Мемлекеттік мәгәзіндерде халық ұн алу үшін бірнеше күндік кезекте тұр. Оны базардан да алуға болар еді, бірақ базардағы бағалар удай.

400 мыңдай халық тұратын Туркменабад қаласында халық үстіндегі ескі киімдерін жерге жайып қойып сатып отыр. Жырақтағы аудандардан келетіндер жаңа киімді қымбатсынып, осы жерден киінеді екен. Арзанға көйлек, тәпішке тапқанына мәз.

Қалалық жерлердің өзінде жұмыс жоқ, алыстағы ауылдар туралы не айтасыз?

Әйелдер мен қыздар байшыкештердің күңі болды, көлігі жоқ, таксовайт ете алмайтын еркектер көрінген жұмысқа жегілетін құл болған.

Туркменабадтағы дүкен атаулы ұзын-сонар кезектерден көз ашпай тұрАдам басына 5 келіден артық ұн сатпайтын күйге жетті, деп жазады АНТ.

Ең сорақысы, «биыл рекордтық астық жинадық», деп жар салынған ел ұн тапшылығына тап болуда. Бейшара халық бәрін биліктен көреді: «дүкендерге ұн үлкен мөлшерде келеді дебазарға тасылады: нәтижесінде базарда үш есе қымбат бағамен ұн толып тұр, дүкенде лимит енгізілген. Сұйық майдың да жайы осындай», — дейді жергілікті тұрғындар.


 

Полицейлер аңдып тұрады

Азық-түлік алуға халық тұрған кезектерді полицейлер бақылайды екен. Олар кезекте тұрып қаны қайнағаннан билікке тіл тигізетін, соткасына видео түсіретін «сатқындарды» аңдиды.

Ашхабад та оңып тұрған жоқ

Ия, ел астанасында да сол жағдай деседі. Бір қолға екі нанан артық сатпайдыБір наныңыз 1 манат (106 теңге). Коммерциялық дүкендерде тура осы нан 5-6 манаттан сатылады (республикада ең төменгі пенсия 279 манат, ең төменгі жалақы – 715).

Бірақ ресми баспасөзге сенсеңіз, елде бәрі керемет — азық-түлік жеткіліктіТүркіменбашы Гурбангулы Бердымухамедов телевизордан солай ғана сөйлейді.

  • Мақалада АНТ агенттігі мен «Хроники Туркменистана» сайтының ақпараты пайдаланылған.
  • kaz.365info.kz