Ұшып барып дәл ішін үстелдің бұрышына соғып, еденге құлап ішін ұстаған күйі есінен танып қалды.
- Оңбаған. Сен не істедің? Келініне солай қол көтере ме екен? Жоғал көзіме көрінбей құры? - бар дауысымен айқайлап, есенгіреп тұрған күйеуіне ас үйден жүгіріп барып пышақ алып, қорқытып үйден қуып жіберді. Ұлының аямасын білген әке басы ауған жаққа қаша жөнелді.
Зағира алдымен жедел жәрдемге соңынан ұлына хабарласып көмекке шақырды. Екеуі де жедел жетіп келгенмен қуаныштан төбесі көкке бір елі жетпей жүрген екі жастың үміттері үзіліп, қуаныштары көпке созыла қоймады. Не бәрі алақандай ғана болған сәбиді дәрігерлер анасының құрсағынан суырып алды. Ессіз атасының кесірінен анасы баласынан, бала анасынан айырылып жер құшақтап қала берді.
Ғалымжан кіп -кішкентай жұдырықтай жансыз ұлын мазараттың бір шетіне өз қолымен жерлеп келді. Жүйкесіне қатты соққы алған Раушан байғұс ешкімге тіл қатпай, еш бір қимылсыз, көзінен ыстық жас моншақтары төгіліп үш күн бойы тірі өлік секілді жата берді.
Бұл уақытта келінінің жай күйінен бейхабар атасы қорқа- қорқа үйіне оралған болатын. Қорқынышы бекер емес те еді. Ашу ызадан бұлығып жарылардай болып жүрген өз ұлы, есіктен кірген әкесінің дереу жағасына жармасты.
- Әке… Сізді әке деп те атауға арланам. Сіз өзі қандай адамсыз? Не істегеніңізді білесіз бе? Бізді қинағаныңыз аз ба ? Дүниеге келмеген немереңізде неңіз бар еді? Әліңіз тек әлсіз әйелдерге жетеді ме? Күшіңіз тасып бара жатса кәне мені ұрыңыз. Ұрыңыз деймін.
- Балам. Мен бұлай боларын білмедім.
- Мені балам деп атаушы болмаңыз. Сіздей әкенің барынан жоғы жақсы. Бұдан былай арақ ішкеніңізді, бір адам баласына зияныңызды келтіргеніңізді естісем , не көрсем менен аяушылық күтпеңіз. Әкем екеніңізге де қарамаймын. Көзіме көрінбей кетіңіз. Сол кездегі әкенің жүзіндегі қорқынышты көрсеңіз ғой. Бір жағынан аясаң, бір жағынан өзіне сол керек дейсің. Бұл жағдай әкесіне біраз уақытқа ес жинауына әсер етті. Үн түнсіз, ешкімге зиянын тигізбей, күніне жүз грамнан ғана ұрыттап жүрді. Сол жүз грамды ішпесе ашуға бұлығып Зағираға айқайлай беретін. 
Сол себептіде Зағира өзі арағын әкеліп күніге жүз грамнан бір тамшыда артық бермей жасырып жүрді.
Раушан ауруханадан үйіне шығып, атасын көргенде, қаққан қазықтай бір орында бір неше минут тұрып қалды да, ашуланған күйі өз бөлмесіне кіріп кетті. Әлде де жас келін ақылды, сабырлы. Оның орнында басқа біреу болса, атасын қарғап, айхайға салып, жағасына жармасар ма еді кім білсін? Қайын атасы мен жүздесуден қашып жүргенмен, бір шаңырақ астында тұрған соң бұл мүмкін емес еді. «Алла оны солай жаратқан болса біздің қолымыздан не келсін? Үлкен кісі
Олай сыйламауым дұрыс емес болар. Әкемдей кісіні құрметтемегенім дұрыс емес. Алла жолына тапсырдым» - деген, оймен атасына мінез көрсетпей, қас қабағын түймей, ас тамағын дайындап сый құрметін көрсетіп жүрді.
Осындай дана, ақылды, кешірімшіл келінің болғанына Зағира Аллаға күн сайын шүкіршілік ететін. Ғалымжанда жар таңдаудан қателпегені, келіншегің осы көркем мінезі үшін бар асылды алдына үйіп төгіп, құрметтеп бір де бір боқтық сөз айтпай, тек сүйіспешілігін білдіретін.
Ұлы сезім махаббаттарының беріктігі мен сезімдерінің шынайылығының арқасында, араға алты ай салып Алла тағала екі жасқа тағыда әке шеше болу мүмкіндігін сыйлады. Бұл уақытты маскүнем қайын ата да, өз қыздарынан көрмеген сый-құрметті, өзін әкедей көрген келінінен көріп сезінгені үшін , біраз нәрсені ойға түйді. Келінінің жүкті екенін біліп, ашу ызаның орнына бойын қуаныш билеп, өткендегі қателігін қайталаудан қорқып ішіп жүрген жүз грам арағында қойып кетті. Әрине оңайға соққан жоқ. Қиналсада төзе біліп, түбі жеңіске жетіп, маскүнемдіктен құтылды. Бұл жерде Зағираның еңбегінде атап өтпеске болмайды. Жолдамының қиналмауын қалап, маскүнемдіктен құтылуға көмектесетін неше түрлі дәрі дәрмек әкеліп беріп, ауруынан жеңіл құтылуға қолдан келгенше қолдау көрсетті. Мал бағуды білмесе де,бауыздауды, союды қатыратын, бір қараны жалғыз өзі құлататын қара күшке ие Қүдайберген тапсырыс пен ірі қараны сойып, жіліктеп күніне бес, оң мың тенге тауып, бар тапқанына келініне тәтті, ащы шоколад, жеміс жидектің түр түрін, жерік болуы мүмкін деген заттың бәрін алып келіп тоңазытқышты толтырып қоятын.
Біразға дейін қайын ата мен келіні бір – бірінен жасқанып жүргенмен уақыт өте келе Раушанның бала күннен бері келе жатқан арманы орындалып атасы әкесіндей қамқор жаңға айналды. Уақыт сағаты жетіп Раушан келін шекесі торсықтай, салмағы бес келі палуан жігітті дүниеге алып келді. Ұлан асыр той болып, бүкіл ағайын туыс, ұл қыздары бас қосып, алғаш рет ішімдіксіз той өтіп, ұрыс керіс жанжалсыз, бәрі көңілді отырып тарасты. Немересінің «ата »- деген сөзін естігенде ет жүрегі елжіреп, ол үшін жанын беруге де дайын тұратын. Бәрі де ұмыт болып бұл шаңырақта тек бақыт пен береке мәнгілікке тұрақтады.
 
«Әсерлі әңгімелер» топтамасы
                                                                                                                                                                                                 Дереккөз: el24kz
Соңы