Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында 52- адамымен бірге жанып кеткен автобустың қаңқасы қалаға әкелінді.Көліктің сау –тамтығы жоқ.Күзетшілер бұл жерде түнімен адамның үніне ұқсас түрлі дыбыстар шығады –дейді.Бүгін мәжіліс депутаттары ,осы қайғылы жағдайға байланысты кінәлілердің барлығын табуды талап етті.Олардың айтуынша тек қана автобус жүргізушілерін жазалаумен ғана істі жаппау керек.
Бұдан 3-4- күн бұрын әкелінген автобустың жанып түгі де қалмаған.Әлі де болса күйіктің исі шығады –деп хабарлайды 31- арна Инфрмюбро .
Түнге қарай неше түрлі адамдардың дыбысы шығады-дейді сол жердің күзетшісі.Жылайды,сөйлейді,айқайлайды.Түнгі он екі- бірлерге келіңіз.Көресіздер.
Тек Қазақстан емес,Өзбекстанға да орны толмас қайғы әкелген қанды автобусты ,айдалада қалған жерінен ҚазАвтоЖол қызметі үлкен жүк көлігіне тиіп алып келіпті.Қазір қала маңындағы жылыту пунктерінің бірінде тұр.
Естеріңізге сала кетсек 18- қаңтар күні Самара –Шымкент тас жолында ,Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы аумағында «Ikarus» маркалы автобус өртеніп,52- адам тірідей жанып кеткен болатын.