Шығыс Қазақстан облысында той өткізуге рұқсат берілгендігі туралы ақпарат жалған- деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңір аумағында той өткізуге рұқсат берілгендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды. "Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстанда адам көп жиналатын салтанатты шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой) өткізуге болатындығы жайлы ақпарат тарап кетті. Бұл шындыққа жанаспайды. Аймақ бойынша тек Ashyq жобасына қатысатын банкет залдарына тек еске алу шараларын өткізуге рұқсат берілген" , - делінген хабарламада.