Атырау облысында полиция қызметкері автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 13 қазанда таңғы сағат 5-тің шамасында Исатай ауданы Зинеден аулындағы жолда болған.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкері жұмыстан тыс уақытта Audi А6 маркалы көлігін басқарып, адам қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Жол апаты салдарынан 25 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.  Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.  Қазіргі уақытта жүргізушіні қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қаралып жатыр.   

ktk.kz