Тележүргізуші эфир кезінде Денис Теннің қазасы жайлы айтам деп көз жасына ерік берді.
“Атамекен” бизнес арнасының жүргізушісі Денистің қазасын хабарлау барысында көз жасына ерік берді. Ол сөзін аяқтай алмай, эфирде аздаған кідіріс болды. Әрі қарай кадр сыртындағы мәтінді оқыды. Алайда даусы дірілдеп, толқи отыра оқыды. Эфирден Денисті еске алуға келген тұрғындар жайлы сюжет берілді.
Желі қолданушылары бұл жайтқа түсіністікпен қарады.
“Түсінеміз, бәрімізге де ауыр, қайырлы болсын”, “Қазақ елі үшін ортақ қайғы, бәріміздің жүрегіміз ауырды”, “Денистен айырылғанымыз өкінішті, қазаны хабарлау да оңай емес”, – деп жазады желідегілер.