Алматыда "Hyundai" жүргізушісі ірі жол көлік апатын ұйымдастырды.

Рысқұлов даңғылында орын алған апаттан бес көлік құралы қираған. Куәгерлердің айтуынша, "Hyundai" жүргізушісі өз бағытымен келе жатқан "Toyota-мен" соқтығысқан.

Содан кейін ол қарсы жолаққа шығып, "Toyota Highlander" мен "Toyota Carina-ға" соқтығысқан. Соңғы машина соққыдан жүк көлігіне барып соғылған. "Hyundai" жүргізушісінің айтуынша, есінен танып, болған апаттан ештеңе есінде жоқ. Оқиға салдарынан "Toyota Carina" жүргізушісі мен "Toyota Highlander-де" отырған бала және "Hyundai" көлігінің екі жолаушысы жарақат алды.

 ktk.kz