Аяздан кейінгі кезекті қыспақ .Қазақстанда бeнзин бағасы тағы да қымбаттады.АИ- 92 маркалы отын құны кей жерде 4- теңгеге бір –ақ көтерілген.Орташа 158- теңгеден сатылып келген жанар майды жұртшылық енді 162- і ,163- теңгеден сатып алып жатыр –деп хабарлайды КТК жаңалықтары.
Осыған дейін баға тұрақты болады деген, Энергетика Минстрлігінің болжамы «Тазша баланың қырық өтірігіне»айналғандай.Бірақ оптимист Қанат Бозымбаев өткен апта ит жылында тапшылықтың болмайтынын жеткізді.Сәйкесінше қымбатшылықтың да ауылы алыс болуы тиіс.Өйткені жаңғыртудан өткен үш мұнай зауыты өндірісті арттырады.Сол үшін жанар май сақтайтын қорда құрылмақ.Бірақ әзірге бағаның қымбаттамаса ,арзандайтын түрі жоқ.