Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында күздегі эпидахуалдың үш сценарийдегі ықтимал болжамын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап el24.kz.
Министрдің айтуынша, пессимистік сценарий кезінде қыркүйекте коронавирус жұқтырғандардың орташа саны тәулігіне 6300 адамға, қазан айында 2 400 адамға дейін жетеді.
Министр соңғы екі аптада коронавируспен ауыру көрсеткіші 10%-ке төмендегенін атап өтті.
Айтуынша, індетке шалдыққандардың дені – вакцина алмағандар. Науқастардың арасында екпе алғандар саны небәрі 2%-ті құрап отыр.
Сондай-ақ, Цой коронавирустан Қазақстанның әлемдік рейтингтегі көрсеткіші туралы айтты.
"Әлемдік рейтингте бір миллион халыққа ауру жұқтыру және өлім жағдайы көрсеткіші бойынша Қазақстан 222 елдің ішінде 101 орында тұр", - деді министр.