Ақтөбе облысында белгісіз зат жарылды: екі әйел жансақтау бөлімінде жатыр Үйде болған адамдар жарақат алды.
Олар ауруханаға жеткізілді.
Ақтөбе облысы Ақжар ауылындағы жер үйлердің бірінде жарылыс болды. Салдарынан үйдің бір бөлігі құлап, жеті адам жарақат алды, оның үшеуі балалар.
Қайғылы оқиға 11 сәуірде сағат 16.00 шамасында Хромтау ауданы, Ақжар ауылында болған. Бұл туралы mgorod.kz. Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
"Олардың барлығы күйік алған. Жарылған газ емес. Ақ зат. Біреу оны үйге алып келген, зардап шеккендер ештеңе айтпайды. Екі әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Қалғандары, оның ішінде балалар да бар, күйікпен палатада жатыр", - деп хабарлады Хромтау аудандық ауруханасындағылар. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.