Нұр-Сұлтанда колледж студентін зорламақ болған күдікті ұсталды.
5 қыркүйек күні полиция бөлімшесіне белгісіз ер адам 17 жасар қызды зорламақ болғаны туралы хабарлама түскен. Студент қыз сағат 09.45-те інісін мектептен алуға барған. Мектептің жанында оған қарай алкогольдік ішімдік ішкен ер адам келген.
Ол қыздың бетінен ұрып, ағаштар жаққа қарай сүйрей бастаған. Жан-жағындағылардан айғайлап көмек сұрап үлгерген студент, әлгі адамнан қашып құтылыпты.
«Келіп түскен хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел оқиға орнына жетті. Іздестіру кезінде 42 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Жәбірленуші де сол адам екенін айтып берді. Қазіргі уақытта сотқа дейін тексеру жұмыстары жүргізілуде», – дейді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.
Дереккөз : ktk.kz