Түркістан облысында жантүршіктірерлік жол апаты орын алды. Шымкент-Ташкент тас жолының Қазығұрт асуы маңында шағын автобус пен Мазда жеңіл көлігі соқтығысқан. Салдарынан 3 адам көз жұмып, тағы 9-ы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.  
Сарыағаш ауданынан шыққан «Сан Йонг Истана» шағын автобусының іші жолаушыларға толы болған екен.

 
Шымкенттен 20 шақырымдай жерде оған 4 адамы бар жеңіл Мазда автокөлігімен соқтығысып, жол шетіндегі сайға домалап кеткен. Осының салдарынан, екі адам бірден мерт болса тағы біреуі ауруханаға барар жолда көз жұмды. Жолаушылардың бірнешеуі Өзбекстан азаматы екені белгілі болып отыр. Жол апатына нақты не себеп екенін қазір полицейлер анықтап жатыр. 

 
 
Бек Әбиев 
 ktk.kz