Қазақтың жері шетелдіктерге бәрібір жалға беріліп сатылып кетпей ме?
Бүкіл жұрттың көкейіндегі осы сауал бүгін Астанда өткен қоғамдық тыңдауда қызу талқыланды.Жанашырлар, мәжіліс бірінші оқылымда ақ мақұлдап жіберген Жер туралы заң жобасына шикі ,тіпті қарапайым халыққа түсініксіз ,жүрегімен жаны жоқ деп баға берді.Екі жыл бұрын митингке шыққан халықтың талабы орындалмаған деді.
Астанадағы Жер туралы заң жобасын қоғамдық талқылауға билік өкілдерімен еліміздің әр аймағындағы белсенділер түгел жиналыпты.Алғашқы баяндаманы жасаған Ауыл шаруашылығы вице министрі құжат төрт сұрақ шеңберінде әзірленгенін айтты.Шенеунік ,заң жобасында Жерді шетелдіктерге жалға беретін бірде –бір норма қарастырылмаған ,құрамында өзге ел азаматтарының үлесі бар компанияларға да телімді беру тиым салынған- деді.
Ауыл шаруашылығы министрі Ерлан Нысанбаев «Егерде қазақ компанияларының құрамында шет елдіктер болып солардың пайыздары ,бір пайыз болсада тиым салып отырмыз»
Алайда бір жылдан бері қызу талқыда жүрген ең шулы құжаттағы нормаларды қарапайым жұрт әлі түсінбеген сынды.Бұған себеп Қазақстан заңдарының адам ұқпайтын тілде жазылуы екен.Саясаттанушы Дос Көшім Жер туралы заңды тіпті Қытайдың иероглифтеріне теңеп, түсіну үшін 5- институтпен,500- заңгер крек деп сынға алды.Құжатта екі жыл бұрын көшеге шыққан халықтың талабы орындалмағандықтан баға бере алмайтынын айтты.Ең болмаса екі ақ нәрсе ғой.Жр ешкімге сатылмайды болды.Тіпті ауыл шаруашылық жері дегенді қосып қойыңдар.Жер ешкімге сатылмайды.Екіншіден ,Жер шетелдік компанияларға берілмейді.Болды.Сөйтіп халыққа көрсетіңдер.Денесі бар, басы жоқ.Жүрегі жоқ,жаны жоқ- деді.
Бұл заңнан ешқандай пайда да,зиянда көріп тұрғаным жоқ.Өйткені бұл заң уақытша ғана.Мына мораторий туралы заң бар ғой,соны күшіне енгізу.Мораторий бұл өзі заң емес ,заңдық күші болмайды.Соның ара жігін ашып берің.Уақытша үш -төрт жылға ,бес жылға деген,бір жылы кетті-деді Рысбек Сәрсенбайұлы қоғамдық белсенді.
Белсенділер болашақта жерімізді әскери мақсаттағы полигонға беруді де тоқтатайық деген ұсыныс тастады.Қоғамдық белсенді Абзал Құспан ; «Әлемдік тәжрибені алып қарайтын болсақ,бірде –бір тәуелсіз мемлекет екінші бір мемлекетке жерін полигонға беріп сынақ жүргізіп қоймайды»-деді ашына.
Жиналғандар мораторий мерзімі біткенен кейін де ,Жердің тағдыры қалай болады деген сұрқты ,қайта –қата қойып отырды.Бірақ билік өкілдері де, осы жиынды ұйымдастырушы белсенді Мұхтар Тайжан да ,Жер шетелдіктерге сатылмақ түгілі ,жалға берілмейді бұған қауіп жоқ дегенді кесіп айтты.
Қоғамдық белсенді Мұхтар Тайжан ; «Бұл жерді ешкім сата алмайды.Шет елге жалға бере алмайды,екі мың жиырма екінші жылға дейін ,әрі қарай не болады ол бізге байланысты» деп сөзін түйіндеді.
Дереккөз31tv