Қара суықта ауырып көк жөтел маза бермеген соң ағасын аяп бостандыққа шығарды. Арақ ішпеуге, ешкімді ұрып соқпауға, тек үйде тыныш отыруға уәдесін алып, ант су ішкен соң ғана келісіп бостандық берді.
Құдайберген біршама өзгеріп, момын адамға айналып, Сәкенге көмектесіп қорасын тазалап, малдарына жақсы күтім жасап жүрді. Ешкімге соқтықпай, жан адамға зиян келтірмей үн түнсіз жүрді.
Көктем шыға былтырғы өгіздерін сатып Сәкен де шаңырақ көтерді. Біріншісін түсіріп алған соң Зағираның қайта құрсақ көтеруі қиынға соқты. Аллаға тәубе келіні де өзі секілді қарапайым, түсінігі мол, тәрбиелі, ибалы қыз болып шықты.
Екеуі өте жақсы тіл табыса кетті. Алмагүл (Сәкеннің келіншегі ) үнемі абысынына күтім жасап, ауыр тірліктің бәрін мойнына алды. Бұрынғыдан сиырлары көбейіп он бес сиырдың сүтін игеріп, сүт айранға қоса, күбі пісіп майын, құртын да сатып әжептеуір табыс таба бастады. Екі жеңге бірігіп жүріп, қайын сіңілдерін құтты орындарына қондырды.
Ананың орнын жоқтатпай, тіпті өздерінің артынан келген дүниелерін де қосып, жасауларын үйіп - төгіп берді. Сүйтіп жүргенде сексен бесінші жылы Құдайберген мен Зағираның тұңғыштары Ғалымжан дүниеге келді. Тұңғышы дүниеге келгенде жора жолдастары «жумайсың ба? »- деп қоймаған соң, соларға той жасап, достары желкелеп қоймаған соң, баяғы бөтелкелес досы арақтан аздап ұрыттап еді,одан әрі нәпсісін тыя алмай біршама масайып қалды. Сол ішкеннен қайта тоқтай алмай, інісінің көрсеткен қорлығы есіне түсіп, көзін шел басып, тосыннан Сәкенге тап берді. Екеуі алыса кетті. Екеуін ажыратпақ болып Зағира араша түсіп әлек болғанмен екі еңгезердей еркекке шамасы жетер емес.
Құдайберген жердегі құманды алып інісін ұрмақ болған, алайда сол кұман Зағираның шекесіне тиіп, маңдайынан қан сорғалай бастады. Бесікте жатқан нәресте де «ұрыспаңдаршы »-дегендей шырылдап жылай берді. Сәкен әрең дегенде ағасын жеңіп, қолын артқа байлап сол баяғы жазасын тағы қолданбақ болып бөлмеге қамап қойды. Алайда бұл жолы Құдайберген тыныш жатпай өз- өзіне қол жұмсамақ болып , көйлек шалбарынан арқан жасап асылып қалмақ болған.
Терезеден ас тамағын бермек болып ішке көз жүгірткен Зағира жолдасының асылып тұрғанын байқап зәресі -зәр түбіне кетіп, ыдысы қолынан түсіп, бар дауысымен шыңғырып жіберді. Қатты шыңғырған дауыстан Сәкен жүгіріп женгесінің жанына келіп мән жайды сұрап еді, шошынған женгесінің үні шықпай тек саусағымен ішті нұсқап көрсетті. Ағасын көрген бойда, жүгіре барып дереу босатып алды. Алла сәтін салып кеудесінен жаны шыға қоймаған екен.
- Аға ағатайым. Көзіңді ашшы. Мені кешірші аға. Мен бұлай боларын білген жоқпын ғой. Мен тек сенің өзгергеніңді, қамқор аға, асыл әке, жақсы жар болғаныңды қаладым. Өлмеші аға. Мейлі ішсең іше бер. Тек арамызда аман- сау жүрсең болды аға. Зағира кішкене өзіне келіп, етегі жасқа толған қайын інісін жұбатпақ болды.
- Қайным қой өзіңді кінәлама. Сенің еш жазығың жоқ. Қара ол тірі. Тыныс алып жатыр. Құдайғада жақсы адам керек деуші еді. Сол сөз рас қой деймін. Бұл албастыны тіпті Құдайда керек етпей тұрған секілді. Ол оңайлыққа өле қоймас.
- Женге мені кешірші.
- Қой деймін. Жылама. Әне қара көзін ашты. Есін жиды.
Құдайберген өзін шын мәнінде өлтірмек болды ма? Әлде інісі мен әйелін осы жол арқылы қорқытып жеңбек болды ма? Әйтеуір бұл жағдай оны жеңіске жеткізді. Сол күннен бастап үйінде жатып ішер маскүнемге айналды. Аман- есен жүрсе болды деп, арағын Сәкен өз қолымен алып келіп беретін.Көп ұзамай Сәкеннің өзі де ұлды болды. Ағалы- інілілілерден туған қос бауыр құлын тайдай ойнақтап қатар өсті. Құдайберген өзімен өзі үйде жатып ештеңемен шатағы болмай жата беретін.
Әулеттің екі бірдей ақылды сабырлы келіні Зағира мен Алмагүлдің, Сәкеннің еңбекқорлығының арқасында мал жайы көбейіп жылдан жылға байый түсті. Екі мыңыншы жылдың басына қарай Құдайберген екі ұл, төрт қыздың әкесі атанса да еш жауапкершілікті сезінбей, сол баяғы күйін кешіп жүре берді. Сәкеннің болса екі ұл, екі қызы бар. Бала болған соң он баланың басы бір үйге сыймасы белгілі. Болмашыға таласады, бірін- бірі ұрады, құлатады.
Екі анада өз баласын қорғаймын деп, екеуі де сөзге келіп, түсініспеушілік туындап, бір біріне қабақ түйіп, үйдің берекесі қашты. Дүние біткен соң Сәкеннің жары Алмагүл байлықтың буына масайып абысына деген сый құрметі күн өткен сайын азая түсті. Ақыр соңы қырғын жанжалға ұласып Зағира маскүнем күйеуі мен бала шағасын жетектеп малы көп, ауылдың бір шіріген байына шопан болып, атарына қоныс аударды.
Малды да өзі бағып, сүт айранын, қаймақ майында игеріп күн көріп отырды. Бұрынғыдай қалаға тасып әуре болмайды. Күнде таңертең ертемен алып сатарлар үйінен өздері келіп алып кетеді. Олардың қоныс аударғанын естіген қайын атасының тоқалдары келіп, көмек қолын созбақ болған. Алайда Зағира олардың көмектерінен өз еркімен бас тартты. Алайда үлкен тоқалдың ұлы Асқардың қалада үлкен дүкені барын біліп, не бәрі он бес жастағы ұлы Ғалымжанды Асқардың қол астына жұмысқа жіберді.
Әйелі қанша қарсы болғанмен Сәкен жеңгесі мен ағасының хәл жағдайын сұрап жиі келіп тұрды. Үйге қайтуға жалынғанмен оған келісер жеңге болмады. Көмектің бәрінен бас тарты. Өте еңбекқор мінезі анасынан аумайтын Ғалымжан қаланың тұрмыс тіршілігі тез- ақ үйренісіп кетті. Асқардың сеніміне кіріп оң қолына айналды. Дүкенінің үлкендігі соншама кіріп, шығып жатқан тауарлады есептеу мүмкін емес болатын. Осы орайда есеп қисапқа шебер жігіттің табысы молая түсті. Екі жыл өтер- өтпес қала маңынан жер алып, үй салып, әке- шешесін көшіріп алып келді. Әрине бұл үй- жай тек өзінің тапқан табысына келген жоқ. Анасы да біршама ақша жинап қойған болатын. Одан бөлек Зағираны өз анасындай көретін Айдана, Маржан, Сымбат әпкелері де қолдан келген көмектерін аяп қалған жоқ. Жабыла жүріп жеті бөлмелі үлкен үй салып бітірді.
Қалаға жақын газ суы бәрі бар шағын ауыл. Мал ауылдағы бұрынғы көрші, таныстары да осы ауылға қоныс аударған. Басқа жер дегені болмаса көбісі сол өздерінің таныс білістері. Алла қолдап ұлдың жа қыздың да еш бірі әкесіне ұқсап тумаған. Бәрі де шетінен ақылды, сабырлы еңбекқор. Құдайберген қалаға көшсе де сол баяғы әдетінен айырылар емес. Бірақ бұл жерде тіршілік басқа. Бұрынғы тыныш заман артта қалған.
Бір неше рет көршілерінің мазасын алып, уақытша қамауда да болып таяқ жеп шықты. Тек соның арқасында бұрынғыдан сәлде болсын ішуін азайтты. Бір ішпесе одан жақсы адам жоқ. Бір ішсе бітті он, он бес күндеп тоқтай алмай қалады. Тіпті қара тізімге ілініп біреудің үйіне ұры түссе, біреуге бірдеңе болса бітті полиция келіп дереу тергеуге алатын. Таяқ жеп- жеп әбден қорқып қалған Құдайберген арақтан сәлде болсын тыйылған мен мүлдем қойып кете алмады. Ішкісі келіп құмар қысқан кезде есінен айырылып жанжал шығарып, Зағираның бір жерін көгертетін. Зағира үндемей көнгенмен есейіп бой жетіп қалған төрт қызы жан- жақтан әкелерін жеп қоя жаздайтын.
Ғалымжан тынбай еңбектеніп, үш қарындасын тұрмысқа беріп, кенже қарындасы Гүлжан мен інісі Дарханды оқуға түсіріп, отыздан аса дүкенде жұмыс істейтін, бір жылдай аз уақыт сөйлесіп жүрген өте пысық, сабырлы Раушан атты қызбен шаңырақ көтерді. Тойға жиналған адамның санында шек болған жоқ. Жағдайлары жақсарып,бір пайдасы тиіп қалар деген оймен Зағираның келіні Алмагүл де кішірейіп түк болмағандай келіп, тойдың басы қасында жүрді.
Тойсыз болмай-ақ Құдайдың құтты күнінде арақ ішетін Құдайберген әбден қызып масайып, өз інісі Сәкенмен жаға жыртысып тойдың шырқын бұзды. Соңғы кездері көрші , ауылдастарынан әбден ұятқа қалған Зағира маскүнем жолдасының арағына ұйықтататын дәрі қосып беріп сілесін қатыратын. Жаңа түскен келінінің артынан қуып келетін құдаларының алдында масқара болмау үшін тағыда сол әдісті пайдаланып күйеуін ұйықтатып тастады.
Осылайша келіннің төркіні бас құдаларын көре алмай, таныса алмай кетті. « Келін ененің топырағынан жаралған»- деген сөздің дәлелі ме , әлде жай ұқсастық па, бір Аллаға мәлім. Бірақ таң қаларлығы Раушан да кішкениайынан өгей ағасы мен жеңгесінің қолында әбден қорлық көріп өскен қыз болатын. Осы себепті де Ғалымжан дәл осы қызды таңдаған болатын. Не бәрі екі жасында әкесінен айырылып, одан қалды жеті жасында тағы да өгей әкесінен айырылып әке мейірімінен мақрұм болып өскен бойжеткен тұрмысқа шығып қайын атасын өз әкесіндей жақсы көріп, мейіріміне бөленемін деген үмітпен өмір сүріп келе жатқан болатын.
Алайда қайын атасы өзге түгілі өз перзенттерін әкелік мейірім сыйламағанын қайдан білсін. Келіндік өмірі басталған сәттен ақ атасының бар жағдайын жасаушы еді. «ата тамақ ішесіз бе? Ата шай дайын. Ата киімдеріңіз кір болып қалыпты. Жуып берейін бе?»- деп, үнемі қамқор болып жүретін.
Тіпті атасы мас кезінде үйдің басқа мүшелері Құдайберген мен бір дастархан басына отырғысы келмей бөлек тамақтанса да, келіні еш қысылмай, жиіркенбей атасымен дастархандас болатын. Өйткені жақсы болсын, жаман болсын әкенің орны бөлек екенін жас келіннен артық ешкім түсіне алмаушы еді. Бірақ оның қамқорлығына мейірім махаббатына атасы боқ ауыз сөздер мен ұрысып жүріп жауап қайтарушы еді. Тіпті қол көтеріп ұрып жіберуіне шақ қалған кездерде орын алды. Атасына деген мейірім сүйіспеншілігі азайып, орнын жек көрушілік пен өшпенділік жаулай бастады.
Ғалымжан үйленгелі өзгеріп, әкесі үшін әйелінің алдында намыстанып әкесіне жиі дауыс көтеріп , ішпеуін сұрайтын. Ал оның өзгергенін келінінен көріп Құдайберген келіні мен өштесіп, бет алды боқтап, жекіріп отырғаны, Раушанның көңілін қалдырды. Зағира үнемі келіні үшін күйіп пісіп, Құдайберген мен сөзге келіп қалатын. Үш айдай уақыт өтіп Раушанның жүктілігін біліп қайын жұртының қуанышында шек болмады. Енесі үйдің тірлігінен алыстатып, барынша күтім жасауға тырысып, келінінің алдына түсіп жүгіріп әлек. Азғын ғана келіншектің жүктілігі төртінші айға жетіп, қимылы сезіліп, іші шыға бастады. Ғалымжан әр түнде алақыны мен бөбегінің әр бір қимылын сезініп, шаршауы шығып, тәтті ұйқыға кететін. Сол күні Зағира мен Құдайберген ауылдасының тойынан келді. Тағы да сол араққа тойып алған. Барған жерінде біреу мен жанжалдасып қалып, үйге кіре бере әйелінен өшін алмақ болып, айқайлап боқтап болар емес. Зағираның да шыдамы бітіп қарсы сөйлеп еді, жатқан жерінен ұшып тұрып, алды мен жұдырықтап құлатып соңынан аямай тепкілей бастады. Енесінің шырылдаған дауысын естіп, сырттан жүгіріп келген келіні ажыратпақ болып еді , бар күші мен кеудесінен итеріп жіберді. Өзі қыл шыбықтай нәзік келін бұл соққыға төтеп бере алсын ба?