Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында түз тағыларының малға шабу жиіледі.
Осы орайда аудан әкімдігі мен ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қасқыр санын реттеу мақсатында бірқатар шараларды қолға алған. Соңғы күндері Ұлан ауданы, Жоғарғы Тайынты ауылында қасқырлар малға тиіп, елдің үрейін қашырған. Бүгін ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында осыған байланысты қандай шаралар атқарылып жатқаны сөз етілді, деп жазады ҚазАқпарат.

«17 ақпан күні тікұшақтан арнайы барлау жүргізіліп, Ұлан ауданы Алғабас ауылы маңында - 6, Жоғарғы Тайынты ауылының аумағында - төрт қасқыр атылды. Алдағы уақытта бұл мақсаттағы жұмыстар жалғасын таппақ. Жалпы биыл облыс бойынша 510 қасқыр атуға рұқсат берілген. Бұл өткен жылғыдан 100 қасқырға көп», – дейді басқарма басшысы Мұрат Құсайынов.