Сонау алпысыншы жылдары Бекеннің атағы жер жарардай дүркіреп тұрды. Бес мыңнан астам қой, үйір үйір жылқы, қора толы сиыр.
Бір емес үш бірдей жап жас әйелді жар етіп алған. Алпысыншы жылдың соңына қарай бәйбішесі Гүлжаннан туылған тұңғыш ұл перзентінің құрметіне ұлан асыр көкпар той берді. Салымға тігілген қара малдың есебі жоқ. Жан жақтан ат терлетіп ең мықты шабандоздар бәйге шапты. Бос қол қайтқан ешкім жоқ. Бәрінің де қанжығасы майлап риза болып тарасты. Ұлының есімін Құдайберген деп атады. Бала дегенде ет жүрегі елжірегенмен оған тең келер қатыгез адам жоқтың қасы еді.
Үш әйелінде құлындай көретін. Қаласа қамшы мен сабап қаласа тепкілеп, ұрып соққаны соққан. Ол кезде ажырасу, соттасу дегеннен бейхабар әйелдер басына не күн туса да міз бақпай шыдап жүре беретін.
Таң қараңғыдан тұрып бірі биесін, бірі сиырын сауып, сексеуыл жинап, қазан қазан сүт пісіріп, қымыз ашытып тыным таппайтын. Ұлы Құдайберген жыласа болды әйелін дереу қол көтере жөнелетін. Ертелі кеш тыным таппай, бала туып, бар жағдайын жасап, тілдерін тістеп жүрсе де үшеуінің де көрген күні осы болып қала берді.
Құдайбергеннің еркелігі соншама жалғыз өзі он балаға тең келетін. Әкесінен көргенін үйренген бала өте бұзақы болып өсе берді. Әке анадан бұрын тілі шықпай жатып айтқан сөзі боқтық. Анасына деген мүлдем сый құрметі жоқ. Бәйбішеден екі ұл, үш қыз, екі тоқалдан тағы төрт төрттен сәби дүниеге келіп, он үш баланың әкесі атанды. Екі тоқалдан туған ұл перзенттеріне аса қатты көңіл аудара қойған жоқ.
Тәрбиелеріне көбінесе аналары көңіл бөлді. Ал Құдайбергенді бір елі жанынан тастамайтын. Тіпті мектепке де берген жоқ. Тұла бойы тұңғышы болған соң ба, әлде мінезі түр әлпеті өзінен аумай қалған соң ба, ол дегенде шығар жаны бөлек еді. Бар байлықтың бәрін аяғының астына үйіп төкті.
Тіпті ауылдың әкімінде жоқ сол кездегі хит көлік" нива" автомобильін ең алғаш болып Қүдайберген тізгіндеді. Дәл әкесінен аумаған мейірімсіз, тас жүрек, қатыгез болып ер жетті. Өзге бауырлары оған қызғанышпен қарайтын. Олар қора тазалап, мал бағып жүргенде Құдайберген тындырып жатқан бір жұмысы жоқ, көлігін мақтанып ары- бері зырылдап жүретін.
Бауырларына бас көз болуды әкесі бұйырған соң, өз мінддетін асыра пайдаланып кейде өз бауырларын қамшылап сабап алатын. Бауырларының көрмеген қорлығы жоқ. Осылай жүргенде сексенінші жылы қыстың қара суығында ауылға індет жайылып, Бекеннің бес мыңдай қойының, қара малының басын жалмап өтті.
Соншама жылдан бері жиғаны еш болған соң кімде болсын күйінері анық. Күйінгені соншама жүрегі шыдамай көп өтпей, қалған малын үш әйеліне бөліп беріп дүниеден өтті. Қара шаңырақ үй жайға ие болып тұңғышы Құдайберген қалды. Екі тоқал малын айдап, бала шағасымен өз арбасын өздері сүйреп кете берді. Қаншама жылғы ауыр тіршілік ұрып , соғудан әбден қажып денсаулығы сыр бере бастаған Гүлжан тұңғышын үйлендіргенді жөн санады.
Оңы мен солын ажырата алмайтын, сауаты жоқ, мейірімнен жұрдай жігітке, өзі секілді мейірімсіз қатыгез ата – ана ғана мал үшін қызын берді. Дәл әкесі секілді ол да жары Зағираны құлындай көріп, әкесінен көргенін жасап жөнсіз ұрып соға беретін. Малдың жанында жүргенімен малдың жай күйінен мүлдем хабары жоқ, жігіт әкеден қалған аз малдыңда күлін көкке ұшырды.
Аман есен қалғаны тек оншақты сауын сиыр ғана. Екі тоқалдың балдары болса мал жайын көбейтіп, атақтарын кеңге жайылып бай- бақуатты болып кетті.
Оның бәрі екі әйелдің ұлдары жастайынан малға қарап өскендерінен болар. Жарының қорлығынан әбден мезі болған байғұс Гүлжан ұлының күйігіне шыдай алмай, қан қысымы жоғарылап қайтыс болды.
Бар ауыртпалық Зағираның мойнына артылды. Бар сүйеніші, соққыға жығылғанда араша түсер қорғанышы, басынан сипап ақылшы болып өз анасы бермеген махаббатты сездірген анасы (енесі) дүниеден өткен соң, тентек күйеуінен қашып кеткісі келіп қаншама рет талпынса да еш кете алмады. Көздері жәутеңдеп жасқа толып «Бар үмітіміз сізде! Бізді мына қатыгез ағамыздың қолына тастап кетпеші» - дегендей қараған қайын сіңлілеріне қарап кете алмайтын. Солар үшін талай рет арқасын қамшыға тосып, тентек ағаларының соққысынан қорғап қалқан болып жүрген соң үш қыз Айдана, Маржан, Сымбат женгелерін анасындай көріп кетпеуін жалынып сұрайтын. Үш қыз үшін осы үйде қалуға бел буды.
Одан бөлек өлер алдында енесіне берген «осы балаларға қамқор боламын» - деген уәдесі тағы бар. Солар үшін өзін құрбан етті.
«Тәңірім бізді аяй көр. Мына қатыгез мейірімсіз хайуаннанда бетер адамның мұз болып қатқан жүрегін жібітіп, мейірім ұялата көр. Бейкүнә мына үш қарындасын оның жауыздығынан сақтай көрші Құдайым»- бұл сөздерді Зағира күніне мың қайталап айтатын.

Құдайберген айналдырған он шақты сиырын айдап, қырға кетіп, мас күйінде сиыр да жоқ басқа да жоқ, шаң топыраққа аунап үйіне домалап әзер келетін. Артынан інісі Сәкен барып малдарын айдап келуші еді.
Зағира күн сайын сол сиырларынан сауған сүтін бөтелкелерге құйып мотоциклге мініп алып алпыс шақырымдай шалғайда жатқан қалаға апарып дүкенге өткізіп, азық түлігін алып қайтатын. Одан бөлек маскүнем күйеуіне бір бөтелке харам су арағын алып қайтады. Оны алмаса келген соң есуас байы аяусыз соққыға жығатын. Басқа азық түлікке жетпей қалса да амалсыз сол харам арақты алуға мәжбүр еді.
Наурыз айында сиырлары суалтып сүті азая бастады. «Ары тартса арба сынады, бері тартса өгіз өледі»- нің күйін кешіп жүрді. Арақ алса азық түлікке жетпейді. Алмаса күйеуі аямайды. «Қойшы жеп жүрген таяқ қой. Ана балдар аш қалмасын »- деген оймен, арақтың орнына керек азық түлігін алып қайтты. Қыр басына барып ішіп -тышып қайтуға дайын тұрған отағасы әйелінің құр қол келгенін көрген де есінен алжасты. Онсызда грамдап аз -аздан сатып алған азық -түліктің бәрін жерге шашып төгіп тастады.
- Оңбаған малғұн. Сенің мұның не? Өзіңде жейсің ғой осы тамақты. Обалынан қорықсаңшы.
- Менің дәрім қайда? Мен саған ескерткенмін.
- Жоқ! Жоқ. Дәрі дейді ғой. Қайдағы дәрі? Захарыңды ішіп өле қалғыр. Мына бір әке, бір шешеден туған бауырларыңды аясаңшы.
- Ей , сенің тілің шығайын депті ғой сайқал. Кәне кел бері !
Құдайберген Зағираны қуалап жүріп аямай қамшымен сабады. Қашуға дәрмені қалмай жерге құлаған әйелін ішінен бүйірінен тепкілей берді. Әйелдің астынан қан кетіп жан - жағы ,қып -қызыл қанға боялды. Қанды көріп шошып кеткен Құдайберген басы ауған жаққа қаша жөнелді.

Қыздың үлкені Айдана алыстағы көршісі Халида апаны көмекке шақырды. Ол кезде жедел жәрдем деген бір ауылда біреу ғана оны табу қиынның қиыны. Алпыс жылда көрген, білгенінің бәрін қолданып Зағираға қолынан келгенше көмек көрсетті. Өзінің жүкті екенін сезініп үлгермеген әйел байғұс баласының түсіп қалғанын білгенде жер құшақтап етегі жасқа толып қалды.
Қатыгез күйеу сол қашқаннан үш - төрт күн үйіне оралмады. Екі күн өтіп Зағира дәрмені қалмай дене қызуы көтеріліп орнынан тұра алмай жатып қалды.
Күнде таңертең мотоциклдің дауысын еститын Халида апа, екі күн тып- тыныш болып қалған соң алаңдап көрші жас келінді іздеп келіп, күйіп жанып жатқан жерінен үстінен түсті. Бұл жолы да көмектесіп, емдік шөптерден қайтпа дайындап ішкізді. Зағираның ішінде қан ұйып қалғанын бірден түсінген апаның қайнатпасының арқасында Зағираның ішкі организмі тазаланып өз- өзіне келе бастады.
Екі- үш күн бойы қалаға бармаған соң үйде жейтін түк жоқ. Айран сүт ішіп амалдап жүрді. Оңбаған Құдайберген дым болмағандай сол баяғынша мас аяқта тұра алмайтындай жағдайда үйіне оралды. Қаншама жыл ағасынан қорқып басын көтере алмай жүрген Сәкен шыдамы таусылып ағасын аямады. Қапқа салып аузын байлап қаншама жылғы ішінде жатқан ашу ызасын сыртқа шығарып аямай қамшылады.
- Мә саған. Сен қандай бауыр, қандай күйеусің? Өз балаңды өлтірген жауыз. Сенің өмір сүруге хақың жоқ. Анам да сенің күйігіңе шыдай алмай көз жұмды. Енді өз өмірін біз үшін құрбан етіп, анамыздың орнына ана болып жүрген женгемді өлтірейін дедің бе? Ағам деп үндемей келдім. Әкемнен қалған малдың бәрін арам өлтірдің. Бізді аш қалдырдың. Жетер енді. Шыдамым таусылды. Тәубеңе келетін кез жетті.
- Қайным қой олай етпе. Өлтіріп қоясың.
- Бұл оңбағанды неге аяйсың женге? Саған бізге көрсеткені аз ба? Осы күнге дейін істегеніне жауап берер кез келді. Бізде адам емеспіз бе?
- Қайтесің? Жаман болса да ол бауырың емес пе?
- Мұндай бауырдан садаға кетсін. Барынан жоғы.
- Ұрмашы ұрма.
- Женге….
Зағира жалбарына жүріп жаман болса да жолдасын інісінен арашалап қалды.
Бірақ Сәкен ұрғанын тоқтатқан мен ағасын аяй қойған жоқ.

Екі қолын арқан мен алдына байлап бір бөлмеге қамап, дәретке шығатын ыдыс қалдырып есікке үлкен құлып салып қойды. Терезені темір қоршау мен қоршап кішкентай ғана тамақ беретін тесік қалдырды.
- Қайным сенің мұның не?
- Ол тек осылай ғана тәубесіне келе алады. Басқа амалым жоқ.
- Оны осылай қамап ұстамақсың ба?
- Женге мені дұрыс түсін. Оны осылай ғана өзгерте аламыз. Сендерге де малға да өзім қараймын. Уайымдама. Бәрі жақсы болады. Ол өзгереді.
- Өзгереді деп ойлайсың ба?
- Ия. Тек көп уақыт қажет.
- Амал нешік. Осылай түзеледі десең солай -ақ болсын! Ол үшін де біз үшін де осылай болғаны дұрыс болар. Біраз уақыт өтіп, есін жиған соң Құдайберген құтырған иттей ырылдап айқайға салды.
- Қайсысың барсың? Шығарыңдар мені. Мен сендерге көрсетем әлі. Иттің күшігі боқмұрын. Ей қатын. Кәне аш есікті..
- Аға жетер енді! Айқайлағаныңнан еш пайда жоқ. Осы құтырғаныңда жетер. Әбден мезі еттің бәрімізді. Қашан тәубеңе келгенше осында отырасың.
- Ей иттің баласы! Осыдан қолыма түскін.
- Сенің дәуренің бітті. Менің дәуірім келді. Сенің жасамағаныңды мен жасаймын. Тәубеңе келсең шығасың. Келмесең осылай қамауда мәңгі жатасың.
Ағасы мен інісінің әңгімесі осы жерден аяқталды. Зағира күн сайын терезенің алдына ас ауқатын қойып қояды. Алғашында қырсығып аударып тастайтын. Екі күн өтер өтпес көндігіп тамағын жеп ыдысын қайта қойып қоятын. Дәрет сіндірген ыдысын кешке қарай Сәкен алып шығып тазалап қайта кіргізіп қояды. Алғашқы күндері айқайлап, шыңғырып елдің бәріне маза бермейтін. Уақыт өте келе бірте -бірте дауысы бәсеңдеп үні шықпай қалды. Бұл қамаудағы өмірге көндіге бастады. Сәкен сиырларының жайын жасағаны соншама жайылымнан желіндері жерге тиейін деп талтаң -талтаң басып әрең қораға жететін.

Зағира бұрындары бір дүкенге сүт айран өткізіп жүрсе, енді екі үшеуіне таратып, тұрмыстары біршама жақсарып қалды. Құдайберген күн сайын әйеліне босатуын сұрап жалынатын. Бірақ Зағира Сәкеннің сөзінен асып өз еркімен ештеңе жасай алматы. Бір жағынан бұрынғы қалпына түсеме деген үрей маза бермейтін. Осылайша Қарашаның қара суығына дейін қамауда отырды. Сиырлары түгел бұзаулап малы екі есе көбейді.
Жалғасы бар...
«Әсерлі әңгімелер» топтамасынан