді , міне осылайша менімен бір жылда туып бір сыныпта оқыған достарымның бәрі де бақытты болды . Өкінішке орай олардың бәрімен бірдей менің байланысым жоқ . Кей - кейде өздері қоңырау соқпаса менің қоңырау соғуға қауқарым жоқ . Өйткені осылардың бәріне кезінде тіл тигізген мен сорлы бейбақпын . Әрине өкінішім ішіме сыймайды . Тап қазір Аллаға құлшылық жасап күнәм үшін кешірім сұрағаннан басқа амалым жоқ . Міне екі жыл толды . Нағашы әжемнің қолына Түркістанға келдім . Сондағы ағарту бөлімінде жұмыс жасап жатырмын . Еңлігім әне - міне дегенше мектепке барады . Бірақ қуанышымнан қорқынышым басым . Өйткені соңғы күндері Әлия жеңешем қоңырау соғуды жиілетіп жіберді . Еңлікпен жеке сөйлесетіні шығарды . Әрі қарай айтпай ақ қойсам ...Өйткені айту түгілі ойлауға да қорқамын ...

Сіз атым кім деп едіңіз , Ғайнима еді деп атымды қайта сұраған қыз осылай орнынан тұрып жатты . Ойға батып үнсіз ғана тыңдап отырғанмын , тек менің атым Ғайни емес Ғани деп айтуға ғана шамам келді . Ал ұзын көйлекті шұбалта сүйреп аузы басын тұмшалаған қыз осылайша менен алыстай берді , алыстай берді . Қолымдағы телефонымды шұқылап сағатқа қараған мен қала бердім . Арадан көп өтпей сол қыз көзден ғайып болды . Содан кезегім келсе керек , таныс қыз ем қабылдауға шақыра бастады . Орнымнан әрең тұрып сүйретіліп зорға бардым . Тұла бойыма балшықты жағып шыққан таныс қыз үнсізғана шығып кетті . Мені қайта ой басты . Өйткені сол қызға мен жаза аламын , жазамын айтсаңызшы деп жалынған өзім едім . Міне ол енді айтты да кетті . Ал арадан төрт жыл өткенде менд жазып біттім . Әрине сынағанға сыншы көп . Мен қолымнан келгенше жаздым . Қатесімен кемшілігі болса достарым кешірер . Себебі мен сол қызға берген уәдемде тұрдым . Егер менің осы жазбамды оқып қазақтың бір қызы болса да жезөкшеліктен бас тартса онда мен бақыттымын . Демек ол қыз да бақытты . Бұл дегенің Қазақ деген ұлт бақытты деген сөз . Аман болайық достарым !
Соңы...