Өзбекстан президенті Ақтөбе облысындағы қайғылы жағдайға байланысты өз ойын ашық айтты.
Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Шавкат Мирзиеевтің айтуынша, Қазақстанда Өзбекстан азаматтарының қаза табуы өзбек жерінде жұмыспен қамту жағдайларының жоқтығын көрсетті.
«Болған қайғылы жағдай көп нәрсенің бетін ашты. Соның ішінде біздің халықтың алдында қарызымыз көп екенін көрсетті.
Жағдай жасамадық, содан соң ел азаматтары өзге елдерге жұмыс іздеп кетіп жатыр.
Соған мәжбүр», — деп мәлімдеді Мирзиеев.
Өзбекстан президенті Қазақстандағы қайғылы оқиғаға өз елінің атқарушы билік саласындағы барлық басшылардың назарын бұрды:
«Міне, республикада жұмыс орындарын ашу мәселесін шешпей, кемшіліктерін түземегендері салдарынан осындай қайғылы жағдай болды».
Өзбекстанның СІМ мәліметтері бойынша, Ақтөбедегі автобус апатынан қаза тапқандардың денесі президенттің шешімімен 20 қаңтарға қараған түні Ташкентке жеткізілді. Ал тірі қалғандардың екеуі тексеру шараларына байланысты Ақтөбеде қалды.
Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара — Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған.