2.ҚАЙДА ЖҮРСЕҢ АМАН БОЛ

әңгіме

(Жалғасы)

Жылап-сықтап болған соң әңгімені әрі қарай жалғадық. Басында әңгімеміз бұлайша өрбиді деп еш ойламағам. Жай ғана ересек адамдарша хал-жағдай сұрасумен шектелерміз дегем. Сөйтсем жүрегіміз сол баяғы мәһһəббат шәрбаты толған күйі лүпілдеп тұр екен ғой.

- Баха, үйлендің бе?

- Иә.

- Ммм... әдемі ме?

- ........................... (Әдемісіне әдемі еді, бірақ... шынымды айтсам не айтарымды білмедім...)

- Значить, әдемі! Сен сияқты сегіз қырлы бір сырлы жігіттің келіншегі әдемі болу керек!

- ...........................(Ұялған смайлик қойдым)

- Смайлик «smile» (күлімсіреді) 3аа-а-аны... сол! (Жаным сол дегені) Дети, работа... все в норме?

- Иә, жан... бәрі де "нәрмәльні". Өзің қалайсың? Не тіршілік? Күйеу, бала-шаға дегендей...

- Муж офицер в отставке, балалар мектепте. Алматыдамыз ғой. Кстати, Баха, сен мені қалай таптың?

- Бір жарым жыл іздеппін...

- Неге іздедің?

- Сағынған секілдімін...

- Өй, за-а-аны... сол. Я очень рада! Мені іздеген и ёще тапқан, жаным менің! Я долго-долго думала о тебе... Сонда меніңкі "безответная любовь" деп ойлап жүрдім...

*******

Абай атам "агент" болғанда "Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар?" деп аh ұрмас еді-ау. "О, махаббат, сен əлі тірі ме едің?" (Мұқағали). "Тірі екен!" (Б. Шәрәпи).

- Баха, келіншегіңнің аты кім?

- Гүл.

- Менімен аты бірдей...?

- Иә... Сенің құрметіңе солай жасадым.

- Жаны-ы-ым, мені бір сәт те ұмытпапсың ғой, ұмытқан шығарсың деп жүргем. Безумно рада! Мен не істегем сонда? (мұңайған смайлик)

- Өзің ғой енді... (өкінген смайлик)

- Жан... это судьба наверно такая...

- Иә, тағдыр ғой, Гүл. Өтті, кетті... Жұмысың қандай, бастық шығарсың баяғыдай? Смайлик «grin» (Осы жолы "шаттанған" смайликті өтірік қойдым. Өйткені екеуміздің де өкініштен өзегіміз өртеніп тұрғандай еді)

- Смайлик «kiss» Да, точно, мектепте директормын. (Көңілі көтерілген сияқты)

- Сен мектептің емес, менің жүрегімнің директорысың жаным...

*******

Арада сан жылдар өтсе де, бәрі де баяғыдай: сол сезім, сол сағыныш, сол... Ескендір Хасанғалиев ағамыздікі "Ескірмеген махаббат" болса, біздікі "Ес КІРМЕГЕН махаббат" еді. Тіпті, есуас, кеще, есалаң махаббат десеңіздер де маған бәрібір. (Сағыныш толы сыр-сұхбатымыз одан әрі жалғасуда.)

- Гул, сен менің жүрегімнің директорысың деймін, жаным!)

- Директор? Смайлик «kiss»(күлімдеді) Ал сен менің жүрегімнің президентісің, Баха! :-D (Гүлімнің көңілі көтерілгенін көріп, мен де қуанып кеттім)

- Шыныңды айтшы, Гүл, мені анда-санда болса да ойлаушы ма ең?

- Конечно, жан...

- Сағынушы ма ең? (Сан жылдар сансыратқан сұрақтарды пытырлатып қойып жатырмын)

- Да говорю, жан... да-а-а! Жүрегімді сенен басқа ешкімге берген жоқпын ғой, бермеймін де ғой, люблю и всю жизнь буду любить тебя! (Жанымның жазғандарын оқығанда жүрегім елжіреп кетті, тіпті дауысын естігендей дауыстап күбір еттім: "жаным")

- Мен де сені всю жизнь буду любить тебя!

- :-D:-D:-* Жаны-ы-ы... сол...

*******

Адам деген кейде бала сияқты боп кетеді емес пе? Мен де сондай бір ұшқалақ халде отыр едім. Аздан соң аздап аптығымыз басылып, байсалды әңгімеге көше бастадық.

- Баха, сонда не қызмет жасап жатырсың в данное время?

- Костаправ.

- Смайлик «grin» Молодец, отличная профессия!

- И келіншегің?

- Үйде...

- Оқымадың ба не?

- Оқыдым ғой.

- И... (сосын дегені)

- Үкіметке бес жыл жұмыс істедім... болмады. Осы жұмысым өзіме ұнайды, күн көруге жарайды.

- Мектепте жақсы оқып едің ғой. По профессии жұмыс болмаса Алматы жаққа келмедің бе?

- ........................... (Енді бұған не дерсің, жанымның жанашырлық таныта сөйлегені онсыз да дүрсілдеген жүректі атша тулатты)

- И сурет салушы едің... (осы тұста "вам пишеттегі" биші қалам біраз бөгеліп барып қайтадан жорғалады) Баха, ренжімеші, жан... ладно. Менде қазір совещание.. Кстати, чуть не забыла. Вот мой тел: 1) домашний....... 2) рабочий....... 3) билайн....... 4) актив....... По позже буду, ладно, жан. Будь в линии. (Мен мақұл дегенше статусқа қалақтай күректің суретін(работаю) қойып әрі кетті. Бар дүниені ұмытып ғашықтық хұсни-хатқа ғибрəтләнып отырған мен біртүрлі жетімсіреп-ақ қалдым...)

*******

Енді, міне, жынды баладай Гүлді күті-е-еп отырысымды қараңызшы. Баяғы кездер сол қалпы көз алдымда. Гүл кластың старостасы (класком) болатын. Бағана "баяғыдай бастық шығарсың?" дегенім соны меңзегенім еді. Өзім де мең-зеңмін, мендуана жегендей меңіреумін. Әлгіндегі қуаныш жан-жүрегімді кеулеп, мөлдір мұңға ұласып бара жатқандай. Осылайша "құрып кеткір совещаниесі қашан бітер екен?!!" деп қиялдап отырғанымда:

- Бақы-ы-ыт! - деген дауыстан селк ете қалдым. Келіншегім екен. Бұл да Гүлім ғой. Екі Гүлдің ортасында мәhhәбат отына өртеніп кетпесем неғылсын?

- Жаным-ау, не болып жүр саған, күндіз-түні мониторға мөлиіп? Тиыштық па әйтеуір. Кел шай ішеміз!

- Қа-а-азір, - деп "компьютерді" қимай орнымнан көтерілдім. Істеп жүргенімнің нағыз кещелік екенін білемін-ақ, бірақ махаббат жаулаған жексұрын жүрегімді суырып алып, итке лақтыратын адам жоқ. Жарымнан іштей кешірім сұрап, шай ішуге отырдым. Совещание біткенше шай ішіп алайын. "Атауыңды ішкір" дей көрмеңіздерші, әйтеуір...

*******

Қайдағы шай... ас бата ма мұндайда?! Шекерсіз бір пиала іштім де тұрып кеттім. Компьютерге отыруға тағы ыңғайсыз, күдік туғызуы мүмкін. Біреу желкелегендей лажсыз сыртқа шықтым. Інілерім тарс-тұрс ұрғылап машина жөндеп жатыр. Жама-а-ан болып тұрмын. Гаражда ұрылып-соғылып, майысқан клиенттің машиналары. Байғұстар менің жүрегім секілді жырым-жырым, алқам-салқам. Бұлар жөнделер-ау, ал менің жүрегімнің жыртығын кім жамайды? Айтыңдаршы, адамдар, о, Адамзат, жүрегімнің ұрылып-соғылып майысқан жерлерін кім түзейді? Кім?.. Кім?.. Айқайла-а-ап тұрып жылағым келді. Жылағаны несі, еркек емеспін бе? Бұ махаббат деген "бәле", есуас неме...

"...Ақылдымыз осы - рас,

Ісіміздің бәрі ізгі.

Тек махаббат есуас,

Жылап қалған тәрізді..."

Осы әнді іштей күбірлеп, тірі әруақтай ілбіп машинама жеттім. Магнитафонды қосыппын, негізі оталдыру керек сияқты едім. Ол да жылап тұр:

"Өмір шіркін тартып маған,

Азабы мен қайғысын.

Неге сүйдім, не үшін сүйдім,

Сол бір кезде мен сені..."

Тіпті, бүкіл әлем жылап тұрғандай. Газды түбіне дейін беріп, бет ауған жаққа басып келемін. Көз алдым бұлдырағандай болды... жауын ба... "дворникті" қостым. Жоқ, құсадан құйылып жатқан көз жасым екен...

Есімді жисам деймін бе, бір қарасам деймін бе... білмеймін, әйтеуір, "қарақшы" досымның қабірінің басында тұрмын. Ішпей, жемей. Көкірек керген құсадан бір жеңілденейін деген шығармын. Кинодағы "Батыр Баян" құсап құран оқыдым досыма. "Уhі... қой, үйге қайтайын, күн кешкіріп қапты..." Өз мұңыма өзім малтығып, бұл күнді де өткіздім-ау әйтеуір. Көңілсіз күн болды негізі...

Ертесіне бірдемеден құр қалғандай, ерте тұрып компьютерге жабыстым. Жақсы демалып қалыппын. Компьютерді қосқаным сол еді, "дың-дің, дың-дің" деп "хаттар қоржыны" әндетіп қоя берді. Гүлдің жан жарамды емдейтін дауа хаттары...

- Мен келдім:-*(қуанған смайлик)

- Совещание бітті...

- Күтіп отырмын...

- Ты где?!!

- Қазір келем...

- Баха, где ты?!!

- Жан... деймін...;-(

- Сағынып қалдым, уже...)

- Ладно, жан... до завтра... Кездескенше! (Смс хатты қысқартып келтірдім)

Әрине,"кездескенше" деген сөз және :-*смайлик "агентте" екенін сезсем де, біртүрлі ынтықтырып-ақ тастағаны. Сағат 8.30, тоғызға дейін әле жарты сағат бар. Күту керек. Кешегі әңгіме барысында менімен тек жұмыс уақытында ғана хабарласа алатынын айтқан. Күйеуім қатал деп қатаң ескерткен болатын. Әскери адамдардың қатал болатыны қашаннан заңдылық-ау деймін. Әскери болмақ түгіл, Қашқари боп кетсін, маған десе... Мен үшін ол - алғашқы махаббатымнан тірідей айырған адам тектес "топас"! Анда-санда осылай өнбес, ақымақ ашуға ерік беріп аламын...) Артық айтсам, Құдайдың өзі кешірсін!

Әне-міне дегенше сағат тоғыз да болды. Гүлді шыдамсыздана күтудемін. Статусы пока "отключен". "Ләмпішкісі" күйіп кетпесе қазір жасыл жануы керек. Сағат сол 9-дан екі-үш минут өткенде Гүлдің статусы жап-жасыл боп жарқ етті де, жаза бастады.

- Привет! Қазір шешініп алайын...

- Қалайсың, кеше бір жұмыстармен асығыс кетіп ем, ренжімеші, күттіріп қойдым ба, кешір, Гүл!

- Нет... Бірақ сені күтіп қалды ғой деп, совещаниені тез-тез аяқтап келсем, сен жоқсың...

- ............................ (Менде үн жоқ, ол жазып жатыр)

- Баха деймін, сосын звондайын десем... кстати, Баха, телефон номеріңді берші маған, пожалуйста!

(Өй, өзім де бір... жанымды жалындырып сұрайтпай-ақ, кеше жазып кете салсамшы өзім-ақ, ұят-ай)

- Тағы да айыптымын, жан.... тағы да кешірші, міне телефон нөмірім: 8702.......... (Гүлге бермегенде кімге берем?)

- Ойй, заны-ы-ы... үлкен рахмет! (Өзі аса көңілді секілді)

- Гүл, телефонмен сөйлескің келсе, бірден звондамай, алдымен "маяк" таста, сосын өзім хабарласам, жарай ма? ("Сразу страховка" жасадым)

- Жарайды, жан... ж а р а й д ы :-D түсінем ғой!) Менімен жазысып жатқаныңды Гүл (келіншегімді айтады) біле ме?

- Жоқ...

- Агент деген рахат қой, иә. Сөйлескеніңді ешкім естімейді, көрмейді, білмейді. (Айтып отырмын ғой, Гүл бүгін мәз-мейрам. Қуанған қуыршақтай ғана "куклам" деп ойла-а-ап отырмын. Мына сөздеріне қарап бір мекеменің басшысы деу қиын-ақ. Махаббаттың құдірет күші емес пе, Гүлімді баладай шаттандырып отырған. Әй, қу құдай-ай! Осыдан кейін "махаббат жоқ" деп қалай айтарсың. Жане-е-ем әшейін...)

- Ия, Гүл)

- Бірақ келіншегіңнен ұят біртүрлі. Тәртіпсізбіз ғой, иә (күлімсіреген смайлик)

- Қояйық онда...(Өтіріктен ғой менікі)

- Да ты что? Как қояйық? Жағдай сұрасып алайық та! (осындайда орысша араластыра жөнелетін қашанғы әдеті)

- Жаным!

- Ты тоже жаным!

- Мармеладым)

- Баха, сенесің бе, түнімен ұйықтай алмай, таңды әзер атырдым. Жұмысқа асықтым.... Сен ше?

- Мен де.... (Рас қой енді, "әулие аралап" қаңғырып кетпедім бе кеше)

жалғасы бар...

Ердос Қоныс ( Бақыт Шәрәпи)