"Бір адам оқ жарақатын алған": Алматы облысында шамамен 30 жігіттің қатысуымен жанжал болды.
Алматы облысының полиция департаменті соңы атыспен аяқталған жас жігіттер арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Ведомствоның хабарлауынша, бұл факті 7 наурызда Қарасай ауданында тіркелген.
Полицияға Шамалған ауылы маңында ауыл тұрғындарының құралған топтың (шамамен 30 шақты адам) арасында түсініспеушілік туындағанын, қару дауысы естіліп жатқаны туралы ақпарат түскен.
"Оқиға орнынан оқ жарақатын алған 30 жастағы ер адам табылды. Ол дереу ауруханаға жеткізілді.
Әртүрлі калибрлі қарулардың патрондары мен гильзалар, сондай-ақ, екі Lexus және "ВАЗ" автокөлігі табылды. Алдын ала анықталғандай, жанжалға екі ауылдық округтің тұрғындары, яғни 25-30 жас аралығындағы ауыл жастары қатысқан", - дейді Алматы облысының полиция департаментінен.
Қазір тәртіп сақшылары жанжалға не себеп болғанын анықтап жатыр. "Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша (Бұзақылық) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бұл жайтқа қатысушылардың бәрін ұстап, полицияға жеткізуге бағытталған іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Жағдай бақылауда", - деп қосты ведомстводан.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жезқазғанда екі топқа бөлініп, жаппай төбелескен жігіттер видеоға түсіп қалған болатын. Қарағанды облысының полиция департаментінің мәліметінше, бұл жайттан кейін Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғаған.