Алматы облысында азаматтық некедегі күйеуін оқтаумен ұрып өлтірді деген күдікпен 55 жастағы әйел ұсталды.
Оқиға Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылында болған. Сарыөзек ауылының тұрғыны полицияға хабарласып, күйеуінің жан тапсырғанын айтқан.
Оқиға орнына жеткен полицейлер 1952 жылы туған еркектің денесінде көгерген-ісінген қанды жарақаттар барын анықтады. Оқиға орнынан қылмыс құралы болуы мүмкін деп танылған оқтау табылды. Әйелді полиция бқлімшесіне жеткізіп, ол сол жерде түсінік берген. Ол отбасылық жанжал кезінде ішімдік ішіп, масайып алған күйеуін қолмен және оқтаумен сабағанын айтты. Әйелге қатысты ҚР ҚК 99 (Кісі өлтіру) бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны қамауға алған. Іске қатысты қажетті сараптама жүргізілуде.
ktk.kz