Қарағанды мен Таразда лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен 5 адам ұсталды.
Деструктивті діни ағымның бес ізбасары қамауға алынды, деп хабарлайды  ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. "2020 жылы 27 қаңтарда .
 
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды ​​мен Таразда лаңкестік күдігімен деструктивті діни ағымның бес ізбасарын ұстады, олар сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.
 
Олардың бәрі бұрын ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотты болғандар", - деп атап өтті департаменттегілер. Бұл адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстінің 257-бабы, яғни "Террористік топты құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу", сондай-ақ 256-бап, яғни "Терроризмді насихаттау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу болжамы бойынша, топ Қазақстан аумағында, соның ішінде адамдар көп жиналатын жерлерде террористік акт жасау мақсатында құрылған. Тергеу жалғасады.
 
 
Дереккөз : ktk.kz