Деректер бойынша, қыз Бейбарыс ауылында, жігіт Талдыкөл ауылында тұрған.


Атырау облысындағы Бейбарыс ауылында 12 тамыз күні асылып қалған қыз бен жігіттің денесі табылды. Расталмаған деректерге сәйкес, қайтыс болған жігіт - 20 жаста, ал қыз - 18 жаста болған.

Марқұмдарды үйдің ауласындағы душтан тауып алғаны айтылуда. Басылымның мәліметінше, қыз Бейбарыс ауылында, жігіт Талдыкөл ауылында тұрған. Екі жас бұрыннан таныс екені хабарланды, алайда олардың ара-қатынастары жақын болған-болмағаны белгісіз, деп жазады :Sn.kz/

Одан бөлек, бойжеткен қыз биыл медициналық колледжге түскен. Аталған дерек бойынша тергеу басталды.