Бұл табиғат құбылысы 26 сәуірде болған. Әлеуметтік желі қолданушылары фотосуреттермен бөлісті. Гало Күн мен Айдың, кейде көше шамдарының айналасында пайда болады. Бұл құбылыс мұз кристалдарының әсерінен атмосферада жарық сәуленің көрінуінен болады. Мұндай ерекше құбылысты бұған дейін Алматы тұрғындары да көрген. Алматы тұрғындары оптикалық ерекше құбылысқа 5 наурыз күні куә болған.
 
Дереккөз: Baq.kz