Қарағандыда ерекше акция өтті.
 
Полицейлер мен кинологтар қызметтік иттермен бірге қала көшелерінде қыздарды мерекесімен құттықтады. Қарағандыда 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қарағанды облысы полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлерімен бірлесіп қала көшелерінде «Сэра» деп аталатын қызметтік-іздестіру иттерін жұмылдырып, ерекше құттықтау акциясын өткізді. Іс-шара барысында «Сэра» өтіп бара жатқан қыздарға және әйелдерге гүл сыйлады. 
 
«Осындай кішкентай шараны өткізуге шешім қабылдадық - қаламыздың қыздарын, ойжеткендерін және әйелдерін осы көктем мерекесімен құттықтадық. Осы мақсатта біз есірткіге қарсы күресуге көмектесетін төрт аяқты достарымызды жұмылдырдық. Осылайша, мерекеге қуанышты ерекше бір сипат ергіміз келді», - дейді Қарағанды облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкері Кирилл Корниенко.
 
Дереккөз : ktk.kz