Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына орай вакцина алмаған студенттер жатақханаларға орналастырылмайды.
18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып сауыққан және вакцина алған студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі.
Сонымен қатар, қаулыда білім ошақтарының бәрінде тамақтану процесі асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып ұйымдастырылуы керектігі айтылған. Ал жаңа оқу жылы басталған кезде вакцинаның толық компонентін алып үлгермеген студенттер вакцинацияны оқу орны орналасқан аумақтағы медициналық ұйымдарда аяқтайды.
Шетелдік студенттер Қазақстан аумағына оқуға тұрғылықты елдің уәкілетті органы растаған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы болған жағдайда ғана жіберіледі. Аталмыш құжатта мектептердің бәрінде жаңа оқу жылы штаттық режимде басталатыны да айтылған. «2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін», - деп жазылған қаулыда.
Ақпараттық дереккөз: ktk.kz