Қыз –келіншектерге ерлерді ерітіп,тәтті қылық шығару шеберлігін шыңдайтын тағы бір мектеп ашылды ,Астанада.Мұнда тіпті жасы алпысты алқымдаған  әйелдер де сезімнің сиқырын үйренуге келеді екен.Қазақ қыздарының еркекке құрық салуы мен қылық шығаруды шыңдайтын шеберлік сағаттары кімге керек?Кәрі құрлықтан келген үрдіс  кәрі қыздардың санын азайта ма?

Ер-азаматтың көңілін аулау,өзіңнің  сексауальдық  потенциалыңды ашу,қыз –келіншектерді дәл осындай қасиеттерге үйрететін мектептер жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай  көбейіп  келеді.Мәселен Астананың өзінде  ер –азаматтарды айналдыру тәтті қылықтарымен еліктіру секілді шеберлік сағаттарына сұраныс жыл санап артуда.Оны орталықтың мамандары да растап отыр.Айтуынша оған тек отыздан асқан нәзік жандар ғана емес,немере бағып отырған ақ жаулықты әжелер де қызығушылық танытуда.

«Гейша» мектебінің жетекшісі Айжан Әліқұлова «Бізге көбіне отыздан асқан қыз- келіншектер келеді.Тіпті елу,елу жеті жастағы жандар да бар.Мәселен біздің «Гейша» орталығына 62- дегі әйел келіп жүрді.Ол өзінің өмірін өзгерткісі келді.Мұндай жандарды көргенде қуанамыз.Биыл жас қыздар да қатысуда.Олар от басын құрмай  жатып еркектердің басын айналдырудың жолдарын үйренеді.Осылайша қыздар қателіктерге бой бермей,өзінің  бақытты ғұмыр кешуге  үлестерін қосады»-дейді.

 Айжан Әлімқұлованың пайымдануынша қазақ қыздары еркекпен тілдесіп ішкі жан –дүниесін баурап алудың жолдарын жетік білмейді.Сол себепті тұрмысқа шыққан соң түрлі қиындықтарға тап болады.Ал орталық мамандары ер кісілердің көңілін аулауды ғана емес,оларды сындырудың түрлі әдіс –айласын меңгертеді.Қазір мектеп тер көп.Ал біздің «Гейша» орталғының негізі мақсаты жігіттерді айналдырудың түрлі әдістерін үйрету,алайда оның өзін дұрыс қолдану қажет.Әтпесе ер азмат бұл қылықтарыңызды дұрыс түсінбей,сізден қашып кетуі мүмкін.

Ал Астана қаласы тұрғыны Роза Шаймарданқызы жолдасымен отасқанына елу жылдан асқан бақытты отбасы.Бақытты әже өзінің өмірлік жарын ешқандай айла –тәсілсіз ақ баурап алғанын айтады.Ақыл парасаттылықпен,нәзіктік қазақ қызының басты қаруы.Сондықтан мұндай тәлім –тәрбиесі бар қара көздерге,шет елге еліктеудің  түкке де  керегі жоқ.Ал орталықтардың көздейтіні тек ақша.Олар өз –өзін жоғалтып  алған әйелдердің қалтасын қағып қана қоймай ,санасын да улауда.Ал оның соңы жақсылыққа алып келмейді.Европа,батыстан келген дүние,еркектерді алдап,арбап тәнін ашық-шашып ұстауды үйретеді.Ол өте дұрыс емес -дейді  ардақты ана.

Ал психолог мамандардың пікірі мүлде бөлек.Мұндай орталықтар қыз –келіншектердің өмірін өзгертіп қана қоймай,өзіне сенімді болып сүйікті жарымен баянды ғұмыр кешуге септігін тигізеді -дейді.

Дереккөз  www.1tv.kz.