ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадағы Қазақстан азаматтарын елге қайтаруды ұйымдастыру процесіне қатысты соңғы мәлеметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта 528 эвакуациялау туралы 528 өтініш келіп түсті. Украинадан Польша арқылы 26 ақпан немесе 27 ақпанда алғашқы репатриациялық рейс жоспарланып отыр. Алдағы уақытта тағы да рейстер ұйымдастырылады. Қазір отандастарымыз 7 сағат бойы шекара кезегінде тұр. Себебі елден шыққысы келетіндер көп. Отандастарымызды сабырға шақырамыз. Біз қолдан келгеннің бәрін қарастырып жатырмыз», - деді А. Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазір қазақстандықтарды елге жеткізу үшін Украина шекарасында 3 автобус тұр. Алғашқы автобуста 49 адам, екінші автобуста 46 адам және тағы бір автобуста 79 адам бар.
Бұған дейін ҚР СІМ Украинадағы отандастарымыздың Польша шекарасына қарай жолға шыққаны туралы хабарлаған еді.