Ақтау қаласының тұрғыны салонда маникюр жасатып, тырнақтарынан айырылып қалды .Бұл туралы №2 қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс материалында белгілі болғанындай маникюр жасаушы мастер телефонға алаңдап , клиентінің қолын жарақаттап алған.Екі аптадан соң клиенттің екі саусағы қабыршақтанып,ісініп іріңдей бастайды. Дәрігерге қаралмай, өз -өзіне ем қабылдап бастайды.
Тағы бірнеше аптадан соң басқа да саусақтарының осылай болып жатқанын көріп дәрігерге қаралуға мәжбүр болған. Дәрігерлер «тырнақтың саңырауқұлақ инфекциясы »деп диагноз қойған.
Жәбірленуші клиент содан соң салонға барып шығындарын өтеп беруді айтқан.Бірақ салондағылар шыққан шығынды өтеп бергісі келмегендіктен сотқа арыз түсруге мәжбүр болған.
Сот отырысында екі тарап ымыраға келіп , салон клиентің 75- мың теңге шыққан шығынын төлеуге келісімін берген.
Медиативтік келісім бойынша жауапкер 2021 жылдың 18 қазанынан , 18 желтоқсанына дейін талапкерге 75 000 теңгеден 25 000 теңгеге дейін төлеуге міндеттенеді", - деп қорытындылады сотта.