Ақтөбеде мұнай компанияларының бірінде жұмыс істейтін келіншек өтірік жүкті болып, төлемақы алып келген.
Ақтөбеде мұнай компаниясында жұмыс істейтін келіншек жалған құжат жасату арқылы өзінің жүкті екенін айтып жұмыс берушісін алдаған.
Ол осы арқылы жеңілірек жұмысқа ауысып, кейін декретке шығып, компаниядан 900 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлем алыпты. Алматы ауданы прокуроры Жасұлан Дәулембековтің айтуынша, қазір келіншектің үстінен тергеу жұмыстары басталған. Ол жалған құжат жасаған медицина қызметкерлері де жауапқа тартылатынын айтады.
Дереккөз: Stan.kz