Әйел қандай болса - ұлт сондай
Бір сұхбатында Мұхар Мағауин «Әйел қандай болса-ұлт сондай» -деген еді.Расында қыз тәрбиесі ,ел тәрбиесінің айнасы іспетті.Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде бойжеткендердің бетсіз қылықтарын жиі байқайтын болдық.
«Ұлы сөзде ұят жоқ» Сөге көрмеңіз.Бір –бірімен тура мағынасында, ауыз жаласып жүрген арулардың суреттерімен,видеолары жаға ұстатуда.Елдің көркі болу керек кей қыздарымыз,ұлытымыздың ұятына сызат түсіріп жүр. Жақында ғана әлеуметтік желіде жарияланған видео әлеуметті дүр сілкіндірд.Қоғамдық мекемеде еш қымсынбастан мұндай бассыздыққа барғандарды, Алматылық бір тұрғын түсіріп алып жүктеген.Ұяттан безген қаракөздеріміз ол жерде бала бар, үлкен бар деп тұрған жоқ.Оған тіпті бедірейе қарап, ода тұрған не бар деген кейіп танытып,ортаңғы саусағын көрсеткен.Сауда орталығындағы бұл жайды көрген желідегі өзге бойжеткендер флешмоб жариялапты.
Берсең болды.Ватцапта 500- теңгеге шешінетін қазақ қыздары да бар.Нәпсінің буы ма,әлде ақшаның жетегі ме,әйтеуір жынның жетегіне еріп жүр.Әлеуметтік желілерді ашып қалсаң,неше түрлі қыз –келіншектер жалаңаштанып төстерін көрсеткен суреттер қаптап кеткен.Оқып отырсаң жалаңаш күйінде жарты сағат билегенін, бес жүз бірлікке бағалайды.Ал тәндерін саудалап,ұятсыз видеоға түскені үшін бес мың мен он бес мың теңге аралығында сұрайды.
Блогер Садық Шерімбектің айтуы бойынша: «Бұл мәселеге біз бұлай қармауымыз керек.Мысалға жасөспірімдер арасында дұрыс емес жағдай орын алып жатса,біздің қазақтар солармен күресудің жолы агрессивті күресумен айналыса бастайды.Яғни солардың барлығына жаман нәрсе жазып не болмаса соның артынан адам жіберіп.Бұлай агрессивті жолмен,террорлық жолмен жеңеміз деп ойлау қате пікір.Практика көрсеткендей ол ешқандай мүмкін емес нәрсе»
Мен де мисспін деп фейсбукті шулатқан тағы бір қыз бар.Ол әлеуметтік желілерде өзінің мынандай суреттерін жүктеп,не үшін салағынын былайша түсіндірген;"Әлем аруына көп қарадым да...мен де қалыспайын деп шештім.Эххх,бір –ақ рет өмір сүреміз ғой"...
«Атың шықпаса жер өрте»психологтар қыздардың мұндай әркеттерін дәл осылай бағалайды.Айбек Сыдықов психолог «Көптеген қыздар табиғатынан әрдайым назарда жүргенін қалайды.Сол үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.Қазір барлығы жеңіл ғой.Қолында ұялы телефон бар болды.Сол арқылы ойына келгенін жасап жүр»
Ерсінбек Арғынбекұлы әлеуметтанушы «Қарны тоқтық,жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деп Абай атамыз айтқан ғой.Жастарымыздың айналысатын іс әрекетінің жоқтығынан,алдарына қойған мақсаттарының айқын болмауынан осындай бір қоғамда жаман әдеттердің қаптап кеткендігі .Адам бос болған сайын түрлі жаман қылықтармен айналысуға бейім келеді.Еліктейді.Анайы қылықтардан лаззат алып тұратындар болады -дейді.
Дереккөз www.1tv.kz.