Қазіргі уақытта төтенше оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр
Қазіргі уақытта Арыста әскери бөлім қоймасындағы жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі- деп жазады Sputniknews.kz
"24 маусымда Түркістан облысы Арыс елді мекені маңында орналасқан ҚР Қарулы күштері арсеналдарының бірінде өрт шығып, артынша оқ-дәрі бөлшектерінің бірнеше жарылысы болды. Әзірге төтенше оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Министрліктің басшылығы оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберді. Қарулы күштердің жеке құрамы жарылыс салдарын азайту және жою бойынша қажетті шаралар ұйымдастырды.
Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта тұрғындарды Шымкентке көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шықты.
+7 (7252) 44 94 72 нөміріне хабарласып, барлық ақпаратты білуге болады