Қызылорда облысында отбасылық демалысқа барған әйел көлге суға батып кетті.
Оқиға Сырдария ауданына қарасты Қоғалыкөл ауылында болған. Елді мекен жанындағы Ызакөл аумағына 50 жастағы әйел отбасылық демалысқа барған.
«Бұл жөніндегі хабарлама № 12 өрт сөндіру бөлімінің байланыс нөміріне түсті. Онда көлге суға шомылмақ болған әйел көлге батып кетіп, көз жұмғаны айтылған. Оның денесін тұрғындар шығарып алған», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.
Дереккөз: ҚазАқпарат