NASA агенттігінің (Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма)хабарлауынша үйдің үлкендігіндей астероид Жерге жақындап қалған.Ол ақпанның 4-не жерге тым жақындап келіп,арақашықтық Жер мен Айдың арасындағы алшақтықтан он есе үлкен болады.2002AJ129 астроидының үлкендігі көп қабатты үйдей деп болжанып отыр.
Астероидтың көлемі түрлі бағамдар бойынша 0,5-1,2 шақырым аралығында, ал жылдамдығы - секундына 34 шақырым.
Дегенмен ғалымдардың пайымдауынша 2002 AJ129 астроиды "қауіпті" деп есептелінгенмен Жерге соқтығысу мүмкіндігі нөлге тең- делінген хабарламада.