Томск қаласының тұрғыны Дмитрий Баранов Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығында болған өртте бүкіл отбасын жоғалтты. Сол күнгі алапат өртте оның бесінші және бірінші сыныпта оқып жүрген Артем және Арина атты балалары, анасы, әпкесі және жиені қайтыс болды.
Бұл туралы Московский комсомолец хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Мектеп демалысы басталғаннан кейін Дмитрий балаларын ертіп Кемеровоға кеткен. Онда балалардың анасы мен павлодарлық әжесі Марина Баранова да барған.
Сол қайғылы жексенбіде Дмитрий шаруашылықпен айналысатын болып, үйде қалуды жөн көрген. Ал анасы Марина, әпкесі Наталья Устинова және оның қызы Ульяна сауда орталығына барып фильм көруді ұйғарған. Содан кейін олармен бірге Дмитрийдің баласы да аттанған.
Дмитрий отбасы мүшелері кеткен сауда орталығында өрт шыққаны туралы ақпаратты жаңалықтардан білді. Ол бірден туыстарына қоңырау шалған. Бірақ олар телефонға жауап бермеді. Сосын ол әпкесі Натальяның күйеуіне қоңырау шалып, шұғыл келуін өтінгенін естіді. Содан кейін олармен байланыс үзілді.
Әбден зәресі қашқан әке «Зимняя вишня» сауда орталығына аттанып, онда кешкі сағат бесте жеткен. Дегенмен, сауда орталығына кіру мүмкін емес еді. Себебі оның жан-жағына қоршалып, сырттағы адамдарды кіргізбей тұрды.
«Шулаған халық өрт сөндірушілерден бірінші кинотеатрға баруын өтінді. Олар онда адамдардың қалғанын айтты. Өрт сөндірушілердің бәрі ғимараттан сыртқа шығып жатқанда, біз дұғамызды айтып, күтіп тұрдық », – дейді Дмитрий.
Өкінішке орай құтқарушылар кинотеатрға таңғы сағат 4-те ғана кіре алды. Ол кезде өрт басталғаннан кейін 12 сағат өткен болатын.
Сол уақытта адамдар жақындарын іздегендерден ақпарат алып тізім жасаған. Ал дүйсенбі күні мамандар Дмитрийге хабарласып, туыстарының денесін анықтауды сұраған.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қайтыс болғандардың туыстарына ақпарат таратпау туралы келісімге қол қоюға мәжбүрлеген деген қауесет тарады. Оларға бұл келісімнен бас тартқан жағдайда жақындарының мәйіті берілмейді деген қауіп төнген.
Алайда бүкіл отбасын жоғалтқан Дмитрий бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, керісінше жақындарынан айырылғандарға көмектесуге тырысқан.
Дмитрийдің отбасымен қоштасу сәрсенбіде өтеді. Кішкентай Артем мен Арина Томскіде, ал Наталья, Улиана және Марина Кемеровода жерленеді.
Дереккөз: Stan.kz