Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Қазақстанның бірнеше облысындағы ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлері ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметі.


"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ШҚО бойынша АШБ басшысы В.Айламазян, Жамбыл облысы АШБ басшысының орынбасары Е.Күлкеев және Маңғыстау облысы АШБ басшысының орынбасары Б.Ізімтаевты ұстады", - делінген хабарламада. Ведомство өкілі ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын айтты.