Қаңтар оқиғалары кезінде үш мыңнан астам қару ұрланды.
Оның тек мыңға жуығы табылды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығы орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді. "Жалпы алғанда, 3 мыңнан астам қару ұрланған.
Осының тек үштен бірі немесе 967 бірлігі ғана табылды. Ал 2 мыңнан астам, соның ішінде гранаталар, пулеметтер, мылтықтар, тапаншалар, гранатомет әлі де қылмыскерлердің қолында", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Атап айқанда, Алматы облысында полиция департаменті ғимаратынан 53 автомат, 367 тапанша, 1 гранатомет, сондай-ақ 23 мыңнан астам оқ-дәрі ұрланған.
Жамбыл облысында 209 автомат, 134 тапанша, 11 гранатомет, 1 пулемет және 40 мыңға жуық патрон қолды болды. Алматы резиденциясындағы бүліктен кейін 131 қару мен оқ-дәрілердің жетіспеушілігі анықталды. Соның ішінде 80 граната, 17 тапанша, 11 автомат, 21 гранатомет және снайпер мылтығы бар. Сондай-ақ 10 аңшылық дүкен тоналды. Ол жерден 1 629 мылтық ұрланды, деп толықтырды Қилымжанов.
Дереккөз : КТК телеарнасы