«Аэрофлот» әуе компаниясының ақпараты бойынша, ұшуды орындауға кедергі келтіретін қосымша жағдайлардың туындауына байланысты «Аэрофлот» әуе компаниясы барлық халықаралық рейстерді 2022 жылғы 8 наурыз Мәскеу уақыты бойынша сағат 00:00-ден бастап уақытша тоқтатады, деп жазады ҚазАқпарат.


«Тоқтатылған рейстердің жолаушылары авиабилетті сатып алу орны бойынша билеттің құнын толық қайтаруды ресімдей алады. Пайдаланылмаған тасымалдау үшін қайтаруды ағымдағы жылдың соңына дейін кез келген уақытта жүргізуге немесе маршрутты сақтай отырып, оны ағымдағы жылдың соңына дейін айыппұлсыз басқа күндерге қайта ресімдеуге болады.

Жолаушыларға әуе компанияның ақпараттық хабарламаларын және брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері бойынша жеке ақпаратты қадағалау ұсынылады. Толық ақпарат әуекомпанияның сайтында орналастырылған», - делінген компанияның Telegram каналында.